Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
235.52 Кб
Скачать

Мүсылман әлемінің философиясы

Мүсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи-философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, фи-лософиялық дәстүрлерді онан әрі жалғастырған. Егер ортаға-сырлық Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияланды-ру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үдерісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII—X ғасырлар-да философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астро-номия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Ар-найы білім салаларының дамуына әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т.б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл-Бируни Жердің өз осінен айна-лып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай-ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идея-ларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет гео-метриямен байланыстырды.

Мүсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шыгыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылы-ми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдық-тарды, прогресшіл рационалистік философия мен ғылыми шы-

ғармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазға-нымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.

Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашыл-дық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, тағы басқалармен қатар әл-Хо-резми, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди, Габари, әл-Газена, әл-Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есімдерімен та-нысты.

Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қата-рына әл-Кинди және әл-Фараби жатады. Әл-Киндиді ортаға-сырлық дәуірде «арабтардың философы» деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі әл-Киңци мұсылман әлемінің көпте-ген философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн Исхақ өл-Кинди (800—£79) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз ғана бөлігі жетгі. Логикалық-гаосеологиялық мәселелерге арналған жұмыстары-мен қатар, мынадай трактаты белгілі: «Аристотель кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің шарты, бастапқы философия туралы бес мәнділік жайында кітап, пайда болу және жойылу себептерін түсіндіру туралы трактаттар». Әл-Кинди жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастары мен ізбасарларының жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар мен үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі X—XI ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл-Киңци мынадай мәселелерге зор көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл-ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды клас-сификациялау. Өзінің шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Қүдай түпнегіз, барлық нәр-сенің абсолютгік бастауы реіінде; 2. Құдай мақсатты себеп реіінде; 3. Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәң-гілік ретінде. Философтың пікірінше, Құдай материяны, форма-ны, қозғалысты, кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда бол-ған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен ол өзін-өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбы-

лыстардың себептік байланысын, олардьщ мәнін үға алады. Адам-ның әлемді танудағы ақыл рөлін анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы идея-ны айтады. Әл-Киңди ақыл ойдың мынадай төрт түрін ерек-шелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.

Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фара-би X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насьф Мүхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-ат-Турки 870 жылы Сырдария бойывдағы Фараб қаласында түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясат-ты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фа-раби Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Арис-тотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Аналитика. Софис-тика. Поэтика» сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшілігі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылы-ми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбы-лыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық (ізгілік) бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық түрғыда негіздеді. Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат» еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғам мен мемле-кет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер хали-фатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. Әл-Фарабидің көптеген философия-лық идеялары батысеуропалық философия идеялары мен кон-цепцияларының қалыптасуына, дамуына, әсіресе Б.Спиноза-ның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлемінің көптеген ойшылдарының, мысалы, ибн Сина, Ж.Бадасағұн және тағы бас-қаларының философиялық көзқарастарына да әсер етті.

Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқара-дан шыққан энциклопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл-Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі жалғастырды: эма-нация идеясы, ақыл-ой туралы идея және т.б. Шығыста ибн

Синаны аш-Шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх -рухани ұстаз, ал ар Раис — басшы дегенді білдіреді), ал Батыста атақты «Медицина ғылымы канондарының авторы» Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн Синаның философиялық көзқа-растарына әл-Фараби үлкен ықпалын тигізді. Ибн Сина надан-дыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшін күрескен жан-жақты ғалым адам болды. Әр түрлі білім салаларындағы қажыр-лы еңбегі және орасан зор шығармашылық әдеби, ғылыми-фи-лософиялық мүрасына орай ибн Синаны энциклопедист ғұла-ма деп орынды атайды. Ғалымдардың мәліметі бойынша ибн Сина 450-ден аса еңбек жазған, онан біздің заманымызға дейін 240-ы жетті. Ибн Синаның тірі кезінде-ақ өзінің философия-лық идеяларын баяндаған «Шығыс философиясы» және 20 том-нан тұратын «Әділеттілік» деп аталатын философиялық эн-циклопедиясы жоғалып кеткен болатын.

