Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
12
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
90.62 Кб
Скачать

XX ғасырдағы Еуропа философиясы

XX ғ, барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, жаһандық, (глобальдық) проблемалардың шиеленісуі, көптеген социалистік елдерде тоталитарлық режимдердің қалыптасып-қирауы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың салдары, т.б. маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің (цивилизация), мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда, түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді. Солардың бірі — неопозитивизм еді.

Неопозитивизм философиялық ағым ретінде 1922 ж. құрылған Вена үйірмесінің қызметімен байланысты дүниеге келді. Ол өзінің даму сатысында үш кезеңнен отті. Біріншісі XIX ғ. 30— 40-жж. қалыптасқан Огюст Конт (1798—1857 жж), Джон Стюарт Милль (1806—1-873 жж.) және Герберт Спенсердің (1820— 1903 жж.) позитивистік ілімдерімен тікелей байланысты. Олардың ілімдері бойынша, ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес, сондықтан ол философияның пайдасыз, өздеріне-өздері қайшы келетін идеяларынан арылуы қажет. Ал денелер мен құбылыстардың мәні мен шығу себептерін шешемін деп, шеше алмай, қарама-қайшылыққа толған бұрынғы философияның орнына, жаңапозитивистік (шынайы, нағыз, дұрыс деген мағынада) философия жасау керек. Оның негізгі міндеті — сезімдік тәжірибелердің (обьективтік нақтылықты емес) деректерін жүйелеу, ғылымдардың нәтижесін тұжырымдап жалпы қорытындылар жасау.

Неопозитивизмнің екінші кезеңі ХІХ ғ. аяғы мен XX ғ. басында қалыптасқан эмпириосыншылдық (Э. Мах, Р. Авенариус, Богданов, Базаров, т.б.) ілімімен байланысты. Эмпириосыншылдар позитивистердің ғылымды философиядан бөліп алу идеясын ары қарай жалғастырып, философияның мақсаты — ғылыми деректерді тұжырымдап, қорытындылар жасау емес, таным теориясының ғылыми нұсқасын жасау, себебі материализм мен идеализм негізінде қалыптасқан таным теориясы объективті нақтылықты шынайы түрде танып білуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, жаңа таным теориясы мынадай қағидаларға сүйенуі керек: объективті нақтылық дегеніміз «бейтарап» түйсіктердің, элементтердің (бөлшектердің) комплексі (жиынтығы). Егер бұл «элементтерді» бір-біріне қатынаста қарастырсақ (мысалы, түр мен бояу), онда олар физиологиялық (физикалық) құбылыс, ал оларды адам түйсінуіне байланысты қатынаста қарасақ, онда олар психикалық құбылыс болады. Оларды адам өз санасына қондырады, осы себептен олар адамның шын түйсіктері сияқты болып көрінеді.

