
1.4. Лық философия негізінде дами отырып, табиғатпен қатар қоғам-дық танымды да қамтитын энциклопедизм шекарасына үласты.
Римде бүл бағыттың ең көрнекті өкілі атақты шешен және саясатшы Цицеронның шығармашылығы эклектизмнің прин-ципсіз және бүлдыр, қайшылықты емес екендігін дәлелдейді. Онда, әсіресе, біртүтас синтетикалық дүниетанымға деген қажеттілік айқын көрінеді, ал бүл синтезге объективті түрде қол жеткізу мүмкін еместігі басқа әңгіме. Цицеронның мәде-ниет феномені ретіндегі баға жетпес маңызы грек мәдениетін рим өркениетімен, кейіннен жалпы батыспен байланыстыруында еді. Латын ғүламасының маңызы осы грек ақыл-ойының бүкіл әлемде триумфын жасауда, оның тірілтуші және қозғаушы күшінде.
Рим империясының алғашқы ғасырлары әр түрлі дүниета-нымдық бағдарлардың бір-бірімен араласа дамуымен сипатта-лады. Эллиндік философияға монотеистік идеаларды ендірудегі шешуші қадамды Александриядан шыққан Филон жасады. Оның дүниетанымында грек философиясының иудейлік мифология-мен тоғыса бастауы байқалады.
Эллинизм дәуіріндегі пұтқа табынушылық даналықтың соңғы бағытының бірі б.з. III—IV ғасырларында дамыған неоплато-низм болып табылады. Оның Александриялық-Римдік (Аммо-ний Саккас, Плотин, Порфирий), Сириялық (Ямвлих) және Афинылық (Прокл) мектептері болды.
Неоплатонизм өз дәуіріне тән философиялық бағыт болған-дықтан сол заманның қоғамы мен адамының әлеуметтік тәжірибесін дәл ұғынып, оны абстракциялық философиялық формулаларда шебер көрсете білді. Тіл жеткісіз Тұтастық пен оның алуан түрлілікпен байланысын іздеу, Тұтастықты абсолюттендіру және Тұтастық пен материалдық ғарыш, құдай мен адам арасындағы шексіз аралық сатыларды іздеу мифоло-гиялық ойлауды философиялық түрғыда жаңғыртуға әкелді. Тәнге қатысты барлық нәрселерге қарсы шығу, аскетизм мен экстаз туралы ілімге басымдылық беру тек ертехристиандық философияға ғана емес, бүкіл ортағасырлық теологиялық ой-лауға өзінің едәуір ықпалын тигізді. Филон Александрийскийдің Көне Өсиетті (Ветхий Завет) грек философиясымен алғаш син-тездеуге үмтылысы өзінің жалғасын таппады. Христиан дінінің жеңіске жетуі ертедегі гректердің ойлау тәсілін игере отырып, теріске шығару арқылы жүзеге асты. Бүл ортағасырлық өрке-ниетте бастапқыда антиктік-христиандықты, ал кейінірек еуро-палық христиандықты даярлады.
Ортағасырлык, батысеуропалык^ философия
Ортағасырлық батысеуропалық философия — дүние-таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-палық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375—383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Ав-густин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты фор-муласын — «сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат» (үғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі» V— XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетаным-дық кредосына айналды.
Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің «әкейі» болса, онда Боэций (480—526) М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша «соңғы римдік және бірінші схоласт» болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де (Э. Рэнд) орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мүрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыс-тырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуат-ты транслятор болып табылады. Боэций аристотельдік ілімнің үғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық проблематиканың негізгі қаңқасын да енгізді: универсалийлер мәселесі, тринитарни (Қүдіретті Құдай, оның Үлы және Қасиетгі Рух арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция. Боэцийдің айтуынша субстанция — бүл барша аорибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мәнділіктер негізі. Егер субстанция — заттардың жалпы негізі болса, универсалийлер —
бұл жалпы атаудың мәні. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі болғанымен, әлемде бар және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді.
Схоластикалық философияның басталуы И.С.Эриугенаның есімімен байланысты (810—877). Эриугена өзінің «Табиғаттың бөлінісі туралы» деген жұмысында әлемдік үйлесімділік тура-лы идеясын негіздейді. Онда құдай барлық бастаудың түпнегізі бола отырып, болмыс үдерісін өзі аяқтайды: «Құдай өзі таныл-мағанымен өзі жаратқан нәрселерінде біршама ашылады, ал Қүдайға иланудың өзі - таңғажайып жаратылыс» (Эриугена).
Ортағасырлық философиясының дамуына үлкен үлес қос-қан Ансельм Д' Аоста (1033-1109) болды. Ол өзінің «Прослоги-он» деген еңбегінде Қүдай өмір сүруінің априорлық немесе онтологиялық дәлелдерін негіздейді. Сол сияқты П.Абеляр (1079—1142) заттардың мәніне сәйкес келетін және сөздердің мағынасын білдіретін универсалийлер туралы идеяны дайын-дап шығарады.
Ф.Аквинский (1225—1274) өзіне дейінгі ойшылдардың уни-версалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып орта-ғасырлық схоластикалық ойлауда өзінің радикалды қадамымен ерекшеленді. Бүл қайта пайымдаудың мәні табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негізделді. «Тән туралы ой жан туралы ойға, жал туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бүл ой Құдай туралы ойға жетелейді», — деген Ф.Аквинскийдің кредосы аристотелизмді христиандық түрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол сондай-ақ крюациоңщм идеясын да ұсынады. Ф.Аквинскийдің ілімі - христиандық діни^ ілім мен перипатетизм. философиясының, христиандық теоло-гия мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның ара-сындағы ымыраға келушілік.
Бірақ бұл компромисс XIV ғасырда Дунс Скот (1270-1308) тарапынан сынға ұшырайды, юмизм мен нрмщшщзм.арасын-дағы пікірталасқа Р.Гроссетест (1168-1253), Р.Бэкон (1210-1294), У.Оккам (1290-1349/50) белсене араласады. Фомамен салыс-тырғанда У.Оккам концептуалды номиналист болып табыла-ды. Әлемде санаға бағынышты емес заттар да өмір сүреді. Үғым-дар - бүл ментальды феномендер. Осы жағдайларды теориялық түрғыда дамыта отырып, У.Оккам теологиялық спекуляция жасауға негіз жоқ деген шешімге келеді, өйткені олар универ-салийлер туралы ойға сүйенеді. Оккам діни мәселелерді шешу-де Папа сөзінің абсолюттігі туралы тезиске оппонент болды.
Оның пікірінше ақиқатқа жету жолында барлық нәрсеге де сын болуы шарт. Универсалийлерді сынай отырып Оккам филосо-фия мен теологияның ара жігін ажыратады. Номиналистің пікірінше философия теологияның қолжаулығы. Философия-ның өз міндеті бар: тәжірибе арқылы табиғи әлемді зерттеу. Ал теологияның философиядан ерекшелігі — ол Құдайға бет бұрран және сенімге ғана сүйенеді.
1.5.