Шығыста да, Батыста да ең танымал оның «Медицина ка-нондары» деп аталатын капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика мәселелері қарастырыл-ған. Өзінің философиялық жүйесін ибн Сина платондық ілімнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесіндегі ғылымдар классификациясы өз ерекшелігімен қызықтырады. Әбу Әли философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге үмтылса, практикалық филосо-фия — игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың барлы-ғын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымға жатады. Логика - бұл әлемді тану құралы, ол барлық ғылымдарға тәсіл береді. Барлық ғылымдардың шыңы метафи-зика деп санады (метафизиканы ол бірде философия, бірде тео-логия деп түсінді). Жильсонның пікірінше теологияның стату-сы туралы авиценналық шешім ізгі хабарға жол ашады, бірақ әрбір қүндылық туралы мөселеге толық жауап жоқ.

Газалидің айтуынша ибн Сина «философиялаушы мұсыл-ман» ретінде өзінің пайымдауларында кейде дінсіздікке жақын жағдайларға дейін барады. Шындығында, ибн Сина өз жауапта-рында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл-ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге негізделеді. Өзінің батыл және ерек-ше дара идеялары үшін ибн Сина үнемі қуғынға үшырап отыр-

ды. Ибн Синаның философиялық позициясы кезіндегі әл-Фарабидің философиялық ізденістерінен өз бастауын алатын шығыс перипатетизм бағытын онан әрі дамытқан заңды жалга-сы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теоло-гияның ара жігін ажыратқан, олардың статусы туралы идеясын онан әрі ибн-Рушд өзінің қосарланған ақиқат туралы теория-сында жалғастырды.

Орталық Азиялық әлемнің келесі бір інжу-маржаны — Ба-ласағүн қаласынан шыққан түрік, «Қүтадғу білік» («Құтты білім») деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсіп Бала-сағұн (XI ғасыр). Өлең түрінде жазылған бұл шығарма 6520 бәйіттен тұрады. Оның негізгі тақырыбы моральдық-этикалық мәселе. Баласағұн әл-Фарабидің ізгі қала-мемлекет туралы идея-ларын қолдай отырып, мемлекеттің формасы билеушінің адамгершілік тазалығы мен асқақтығына, билеуші мен бағы-ныштылар арасындағы ізгілікті қарым-қатынастарға байланыс-ты деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси дағдарыстар тұсын-дағы Қарахандар мемлекеті үшін қажетті (ол сол заманда өмір сүрді) билеушінің идеалды портретін беруге тырысты. Бала-сағүн билеушіге мынадай ақыл-кеңестер береді: «Біліп ал: адам-дар алдында сенің үш парызың бар. Соны орында — күшпен үзаққа бармассың. Ең алдымен күмістей тазалықты сақта... Екіншіден — адамдарға әділ заң бер... Және үшіншіден — күзетінді мықта». Баласағұнның түрік тілінде жазылған «Қүтты білік» еңбегі сол заман энциклопедиясын білдіреді. Бұл жүмыс этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай, философия-лық, эстетикалық, ертедегі түріктердің діни наным-сенімдеріне байланысты материалдарға да толы.

Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген гағы бір философ Махмұт Кашкдри. Ол өзінің 1072—1083 жылдары жазылған «Дивани лұғат ат-тюрк» («Түрік тілінің сөздігі») еңбегінде түрік рулары мен тайпаларының тілі, әдет-ғүрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де мол мағлұмат береді. Ол адамдардың қоғамдық өміріндегі адамгершіліктің, тәрбиенің, білімнің маңызына назар аударып қана қоймай, рулар арасында-ғы қарым-қатынасты реттеу мен бекітудегі қуатты тетік ретінде тілдің рөліне де үлкен көңіл қояды. Қоғамдық өмір мен мем-лекетті нығайтуда түрік философының айтуынша ер мінезділік, адалдық, патриотизм және т.б. адамгершілік қадір-қасиеттер ма-ңызды орын алады. Сонымен қатар, түрік халықтарының бір-бірімен жақындасуы мен қатынасуының негізгі құралы ретінде Қашқари ана тілінің маңызды рөлін баса көрсетеді.