Неопозитивизмнің үшінші, қазіргі кезеңгі сатысында Б. Рассел (1872-1970 жж.), Л. Витгенштейн (1889-1951 жж.), М. Шлик (1882-1936 жж.), Р. Карнап (1891-1970 жж,), А. Айер (1910-1989 жж.), Поппер, т.б. ілімдерінің арқасында «логикалық позитивизм», кейінірек «семантикалық позитивизм» (терминдердің мағынасын талдау), ал оның орнына «лингвистикалық философия» (әдеттегі табиғи тілдің сөздік айтылуын анықтау), т.б. сол сияқты неопозитивистік ағымдар дүниеге келді. Логикалық позитивизмнің өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы ойшылдардың «философия - шешілмейтін қарама-қайшылыққа толы ілім» деген көзқарастарын әрі қарай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, діни, эстетикалық, т.б. ілімдерде) шын мәнінде, ешқандай ғылыми маңызы жоқ «жалған проблемалар», «алдамшы сұрақтар» деп жариялады. Себебі, философия теориялық көзқарастардың жиынтығы емес, ғылымның логикалық — синтаксистік, семантикалық және тіл талдаудан тұратын және осылай алған деректер негізінде әлемді объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның санасынан тыс өз-өзінен қалай өмір сүретінін білуге үмітті «метафизикалық» пікірлер мен ұғымдар жиынтығы. Демек, қазіргі философияның міндеті «метафизикалық» (философиялық) ұғымдар мен сөйлемдерден арылу (Б. Рассед), Неопозитивистер қандай да болмасын ілімді ғылыми, немесе ғылыми еместігін ажырату үшін «верификациялау» (сезімдік тәжірибелер мен салыстыру арқылы тексеру) қағидасын қолдануды ұсыңды. Бұл қағида бойынша, егер ілімдер тәжірибе, немесе логикалық сараптау арқылы нерификацияланса (дәлелденсе, немесе терістелсе) оңда олар ғылымға жатады да, калғандары жалған ілім болып шығады. Ал ғылымның өзі екі типті болады: біріншісі - логикалық-математикалық, екіншісі эмпирикалық сөйлемдерден құралатын ғылымдар. Лошкалық-математикалық сөйлемдерді тәжірибе арқылы тексеруге болмайды, себебі олар объективтік нақтылық туралы білім емес. Бірақ олар формалды логика заңдылықтарына сүйенген логикалық тіркес болғандықтан, олардың заңдылықтары, ережелері ақиқат та, жалған да емес. Сондықтан да олар конвенсионалистік (келісімділік) сипатта болады. Мысалы: «2x2=4» деген сөйлем «4=4» деген тавтологиялық сөйлемге садды. Бұл тектес сөйлемдер ғылыми теорияның бейне бір логикалық қаңқасы ретінде қызмет етеді.

Эмпирикалық сөйлемдер деп — тәжірибе арқылы верификциялауға (тексеруге) болатын, сезім арқылы қабылданған деректерді айтамыз. Эмпирикалық сөйлемдердің бәрі бірдей ақиқат бола бермейді, ақиқатқа тек «хаттамалық (протоколды) сөйлемдер» ғана жатады. «Хаттамалық сөйдемдер» — ғылымдардың эксперимент жүріп жатқан кезіңде нақты болған жағдайларды айқындап жазып қоюы. Бұл сөйлемдерде, неопозитивистердің ойынша, болған оқиға сол қалпында, өзгеріссіз, түсініктемесіз, экспериментшінің субъективті пікірінсіз, объективті тұрғыда берілген, соңдықтан, тек солар ғана ақиқат. Ғылыми эксперименттердің, экспериментшінің түсініктемесінсіз алынған деректер негізіңде жасалған қорытындылар, тұжырымдар, теориялардың заңдылықтарсыз болмайтыны белгілі. Ал, бұл аталған сөйлемдерге «верификациялау» қағидасын қолдану дегеніміз, осы теориялар, заңдылықтар негізінде өмір сүретін барлық денелерді тексеру. Ғылыми заңдылықтар біртектес бір топ денелерге тән құбылыс болғандықтан, ал эксперимент топқа емес, жеке денелерге ғана қойылатындықтан, верификация қағидасы шексіз процеске айналады.

Бұл қайшылықтан құтылу үшін, неопозитивистер ғылыми заңдылықтарды ғылыми тілден алып тастау керек (Витгешитейн), немесе олар таным үшін ешқандай да маңызы жоқ формалды ереже болып калуы керек (Шлик) дегеи корытындыға келді. Кейінірек келе, Поппер верификациялау қағидасының орнына фальсификаииялау (жоққа шығару) кағидасыи ұсынды. Бұл қағиданың негізі етіп, белгілі бір жағдайда теориялар, заңдылықтар, тұжырымдар ақиқат болмауы ықтимал деген ойлау мүмкіндігі алынған. Бұл жерде тағы да қайшылыққа тап боламыз. Әңгіме мынада, егер ғылыми теориялар, заңдылықтар ақиқат болмаса, фальсификациялау қағидасын қолдануға болады, ал, егер олар ақиқат болса ше?

