Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
36.41 Кб
Скачать

Алматы энергетика және байланыс институты

Жылуэнергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кофедрасы

Философия

№1 Семестірлік жұмыс

Тақырыбы: Құқық философиясы

Орындаған:Ералиева А.Б

Топ. БАУк-09-07

Тексерген: доц.Мухамеджан Қ

Алматы 2010

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

Құқық философиясы..................................................................................4

Құқық философиясының пәні мен міндеті..............................................5

Құқық философиясының пәндік сипаты..................................................6

Адам құқықтары.........................................................................................7

Адам құқықтары адамдар қызметінің ұзақ қайталанған актілерін........8

Адам құқықтары категориясы...................................................................9

Қорытынды

Кіріспе

Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі.Ұлы ғұлама ойшылдардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері,көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақыл мен сезімге, интелектуалды интуицияға негізделген идиялар баршылық. Оларды философиялық қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғы шарттардың бастысы болып мифологияның,діннің , халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізетін әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.

Жалпы философия тарихында ненің қалай болғаны емес, керсінше, ол неге осылай болған, неге басқаша болмаған деген идея басымдығын көрсету абзал.

Философия тарихын зертеудің басты мәселесі- тарихта өткен философтардың ой- пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға, қазірг оқушылар мен зиялы қауымға бұрмаламай жеткізу.Ойткені білім жаңаша философиялық нәтижелерге бастауды қамтамассыз етеді.Философия немесе заң ғылымдары жүйесінде болсын, құқыққа деген барлық философиялық тәсілдерде осындай өзара ықпал және өзара әрекет байқалады. Ерекше философиялық пән ретіндегі құқық философиясында танымдық мүдде мен зерттеушілік назар құқық саласындағы белгілі бір философиялық концепсияның танымдық мүмкіндіктері мен әулеттік мүмкіндіктерін ашып көрсетуге бағытталады. Мұнда белгілі бір объект ерекшеліктеріне қарай, соған сәйкес концепцияны методологялық аксиологиялық тұрғыда, сол концепция тілінде объектіні пайымдауға , түсіндіруге және игеруге қолдана отырып, оның мазмұндық нақтылауына көп көңіл бөлінеді. Тұлға құқықтарын құрметтеу халықтар арасындағы сенімділікті нығайтуға көмектесді, адамдар арасындағы жан-жақты байланыстар мен ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасайды, халықаралық қатынастарға өнегелі негіз енгізеді.

Құқық философиясы.

Құқық философиясы құқықтың мәні, мағынасы мен ұғымы, оның әлемдегі орны, құндылықтары мен маңызы, адам, қоғам және мемлекет өміріндегі және халық пен адамзат тағдырындағы рөлін зерттеумен айналысады. Озінің саналы жаратылысы бойынша адам белгілі дәрежеде пайымдалған және зерделеген (сана арқылы) әлемде өмір сүреді әрі әрекет етеді және бұл адам болмысының фундаметелды (іргелі) қасиеттерінің әлемдегі баңдары мен әрекеттінің қатарына жатады.Болмыстың адамзаттық тәсілі өз құрамына зерделеуді, пайымдауды, бұл болмысты, өзіңді және бүкіл әлемді, әлемдегі өзіңді, өзіңдегі әлемді түсінуді енгізеді.

Мұндай принцип адамның құқық әлемімен өзара қатынастарында да орын алады. Ол құқықтық мәліметтері өз ақыл ойының – теориялық, кәдулігі, философиялық ақыл – ойының тұрғысында бағалайды, сынайды, тексереді, күмән келтіреді. Бұл позитивті құқықтық ақылдылық, әділеттілік шынайлық, ақиұаттылық және т.б тұрғысынан сынауды білдіреді. Және де ол позитивті құқыққа қатынасында өзге өлшемге де ие болады. Бұл өлшем биліктің немесе оның өкімдерімен емес, адамдық қоғамдық болмысының іргелі қасиеттері мен мәселелері, табиғат пен құқықтың мәнін тану қажеттілігі, оның адамның бірлескен өмірдегі алатын орны мен маңызы сияқты нәрселер арқылы аныөталады.

Ақыл- ойдың мақсаты – ақиқат және құқық философиясы да құқық туралы ақиқатты іздеумен айналысады. Құқық философиясының пәндік аймағы – құқық пен заңның айырмашылығы және арақатынасы мәселесі. Құқық философиясының тарихы ертеден басталғанымен, «құқық философиясы» терминінің өз XVIII ғасырдың соңында пайда болды. Бұған дейін ерте заманнан бастап, философиялық құқықтың сала проблематикасы бастапқыда жалпы тақырыптың бір үзіндісі және қыры ретінде қойылып, ал кейінірек зерттеудің жеке дербес пәні ретінде дамыды.

Бастапқыда «құқық философиясы» термині (сонымен бірге құқық философиясының концепциясы да) заңгерлік ғылымда пайда болды. Оның авторы, құқықтың тарихи мектебінің негізін қалаушы, неміс заңгері Г.Гуго болып табылады. Гугоның пайымдануынша юриспруденция (заңгерлік) үш бөліктен тұрады: заңгерлік догматика, құқық философиясы және тарихы. Бұл жағдайда өқөыө тарихы құқықтың заң шығарушылық нәтижесінде емес, тарихилық нәтижесінде қалыптасуы туралы тұжырымды ұстанды.