Философия дамуындағы рационалистік бағыт әл-Фараби, ибн Сина, Баласағүн есімдерімен қатар, мұсылмандық Шығыстың мынадай танымал ғалымдары мен философтары арқылы сипат-талады: Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдал-лах, ар-Раванди. Бүлардың соңғы екеуі туралы замандастары қалдырған кейбір естеліктерінен өзге мәліметтер өте аз. Алайда олардың өмірінің трагедиялық жағдайда аяқталуы ибн Абдал-лах пен ар-Раванди өз идеяларын қорғау жолындағы олардың батылдығынан, рухы мен еркінің жоғары күш-жігерінен хабар береді. Бұлар 760 жылы халиф әл-Мансұрдың бұйрығы бойын-ша еркін ойлары үшін жазаланып, бастары кесілген. Ибн Аб-даллах (724—760) және Ибн ар-Раванди Әбу-л-Хусейн Ахмед ибн Яхия (827—864) ежелгі грек тілін білген білімпаздар еді, соны-мен қатар олар ертегрек, ертеүнді, ертеиран және еврей фило-софияларын меңгеріп, антик және шығыс философтарының шығармаларын араб тіліне аударды. Мысалы, әл-Мукаффа Аб-даллах Аристотельдің «Категориялары» мен «Аналитикасын» араб тіліне аударды. Ибн әл-Мукаффа Абдаллах пен ибн ар-Раванди бастапқыда мутазилиттер идеялары мен көзқарастарын мойындаса, кейінірек ар-Раванди шиизмге қызығушылық та-нытып, ақырында мүлдем діннен алшақтайды, ал ибн Абдаллах исламнан бірте-бірте түңіліп, зороастризмге ден қояды. Бұл екі философ та исламға күмәнмен қарап, Құранның қасиеттілігіне күдік келтіріп, оның кейбір жағдайларының қайшылықтары мен әдеби тұрғыда жетілмегендігіне назар аударады.

Ибн Абдаллахтың қаламынан мынадай шығармалар туды: «Әл-Адаб әл-Кабир» («Үлы істер үшін насихат»), «әл-Адаб ал-Сагир» («Кіші істер үшін насихат»). Ибн Абдаллахпен салыс-тырғанда ар-Раванди өзінің радикалды көзқарастары, идеяла-рымен ерекшеленді, ол оның мынадай жұмыстарынан көрінеді: «Китаб ат-тадж» («Тәж кітабы»), Аз-Зумурдат» («Маржан тас»), «Ад-Дами» («Төгілген жастар»), «Албасирет» («Алғырлық»).

Әл-Разидің еңбектері біршама көп мөлшерде сақталған және біздің заманымызға дейін жеткен. Әбу-Бекр Мұхаммед ибн За-кария әл-Рази (латынша аты Разес, 865-925/934) Тегеран ма-ңындағы Рея қаласынан шыққан. Оны замандастары ғалым энциклопедист ретінде бағалайды. Жалпы көлемі 184 жұмыс жазды, біздің заманымызға дейін жеткені 61. Әл-Разидің шы-ғармашылық мұрасы философия, этика, теология, логика, ас-трономия, физика, алхимия, медицина мәселелеріне қатысты туындылармен айқындалады. Оның онтология мен гносеоло-гая мәселелері бойынша идеялары ерекше қызығушылық ту-