Верификациялау және фальсификаииялау қағидаларының осындай кемшіліктерін байқап, Карнап ғылыми сөйлемдердің бәрін емес, тек белгілі бір бөліктерін тексеру керектігі туралы идея ұсынды. Баскаша айтканда, ғылыми деректерді толық тексермей-ақ, оның дұрыс, немесе теріс екендігін анықтау. Сөйтіп, аталған қағидалардың орнына ғылыми сөздердің акиқаттығын тексеретін жаңа қағида — когеренттілік принципі (байланыстылық) ұсынылды. Бұл принцип бойынша барлық денелер мен құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста болады, сондыктан эмпирикалық сөйлемдердін ақиқаттығы, олардың теориялар жүйесіне енген басқа сөйлемдермен қарама-қайшы келмей, қаншама үйлесімді болғанына байланысты.

Сайып келгенде, барлық позитивистік бағыттағы ілімдерге тән ортақ тұжырым: барлық мәнділіктің түпнегізін танып-білуге, жалпы табиғатқа тән құбылыстарды түсіндіруге, ақиқатты білуге ұмтылған метафизика (бұрынғы философия), шын мәнінде, өзі қойған мәселелердің біреуін де дұрыс, түбегейлі шеше алмайды, сондықтан ол өз орнын ғылыми тілді жан-жақты зерттеумен айналысатын басқа философияға (позитивизмге) жол беруі керек.

XIX ғ. үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» (Ницше, В. Дильтей, А. Бергсон) ықпалымен 20 жж. М. Шелер (1874—1928 жж.) мен О. Шпенглердің (1880— 1936 жж., негізгі еңбектері: «Себептілік және тағдыр»,? «Европаның құлдырауы») және басқалардың ілімдері арқасында қазіргі иррационалдық (ақыл жетпейтін) философиялық ағым пайда болды. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға суйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке «өмірді» түсіндіре алмайды. Ақыл-ой «өмірді» жансыздандырады, себебі оны бөлшектеп, оның үздіксіз қозғалысын тоқтатады. Ал Шын «өмірді» танып-білудің бірден-бір қайнар көзі – инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратпаған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осьг тұрғыдан алғашқы философия — ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым (М. Шелер).

Қоғамдық процестердің дамуы иррационалдық «өмір екпіні», «опат болуды күту», т.с.с. күштермен бағытталады. Мысалы, батыс мәдениеті өркениеттің (цивилизация) белгілі бір сатысында, өзінің жойылуына (опат болуына) аяқ басты (О. Шпенглер). Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін ойлануға қорқып жақындап келеді (Ницше).

Иррационализмнің кейбір идеяларын одан орі қарай жал- ғастырған — XX ғ. -20-жж. қалыптасқан экзистенциализм болды. Негізғі окілдері: С. Кьеркегор (1813-1855 жж.), М Хайдег- гер (1889-1976 жж.), К. Ясперс (1883-1969 жж.)., Ж.ГІ. Сартр (1903-1980 жж.), Г. Марсель (1889-1973), Л. Шестов (1866- 1938 жж.), Н.А. Бердяев (1874-1948 жж.), т.б.

Экзистенциализм (омір сүру);.;тіршілік ету философиясы оз бастамасын дат философы С. Кьеркегордың адам Щ оз омірінің себепкері, озінің ауыртпалығьш озі котеруші және озі сияқты жекеленген, бірақ қүдіретгі қүдавдың алдында қорқып түра- тын тіршілік иесі деген ілімінен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ниңше мен Э. Гуссерльдің ілімдері де зор есер етті.

Экзистешщализмнің өзі үш түрлі бағьитағы ілімдерден қүрал- ған. Біршшісі, Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс матери- алдьщ қүбылыс емес, ол езінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бірдеңе. Адам оны таным прсщесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сейтш, ол адамның мон-мағынасына айналады. Демек, болмыс туралы ойлар айналып келгеңде, адам болмысы туралы мөсе- лелерге ауысады. Екіншісі - К. Ясперстің нұрлаңдыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сүрақтарды шешілмейтін сүрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, -экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның қүдай тектее трансценденцияға қаты- насын айқындауға аударады. Үшіншісі[ё# экзистенциализм үғымын бірінші қолданған Жан Поль Сартрдың ілімі. I

Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы «өмір» моселееін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін — «экзистенция» (омір сүрудің қарапайым нақтылығы),'«адамның өмірі сүруі» сияқты мөселелер түрғысьшан қарастыруға жүмсай- ды. Экзистенция ешқашан зерггеу объектісі бола алмайтын үғым, өйткені оЛ біріншіден — жеке даралық болғаіздықтан, сол себепті жалпы мөнділікке үмтылмайды;екіншіден, экзистенция ™ біздің өзіміз. Олай болса, біз оған.ғылым секілді объективті түрде қарай алмаймыз' (К. Ясиерс). Өмір сүру дегеніміз — адамдардың біріккен (қосылған) болмысы. Шынайы өмір сүругдеғеніміз — күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басьшың сезімі мен тілеғінің, сенімі мен қауіптілігінің, тожірибесі мен үмітінің, өз қамы мен мүқтаждығының жиынтығы негізінде іс-әрекет жаеа- ған 'адамдардың экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы — «дүниенің қасыңда болу»;. Бүл жердегі «дүние» адамның қамдану өрісі — еңбек әлемі, заттар олемі, қүрал-жабдықтар жиынтығы, ал «болу» — г«бірдеңенің қасында» деген мағына береді. Адам өз ортасымен біте қайнас- қан тіршілік иесі, соңдықтан да оны олемнен бөлек қарастыру- ға болмайды. «Дүниенің қасында болу» адам тіршілігінің осы елемдегі экзистенциясы (өмір сүру тосілі, адам болмысьшың категориялары) және трансңенденциясы (Хайдеггерше Й- шек- тен шығуы). Демек; тожірибе жете алмайтын нақтылық пен «біріккен олемнің» (адамдардың қосылған болмысы) арасында полендей айырмашылық жоқ, себебі «басқаларг (қоршаған орта, т.б.) «менімен» бірге омір сүреді. Адамның шынайы тіршілігі «уайымдау». Бірақ кез келген «уайымдау» :<мысалы, адам де- малғанда, еңбек еткенде, қуанғанда, өз білімін тереңдеткенде, т.б.) «өмір сүру» емее, себебі ол — сырттай омір сүру. Мүндай өмір сүруде адамның жекешелік қасиеттері,' даралығы жоғала- ды. Нағыз «өмір сүру» олардан және «іштегі сыртқы әлемнен» (сыртқы өлем туралы оқу, тәжірибе арқылы санада сақталған білім батыл арылғанда ғана басталады. Ал, шын мәнінде, «өмір сүру» үтттін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне өлім хақ екенін түсініп, қорқыныш ояту қажет. Қүдайдың, '«ештеңесі жоқ мәнсіздіктің» алдындағы себепсіз бостандықтың осерінен өз-өзіңнің үрейленуіңді болжай алмауьщнан қорқыныш пайда болады (Сартр), олай болса, ол еш күмәнсіз, мүмкін болатын болмыс. Осыңдай қорқьшыш қана адам болмысын айқындап, оны өзінің жеке басының болмысыпа жоне бостандығына ] жетелейді. Демек, қорқыныш адам тіршілігінің негізті қасиеті, ал оның негізгі құрылымы 44 қамдану, жеке басьшың қамын ойлау. Ал басқалардың қамын ойлау. олармен бірге болу д- | жалпы қам;іануга жатады. Лдам «сыртқы олемде» жургеңде қор- қьшыш ұмытылады. Шын мәніңде, сыртқы әлем дегеніміз адам қорқьшышыньгң, күнәсінің, уайымдарының зкетериоризациялануы (іске асырылуы, нақтылануы).

Қорқыныштардың ішіңдегі — олімнен қорқу туа біткеннен тон априорлы гуайымдау. Ал «өлім» дегеніміз болашақтың озі, ол арқылы тіршілік озіне қайтып келеді. Сойтіп, болашаққа талпьшыс дегеніміз елімнің бетіне қарау болып шығады. Осы- дан келіп, тіршіліктің уақытша, тарихи және шектеуді сипатта екендігін түсінеміз.

