Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / pOLITOLOGIYa.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
36.92 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта айтқанда, көптеген мәліметтер бойынша «мәдени революция» барысында жапа шеккендер саны 100млн-ға жуықтады. Бұл туралы ең алғашқы мәлімет «Жэньминь Жибао» газетінде жарияланған болатын. Ж.Л.Марголеннің жазуы бойынша  миллионға жуық адам қаза болды, оның ішінде бір ғана Гуаньси провинциясында 67 мың адам, Гуандунда 40 мың адам   шығыны  орын  алды. Қытай тарихшылары елдегі орын алған жағдайды былай деп сипаттайды: «Қытай хаос пен террор үстемдік құрған мемлекетке айналды. Партиялық және үкіметтік органдардың жұмыстары барлық деңгейде тежелді. Басқарушы мамандар, білімді және тәжірибелі интеллигенттер қуғынға ұшырады».  Мао Цзедун өмірден  өткеннен  кейін  «Мәдени революция» барысында түрлі себептермен сыналған және репрессияға адамдар ұзаққа созылған саяси  күрес нәтижесінде Дэн Сяопиннің басшылығымен билік басына келді. Жаңа басшылық «Мао Цзедунның идеялары» мен марсизм-ленинизмге ритуалды адалдықты сақтай отырып, бай және қуатты Қытай елін құру патриоттық идеясын алға тұтты. Жалпы алғанда, орын алған терең саяси үзілістер жаңа экономикалық саясатты жүргізуге алғышарт болды деп айтуға болады.

Кезінде дүниежүзілік саясаттағы ең маңызды тұлғалардың бірі болып есептелген ол, Мао қазір де, қайтыс болғанынан кейін отыз жылдан астам уақыт өтсе де талас-тартыстар туғызатын тұлға. Қытайдың өзінде ол қазірге дейін ұлы төңкерісші, Қытай Азамат соғысында Чияң Кайшиді жеңген дарынды қолбасшы және жүргізген саясаты арқылы Қытайды қуатты мемлекеттер қатарына қосқан кемеңгер саясатшы ретінде құрметтеледі. Сонымен бірге Қытайдың өзіндегі және шетелдегі сыншылар Маоның әлеуметтік-саяси жоспарларының кейбіреулерінің, мысалы Үлкен секіріс және Мәдени төңкеріс сияқтылардың Қытайдың мәдениеті, экономикасы, сыртқы қарым-қатынастарына келтірген зияны үшін және бейбітшілік кездің өзінде миллиондаған адам шығынына алып келгені үшін айыптайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз //Алматы: Жеті жарғы, - 100 бет.

  2. Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсідігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 2001.

  3.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi. 2003 ж. 25 қыркүйектегі №484 Кодексі. //Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 2003 ж. - № 15-16, 211 – құжат

  4.  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.

  5.  Біріккен Ұлттар Ұйымының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Нью-Йорк, 2003ж. 31 қазандағы Конвенциясы. 

  6.  «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002ж. 4 шілдедегі №336 Заңы. //Егемен Қазақстан. – 2002ж. 12 шілдедегі. - №158 - 159.

  7. 2001 ж. 30 қаңтардағы №155 Кодексі. //Егемен Қазақстан. 

12

Соседние файлы в папке 2102172