дырады. Мысалы, ол онтологияда бес мәңгі бастау туралы идея-ны негіздейді: жаратушы, жалпы рух, праматерия, абсолюттік кеңістік және абсолюттік уақыт, міне, осылар әлем өмір сүруінің қажетті алғышарттары болып табылады. Әл-Разидің пікірінше жан мен тән бір-бірімен ажырамас байланыста. Және адам ақыл-ойға ие болғандықтан табиғи құбылыстарды танып-білуге қабілетті. Адам тірі мақұлық ретінде білімнің қуанышын сезінуге құштар. Адамдар арасында ақиқатқа жетуге қабілеттілері фи-лософтар болып табылады. Разидің ойынша философ жарату-шыға ұқсас болуға тиіс, ол адамдарға әділетті және олардың қателіктеріне кешірімді болуы тиіс, себебі әркім ақиқатқа әр түрлі жолмен жетеді және шамасы келгенше жақындауға тыры-сады. Әл-Рази өзінің пайымдау үдерісінде Алланың рөлін тек бастапқы түпнегізге ғана теліп, оның функциясын барынша азайтады, ал материалдық әлем өзінің қозғалысында салыстыр-малы түрде жаратушыдан тәуелсіз және дербес. Әл-Рази өз он-тологиясының кейбір жағдайларында материяны өзінің атри-буттарымен қоса (кеңістік пен уақыт) жаратушымен тең бір қатарға қояды. Әл-Рази ғылымның жақтаушысы болып, дінді сынайды. Ойшылдың пайымдауынша, дін дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар арқасында өмір сүреді, алдауға негізделеді, шыдам-сыздық пен мағынасыз соғыстарға әкеледі. Дінмен осы поле-миканы тағы бір философ өл-Маари жалғастырды.

Әбу-л өл-Маари (973—1057) Сириядан шыққан философ және ақын. Әл-Рази сияқты Маари де дін алдауға негізделген деп есептейді. Әр халықтың өз діні бар және өз жолдарын дүрыс бағыт деп санайды. Бірақ олар қателеседі, ал бұл адасушылық көптеген ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан дәстүрлер мен әдет-ғұрып-тар арқылы бекітіледі. Дін әдетте надандық пен фанатизм есебінен гүлденеді. Ғылым онымен салыстырғанда білімге негізделеді және ғалымдар мен оқыған адамдар арасында кеңінен таралады.

Мүсылман әлемінің көптеген философтары адам субъек-тивтігінің адамгершілік қасиеттеріне айырықша көңіл бөледі. Әл-Фарабиден бастап мұсылман әлемінде жалпы адамзатгық маңызды мәселелерді шешу барысында адамның адамгершілік қасиеттері маңыздылығын алға тартатын дәстүр қалыптасқан. Ортағасыр-лық мұсылман философтарының бұл идеялары жетілген адам туралы идея қальштасуының алғышарты болып қызмет етгі. Олар үшін мүндай адам гуманист болып саналды, оның қылықтары, әрекеті мен позициялары қоғамның рухани-адамгершілік өміріне ықпал ететін болғандықтан білімділік пен тәрбиеліліктің көрсеткіші болды. Бекерден-бекер әл-Фараби, Ж.Баласағұн,