Экзиетенңияның шын мәніндегі тереңдігін тек айрықша;, «шекаралық жағдайларда» ғана түсіне аламьгз. Менің олуім хақ екенін түсіңуім, менің қасіретте болуым, менің күресуім, менің жағдайларка тоуелділігім, менің созсіз күнәлілігім — бүлардың бәрі де *«шекаралық жагдайда>х болады, ал оны қаншама озгертеміз деп тырыесақ та, олар озгерместен, сол күйлерінде қалады. «Шекаралық жағдай».?адам тіршілігіне озінің біртүтастығын, өзгермейтіңдігін, аяқталғандығын біліп-түсінуге көмектеседі. Қысылтаяң жағдайда, олім қаупі туғанда, т.с.с. өзінің релін, пайдалы іс-әрекетін, шын монінде, терең түсінеді. Мысалы, өлім қаупінің қас-қағым сәтінде адамның шын мәні ашылады, айталық, соғыста оның батыр немесе қорқақ екені анықталады.

Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға» (қоғамдык қаты- настарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойыңдайды. Жалпы алғанда.«басқалардың» адамдарды ажыратып, дау-жан- жал тудыратындығына қарамастан олар озара байланысқа түседі. Бұл байланыс'-«басқалармен омір сүру. коммуникациясы деп аталады. Коммуникация үстемдік жүрғізуден және қызмет ету- ден басталады. Адамдардьщ езара байланысқа үмтылуы комму- никация алдындағы үреймен, оның мүмкіндіғіне ш үбәланумен, т.б. созсіз үласады. Мүндай жағдайда адамдар нағыз «экзистен- циалды» еркін түлға бола алмайды. Еркін болу үшін, од қор- шаған сыртқьі әлемнің және іштегі сыртқьг олемніц әсерінен қүтылып, озінің мақсаты мен іс-орекетінің себептерін айқын- дауы керек. Басқаша айтқаңда, бостандық дегеніміз сырттың осерінсіз еркін таңдау. Бостандықтың тагы бір көрінісі ол ІЦ жауапкершілік. Туғанынан еркін болуға жаралған адам, бүкіл өлемнің ауыртпалығын өз мойнымен көтереді, од жалпы өлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өзі үшін де жауапты (Сартр).

Экзистенциалистер болмыеқа қарама-қарсы.к«иемдену». үғымын да қарастырады. Мен иемденген заттар мені де билейді, жалмайды (Г. Марсель). Ал, адамды меншіктің, затгардың осы- лай езіп-жаншуынан қадай қүтқаруға болады. Бүл.сүракка Марсель қарама-қайшылықтың қайнар көзі адамиың өз таби- ғатында дей келіп, одан шығу жолы щ ісүйіспеншілікте; қайы- рымдылыкта,м«қүрбандыкта»,. қала берді иеленуді болмыс деңгейіне дейін көтеретін дінде,- өнерде және филоеофиада жа- тыр деп есептейді. Ал,- басқа ғылымдар «бүлыңғыр сыртқы әлемді» зерттейтін болғаңдықтан, бізғе ақиқат бідім бермейді, керісінше, олардың ашқан жаңалықтарының салдары адамзат- тың білмеуінен қорлық көріп отырган жоқ,, керісінше коп білгендіктен қасірет шегіп отыр.

