
Жоспар:
I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Кәсіпорын туралы жалпы мағлұматтар
1.2 Қазандық қондырғылардың техникалық сипаттамалары
1.3. Қазандық қондырғылардың күлдік жүйесі
1.4 Жабдықтар құрылысы мен техникалық сипаттамасы
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Салқын мерзім кезінде адамның өмір тіршілігі және жұмыс атқаруы жайлы болуы үшін ғимарат бөлмелерінде оптималды температуралық жағдайды қамтамасыз ету қажет, бұл жағдай жылыту жүйесі арқылы қарастырылады.
Жалпы қазіргі таңда энергия үнемдеу технологияларын қолдану – қоршаған ортаға кері әсер тигізуді азайтудың және энергия қолдану эффективтілігін арттырудың ең оңтайлы әдісі болып табылады. Қазандықтарды көптеп қолдану қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан еліміздегі энергетикалық бағдарлама бойынша кішігірім станциялардың орнына үлкен станциялар салынуда, мұның өзі отынды тиімді пайдалануға және отынды аз мөлшерде өндіруге әсерін тигізеді.
Жылыту жүйесі салқын мерзімде жұмыс атқарады. Қазақстанда жылыту мерзімі 15-ші қазаннан 15-ші сәуірге дейін қосылады. Жылыту жүйесін жобалауда сыртқы ауаның есепті температурасы ретінде «ҚНжЕ 2.04-2001 құрылыстық климотология» бойынша ең салқын 5 күндік қабылданады
1. Кәсіпорын туралы жалпы мағлұматтар
Жылу электр орталығы Алматы облысы Өтеген Батыр кентінде орналасқан. "Алматы электр станциялары" АҚ құрамына кіреді. KEGOC мәліметтері бойынша ЖЭО-3 нақты қуаты 2012 жылдың соңында — 173 МВт құрады.
ЖЭО бірінші кезектегі құрылысының жобасы (100 МВт) 1957 жылы 9 желтоқсан күні Алматы Совнархозының шешімімен бекітілген. Станцияның құрылысы 1959 жылы басталды. Бірінші энергоблок 1962 жылдың наурызында пайдалануға беріліп, 1965 жылы жобалық қуаты — 200 МВт қол жеткізілді. 1967 жылы № 6 қазандық қондырғысын жұмысқа енгізумен станциясының құрылысы негізінен аяқталды.
Жылыжай комбинатын жылумен қамту мақсатында және Өтеген батыр кентінің кеңеюінен, жылу тұтыну жоғарылағандықтан 1973 жылы №3 турбинадан жылуға іріктеу(отбор) алу арқылы қайта құру ұйымдастырылды. 1976 жылы - № 2 турбинасында, 1985 жылы - № 1 турбинада қайта құру жұмыстары жүргізілді. Соның әсерінен станцияның жиынтық қуаты 173 МВт дейін төмендеді.
2007 жылдың 15 ақпанынан ЖЭО - 3 "Алматы электр станциялары" АҚ құрамына кіреді.
ЖЭО-3 құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:
алты энергетикалық қазан қондырғылары БКЗ-160-100;
үш бу турбинасы Т-41-90 типті;
бір бу турбинасы К-50-90 типті.
Бкз - 160 - 100ф қазандық қондырғысы №1-6
БКЗ-160-100Ф қазаны Барнауыл қазандық зауытынан шығады , барабан типті, шаңды көмірлі жағатын және құрғақ қож жоюы бар. Есепті бу өнімділігі 160 т/сағ, ал қысымы 9,8 Мпа және аса қызған бу температурасы 540 оС.Бу бойынша жылу өнімділігі Qк.а= 119,5 МВт (97,8 Гкал/ч), оттықтардың жылу қуаты Nт=124,4 МВт (107,0 Гкал/сағ). Қазандық Кузнецк және Қарағанды кен орындарынан шығатын тас көмірді жағуға есептелінген. Ал конвективной шахтаны қайта құрудан кейін(реконструкция) Екібастұз кен орнының тас көмірін жағуға қайта есептелінді.
Көмірдің сипатттамасы:
|
Белгі |
Қарағанды |
Кузнецк |
Екібастұз |
Төменгі жану жылуы |
Qнр |
4700 ккал/кг |
5990 ккал/кг |
4080 ккал/кг |
Күлділік |
Ар |
32,5 % |
15,5% |
35,8% |
Ылғалдылық |
Wр |
8,0% |
9,0% |
8,0% |
Күкірт |
Sр |
1,4% |
0,5% |
0,9% |
Ұшпа заттар |
Vг |
24% |
29% |
16,4% |
Қазандық П-тәріздес профильді тік бұрышты призмалық пеші (топка) бар. Жағу камерасының көлемі 790 м3 жоспардағы өлшемі 6565 х 7168 м2. Жану камерасының екі жақ тарапында төрт блок тік ағынды саңылаулары бар оттықтар орналасқан (бір блокта екі оттықтан). Бағыты бойынша диаметрі бір метр болатын шеңберге жанама бағытталған. Әрбір оттықта бір арна ауа қоспасы және екіншілік ауа үшін екі арна бар. Олар ауа қоспасы арнасының жоғарғы және төменгі жағында орналасқан. Жоғарғы және төменгі оттықтар аралық қабырғамен бөлінген және олардың ортасында мазут форсункасы орналасқан. Тозаңды көмірлі сегіз оттықтың әрбірінің отын бойынша өнімділігі - 4 т/сағ. Оттықтар арқылы өтетін екіншілік ауа шығыны V2 = 22000 нм3/сағ мәнін құрайды, ал біріншілік артықтық ауа еселеуішінің мәні 2= 0,38 мәніне тең болады. Екіншілік ауаны қыздыру температурасын t2=360 оС тең. Көмір тозаңы ыстық ауа арқылымен араласып оттықтарға беріледі, ауа қоспасының температурасы t1=70-130 оС құрайды. Бір оттыққа тозаңды тасымалдауға кететін ауа шығыны V1 = 4850 нм3 /сағ құрайды. Біріншілік артықтық ауа еселеуіші 1= 0,38. Біріншілік ауа мен екіншілік ауа қазғалысының жылдамдықтарының арақатынасы w2/w1= 1,64. Ал оттықтардағы артықтық ауа еселеуіші г= 2 + 1= 0,68.