А.Иугінеки, А.Яссауи сияқты түрік философтары әдепке зор көңіл бөлмесе керек. Әдеп идеясын суфизм философиясы да басты назарға алады. Нақты өмірдегі рухани бөлектенудің, мемлекеттік және қүқықтық нигилизмнің орын алатынын ескере отырып, суфизмнің идеялық данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысу жолын үсынады. Осы парасаттылыққа жеткен адамға ғана ақиқат ашылады. Бүл ақиқаттың мәні Құдайға деген сүйіспеншілік, барлық әлем мен оның өзгерістері Қүдайға тән құдіретті сұлулықтың феномені, «әсем тазалық пен асқақтық» арқылы түсіндіріледі. Сопылардьщ пікірінше, бүкіл дүние қүдай-мен толық бірегей. Әлем мен адам - Құдай мен Ақиқаттың, Құдай мен Құштарлықтың бірегейлігі көрінісі. Мәнділіктің Түтас-тығы теориясы (вахдат аль-вуджуд) барлық нәрсенің құдай екендігін мойындайды. Барлық бар нәрсе Мәнділіктің Түтас-тығында бар, демек ол құдай. Бұл бірлік құштарлық арқылы ғана жүзеге асады, ол жаратылғанды жаратушымен, ғашықтар-ды құдай-құштарымен байланыстырып, ақырында оларды Мәнділік Тұтастығында толығымен қосылуға алып келеді. «Ана-аль-хакк» — «Мен құдаймын» — дейді сопылар. Суфизмнің ең көрнекті өкілдері қатарына Қ.А.Яссауи (оның философиялық көзқарастары туралы мына кітаптан оқуға болады: Қасабек А., Қасабек С. Искание истины. А., 1998), А.Йугінеки (XI ғ.), Шабу-стари (1320 ж. қайтыс болды), өл-Хуруфи (1339-1393/94), ибн Араби (1165-1240), Мағриби (XV ғ.), Әнуар Кдсими (XIV ғ.), Рузбехан Богли (XVIII ғ.) және т.б. жатады. Осы және тағы басқа суфизм философтары Барлығына тән және Біртұтас Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қар-сы түратыны туралы идеяларды да насихаттайды. Зұлымдыққа белсенді түрде бұзу-қирату тән деп пайымдайды сопылар, ол жүрегінде қүдайға деген сүйіспеншілігі жоқ адамдарды дереу өз қатарына тартып алады. Мұндай адамдар осының ықпалымен әрекет етіп, әр түрлі қылмыстар мен жамандықтар жасайды. Адамгершіліктің таяздығы, ниеттің арам пиғылдылығы, сананың тұрпайылығы адамды Қүдайға деген сүйіспеншіліктен алшақта-тып, біреудің қайғысы мен қасіретіне бей-жай қарайтын адамға айналдырады. Мұның бәрі адамның қылығына, жүріс-тұрысына өз ықпалын тигізеді. Азғындық, арам пиғыл, сананың таяздығы өмірдің барлық қырына, саясатқа, құқыққа, дінге зиянды әсерін тигізіп, мемлекеттегі әділетсіздікке, берекесіздікке әкеледі.

Деградациядан, апатиядан, нигализмнен шығатын жол сопы-лардың пікірінше Құдайға бетбүруда, Жаратқанға деген сүйіс-

пеншілікте, рухани жетілген адамды тәрбиелеуде. Егер бүл жетілген адам мүсылман рационалистерінің үғымында мораль-дық-этикалық сипатта болса, ал сопылар үшін онтологиялық, космологиялық және танымдық сипатта болады. Суфизмнің негізін қалаушының бірі Мухий-д-Дин ибн Араби жетілген адам-ды дәл осы аспектіде қарастырады. Онтологиялық қырынан ал-ғанда әдеп - бүл универсалды нақтылық (логос). Онда феноме-налды болмыстың дифференциалды емес және потенциалды жағдайларындағы барлық түрі сақталған. «Адамда әлемдегі бар-лық мәнділік потенциалды түрде жинақталады» (ибн Араби), одан ғарыштың бүкіл алуан түрлілігі туындайды. Адам-логос — бұл әлемнің алуан түрлілігі өріс алатын монада. Екінші тұғыр — ға-рыш. Ғарыштың өзі жетілген адамның бір келбеті ретінде қарас-тырылады. Адамның өзі - әлемдегі барлық нәрселер ішіндегі ең жетілгені және ол Ғаламның көшірмесі сияқты жетілген адам-ның ерекшелігі сонда, дәл осы адамнан абсолют өзін тани алады, дәл адамда ғана құдайдың барлық қырлары синтезделеді. Адам эзотериялық білім арқылы ғана құдаймен Тұтастыққа қол жеткізеді және Тұтастықпен сүйіспеншілік экстазында қосыла-ды. Сонымен адам гнозисте (танымда) Түтастықпен өзінің суб-станционадды бірлігше қол жеткізеді, әлемдік үдерістермен үйлесе отырып, Ғаламның жалпы ырғағына енеді, әлемдік бүтіндіктің бір бөлшегіне айналады. Дәл осы жагдайда ғана адам толық еркіндікке жетеді. Ибн Араби діни төзімділікті уағыздайды. Ол діннің адамдарға үстемдік ету мақсатында қолданылуына қарсы шығып, бүкіл діндер мен наным-сенімдер тендігін жариялады. Бұл идея гнозис принципінен келіп шығады, өйткені гностик өзгелерін теріске шығара отырып, бір ғана наным-сеніммен өзін шектемейді, себебі әрбір құдіретті нәрседен ол құдайды көре алады. Құдай өзін әр түрлі формада көрсетеді және барлығында да оның құдіретті қуаты мен сұлулығы көріне алады. Ибн Арабидің плюрализмі барлық діндердің тең құқылығын, әрбір адамның жеке сеніміне құқықтылығын мойындауға мүмкіндік береді. Ибн Арабидің тұжырымдауынша құдайға барудың жолы әр түрлі, бірақ оның бәрі ақыры соңында Тұтастықты мойын-дауға өкеледі. Әралуандылық пен айырмашылықты көре білу және осы айырмашылықтан Тұтастықты аңғарып, оған қүштар болу — міне, осы әдепке тән қасиет. Егер құдайға деген сүйіс-пеншілік жетілген нағыз, шынайы болса, онда бұл қүштарлық-тың нәтижесінде Құдаймен бірігуге адамның қолы жетеді. Ибн Арабидің пікірінше, сүйіспеншілік ғашықтық себебі және қозғау-шы күші болып табылады, онсыз ешнәрсе де өмір сүрмес еді.