Осы заманғы философиялық ағымдардың ішіндегі кең тара- ған философиялық ілімдерінің бірі^неотомизм (Ж. Маритен, Э. Жильсон, И. Бохеньский, М. Грабиан, Г. Мангер, И. Гейзер, Г. Гундлах, т.б.). Бүл ілімнің негізгі қағидасы Фома Аквинскийдің кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның та- лап-тілегіне сойкестендіріп, философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, «дамыту». Бірақ томизмнің негізгі мазмүны г- қүдай ең жоғары болмыс, ал денелер олемі оның іс-орекетінің нотижесі, жагіның олмейтіндігі, т.б. Діни қағидалар бүлжымастан қалған. Егер Фома философиялық ақиқаттар сенім ақиқатына қайшы келе алмайды десе, қазіргі неотомистер бүл пікірді орі қарай.орбітіп, сенім мен ақылдың (бүл жерде — «ғылыми ойлау» деген мағынада>, .үйлесімділігі концепциясы түрғысьшан алғанда, ақыл өзінің цайымдауларын- да сенімге қайшы келгенге дейін еркін қалады деп түжырым- дайды. Сонымен қатар, неотомистердің пікірінше, философия ғылымға тоуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып қалады. Ал, ғылым жалпы көзқарастық проблемаларды котеріп Шеше алмайтындықтан, философияға да, дінғе де кері осер ете алмайды. Бірақ неотомистер кейбір діни тезистерді, догмалар- ды негіздеу, дәлелдеу үшін жаратылыстану ғылымдары жетістіктерін пайдалануға кет орі емес екендіктерін жасырмай айтады. Мысалы, қүдайдың барлығын, оның дүниені жарашу- шы күш екендігін долелдеу үшін «әлемнің жылылық өлімі» теориясын, өмір мен психиканы ғылыми түрғыдан түсіндірудегі кейбір жетістіктерді пайдалануда.

Неотомизм ілімінің бастау түсінігі Ш болмыа.Ол әмбебап жалпы түсінік болғандықтан тек тавтологиялық түрғыдан ғана анықтала алады. Ең басты болмыс. -^қүдай, ал шектелген дене- лер осы қүдайьщ өз бейнееіне қарай отырып жаратқан болмыс- тары. Сондықтан, бүл.іболмыстардың өмір сүру немесе өмір сүрмеуі құдайдың жігеріне байланысты. Болмыс туралы ілімін орі қарай нақтыландыру үшін неотомистер Аристотельден алын- ған форма жоне материя,. «потенция (мүмкіндік) жоне акт (нақ- тылық)»; үғымдарын қолдайды. Енжар мүмкіндік актінің шын моніндегі.шектелуін көрсетеді, өйткені мүмкіндіктің өзі кез келғен шектелген болмысты жетілмеуінің көрінісі. Қүдайдан басқа («таза акт») тіршілік иелері дегеніміз мүмкіндік пен актінің үштасуы. Акт жоне потенцияның арақатынастарына байлаңьіс- ты мән және тіршілік (мән-тіршілікте жүзеге' асатын потенция), субстанция және оның қасиеттері (акциденция), қалыптасу (по- тенцияның актіге ауысуы, басқаша.айтқаңда потенцияның нақтылануы), т.б. катеғориялар қолданады. НеотомистерДабиғат- тың барлық қүбылыстары материя мен формадан (түр) түрады, бірақ форма материяны айқьщцайды, себебі ол материяға қара- ғанда белсеңділік корсетеді деген гилеморфизмдік козқарасты (гиле -и материя, морфа — форма) уағыздайды. Этикалық мәсе- лелерге тоқтала келе, неотомистер адам үшін шаттану, рахатта- ну дегеніміз оның-«ітаза жөне жетілген» болмысқа — қүдайға дейін жоғары котерілуі.

XX ғ. 60-70 -жж. жаңа философиялық ағымдар структура- лизм, сыни рационализм, Ьциентизм, герменевтика алдыңғы шепке шықты.

Струкиурализм (К. Леви-Строс, Ж. Лакан, М.П. Фуко, Л. Альтюсер).^ бүл философиялық ағымға әлеуметтік на- қтылықтың, адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық қүры- лымдарын (структурасын) айқындау арқылы жалпы фило- софиялық түжырымдар жасау жоне осы неғізде, олардың мәңін түсінуге талпыну. Леви-Строс әр түрлі халықтардың, тайпалардың аңыз-ертегілерін,. мифтерін зерттей келе, кез кедген бір миф жер жүзінің ор аумағында айны қатесіз қай- таланып жатады, олай болса, мифолоғиялық ойлау әр ха- лықт.а белгілі бір логикаға бағынады деп ой қорытады. Ғылы- ми ойлау да осы сияқты логикалық заңдылыққа бағынады. Структурализм ілімінше, қүрылымдық тәсілдің негізінде кез келген зерттеп отырған қүбылыстарды озгерткенде, олардың қүрылымының (олардың қатынастарының жиынтығы ретінде) бір қалыпты болатындығын мойындау жатыр. Оның үстіне,- құрылым объектінің: «скелет» болмайтын кейбір бөлшектерін, т.б. өзгерту арқылы бір объектіден екіншінц екіншіден үпгіншіні, т.с.с. алуға болатын ережелер жиын- тығы.