Суфизмнің көптеген идеяларын мұсылман әлемінің әл-Га-зали (1058—1111) сияқты ірі теологы да қостады. Әл-Газалиге дейін өмір сүрген ойшылдар да, оның замандастары да мемлекеттік құрылым мәселесін айналып өте алмады. Әл-Газали өзінің бірқатар жұмыстарында мемлекетті басқару мәселесінде сұлтанға ұсыныстар береді, сұлтанның нақты билігін заңдасты-ру негізінде оны нығайту мәселесін көтеріп, халифты сынайды. Газали халиф пен сүлтан арқатынасы мәселесін жан-жақты си-паттап, имамат теориясын дайындайды. Газалидің пікірінше, мемлекет ислам мен мүсылманша өмір сүру тәртібін қорғауға тиіс. Ол «Философтарды терістеу» деген еңбегінде Фарабиді, ибн Синаны сынап, оларға «әлемнің ешнәрседен жаратылысы» ту-ралы өз идеясын қарсы қояды. Бұл идеяда ол бүкіл қоршаған әлемге өзінің ықпалын жүргізетін қүдайдың шексіз еркі тура-лы ойды негіздейді. Газали Фарабидің, ибн Синаның ақыл-ой рөлі туралы позициясымен келіспейді. Мистиктің пікірінше, ақыл-ой тек реттеуші рөлді ғана атқара алады, ол біздің ізденісімізді мақсатқа қарай бағыттай алғанымен, мәнділікті ешқашан да аша алмайды. Мәнділікті танудағы жалғыз тәсіл өзіне-өзі терең бағытталған мистикалық жағдай, сонда ғана мәнділік ашылады. Бұл мәнділік - Құдайдың болмысы.

Сопылық философия еуропалық дүниетанымға, еуропалық мәдениетке (трубадурлар шығармашылығына, францискандық монахтар орденінің әрекетіне, М.Лютердің, М.Экхарттың, И.Таулердің дүниетанымдарына, Гурджиевтің мистикалық іліміне) едәуір ықпалын тигізді. Көптеген идеялары батыстық әлемнің бірнеше ойшылдарының философиялық ой толғаулары үшін жемісті ықпал етіп, шығармашылық «субстрат» ретінде қызмет етті.

1.6,

Соседние файлы в папке Грек философиясы туралы материалдар