XX ғ. 40 жас. бастап, структурализм ғылыми тооіл ретінде лингвистикада. (тіл туралы ілім), антропологияда, психология- да, социолбгияда, кейіші кезде философиялық омбебаптық тоеіл ретінде қолданылып жүр.

Сыни рационализм (К. Поппер, И. Лакатос, П. Фейерабенд) ғылыми білімнің даму моселелерін талдай отырып, қандай бол- масын ғылыми білімнің болжамды бағытта болатынын мойын- дайды (Поппер). Ғылыми таным процесі дегеніміз әр түрлі ғылы- ми теория типтерінің өзара үздікеіз сыни пікірталастары. Білімнің өзі субъективті сипатта болғандықтан, ақиқаттың өзі де көп түрлІ болады. Философияның жалғыз-ақ шьшайы тәсілі — рацио- налды сын.

Герменевтика (Э. Бети, Г.Г. Гадамер, М. Лаңдман) талдау жасау (түсіндіру) және түсіну идеяларымен сабақтасып жатады. Герменевтика көне әдеби ескерткіштерді саналы түрде түсіну негізіңде қалыптасқан тіл туралы ғылымңьщ ерекше өдісі ретінде дүниеге келіп, XIX ғ. Шлейермахердің, Бильтейдің ілімдерінің арқасында рух туралы ғылымньщ тәсіліне айналды. Хайдеггер герменевтика деп өмір сүру феноменологиясын айтса, қазіргі кезде герменевтика деп рух туралы ғылымның моселелер орісін ғылыми түргьщаң түсінуді айтады.

Бұл жерде түсіну — сананың сыртқы жоне ішкі осерлер күшімен туындаған қабілетін, субъектінің солар туралы түйсінуі мен мазмүнының шынайы екеніне күмән келтірмеуі. Ғылыми түсінуде денелердің, заттардың маңызы, моні түсіндіріледі. Қазіргі кезеңдегі герменевтиканың окілдері оны тек саяси әлеуметтік ғылымдардың төсілі деп қарамай, жалпы белгілі бір тарихи, мәдени жағдайларды, адам болмысын түсіндіруге болатын әмбебап одіс деп қарастырады. Осыдан келіп, олар түсіну проблемаларын философияның негізгі мөніне айналдырып, герменевтикага универсалды (әмбебаптық) мән берді (Гадамер). Сөйтіп, герменевтика өкілдерінің пікірінше, философияның пәні адамдардың қатынасы ретінде түсінілген адамдар олемі болып табылады. Сөйтіп, тек осын- дай қатынастарда ғана адамдардың күнделікті өмірі өтіп жата- ды, модени және ғылыми қүндылықтар туындайды. Ал, қоғам- дағы елеуметтік қайшылықтар адамдардың бірін-бірі түсінбеушілігінен болып жатқан қүбылыстар.

Жалпы алғанда, аталган филйсофиялық ілімдер, әрқайсысы оз қағидалары түрғысынан заманымыздың күрделі проблема- ларын шешу жолдарын қарастырьш, .Қазіргі жёадеғі ғылымдар қолданып отырған жаңа тәсілдерді түсініп, осыған орай.еоны мәселелер котеріп, философия тарихында өзіндік із қалдырып отырған дүниетанымдық козкарастар. Осы ерекшеліктерді қазіргі замандағы шығыс елдерінде дамып отырған философиялық ба- ғыттардан кең колемде байқауға болады.

Соседние файлы в папке Реферат