«Құқық философиясы» терминінің кеңінен таралуы Гегельдің «құқық философиясымен» (1820) байланыстырылады.Гугомен салыстырғанда Гегельдің ойынша құқық философиясы заңгерлік емес, философиялық пән. Оның үстіне философия ғылымын ол тарихи ғылым ретінде қарастырады.Гегель бойынша құқық туралы нағыз ғылым құқық философиясында көрінеді. Құқық философиясы пәнін Гегель былайша сипаттайды: «құқық туралы философиялық ғылым өзінің пәні ретінде құқық идеясын- құқық ұғымы мен оның іске асуын қарастырады». Құқық философисының мақсаты- құқық негізіне жатқан ойларды игеру. Ал бұл дұрыс ойлау, құқықты философиялық тану арқасында мүмкін болады. Құқық философиясы пәннің гегельдік түсіндірмесін алғышарттарына ойлау мен болмыстың, ақылдылық пен нақтылықтың бірегейлігі туралы философиялық идеялары жатады. Философияның, оның ішінде құқық философиясының да міндеттері осыдан туындайды,-«бар нәрсені игеру, өйткені бар нәрсе- ақыл ой».

Құқық философиясы пәні мен міндетінің гегельдік түсіндірмесі құқық пен заңның бұрынғы табиғи- құқықтық концепцияларында, табиғи құқықтың антирационалистік сынына да (Гуго және құқықтық тарихи мектебінің өкілдері) және құқықтық рационалистік тәртібіне де қарсы шықты.

Құқық философиясының пәндік сипатын заңгерлік және философиялық ғылымдарда анықтау мәселелерін қойған Гуго мен Гегель көзқарастары XIX-XX ғасырдың философиялық – құқықтық зерттеулерінде онан әрі дамыды. Философиялық ілімдердің өздерімен қатар, құқықтың философиялық түсіндірмелері де бүкіл заң ғылымына, ондағы философиялық –құқықтық тәсілдер мен концепцияларға әлі күнге дейін ықпалын тигізіп келеді. Сонымен қатар, юриспруденциянын өзі құқық туралы, оның қалыптасуы, жетілуі және даму мәселелері туралы заңгерлік теориялық концепциялар да құқықтық тақырыптың философиялық зерттелуіне айрықша әсерін тигізді. Философия немесе заң ғылымдары жүйесінде болсын, құқыққа деген барлық философиялық тәсілдерде осындай өзара ықпал және өзара әрекет байқалады.XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап және XX ғасырда құқық философиясы заңгерлік пен ретінде негізінен заң факультетерінде оқытылғанымен, оның дамуы үнемі философиялық оймен байланыста болып қала береді.

Ерекше философиялық пән ретіндегі құқық философиясында (табиғат философиясы, дін философиясы, мораль философиясы және т.б. сияқты) танымдық мүдде мен зерттеушілік назар құқық саласындағы белгілі бір философиялық концепсияның танымдық мүмкіндіктері мен әулеттік мүмкіндіктерін ашып көрсетуге бағытталады. Мұнда белгілі бір объект ерекшеліктеріне қарай, соған сәйкес концепцияны методологялық аксиологиялық тұрғыда, сол концепция тілінде объектіні пайымдауға , түсіндіруге және игеруге қолдана отырып, оның мазмұндық нақтылауына көп көңіл бөлінеді.

Ал заңгерлік тұрғыда дайындалған құқық философиясы коцепцияларында жоғарыдағы саламен салыстырғанда әдетте зерттеудің құқықтық сарындары, бағыттары мен бағдарлары басым болады. Және бұл жағдайда философиялық талдау аймағына көбіне дәстүрлі юриспреденцияның нақты сұрақтары кіреді. Алайда ең бастысы ,әрине, тақырыптар мен мәселелердің қайсысын таңдау емес, қазіргі философиялық және құқықтық ойдың жалпы контекстінде нақтыландыру ағымында оларды құқық философиясы тұрғысынан түсіндіру мен пайымдау болып табылады.

Адам құқықтары

Адам құқықтары туралы – туылу кезінен пайда болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары жаратылыс пен кезкелген өзге құқықтың негізгі түсінігі болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен саяси бостандыөтарды, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды, сондай-ақ, қауымдар құқықтарын (балалар,әйелдер, ұлттық азшылықтар, халықтар және т.б.) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз индивидтің өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігін (адам құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар деп атайды) немесе белгілі бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының өзі болып табылады) қамтамассыз ететін адамдар мен мемелекет қарым қатынастарының нормалары, қағидалары.

Адам құқықтары адамдар қызметінің ұзақ қайталанған актілерін, қайталанып отырған байланыстар мен қатынастар нысандарынан қалыптақан. Осылардың нәтижесінде адамдар қарым қатынастарын тәртіпке келтіре алатын белгілі бір тұрақты нормалар, эталондар, құндылықтар пайда болған. Әрбір адам белгілі бір материалдық және рухани игіліктерді иемденуге талаптанады, ал оларды иемденуге қоғам мен мемлекет көмектесуі керек және осы игіліктер көлемі тарихи тұрғыдан әр қашан да қоғамның сыныптық құрылымдағы, материалдық өндіріс жүйесіндегі индивид жағдайымен белгіленіп отырады. Индевидке берілетін осы игіліктері адам құқықтары дкп атауға болады.

Адам құқықтары мәселесі әрқашанда қоғамдағы адам орнын белгілейтін құқықтарды иемдену үшін, олардың көлемін кеңейту үшін жүргізілетін сыныптық шайқастар мәселесі болған.Тарих көрсететіндей, әр ұрпақ адам құқықтарын қайта қорғауға мәжбүр болады, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қолдау үшін күш қажет болмайтындай жағдай адамзатқа кездескен емес. Әр ұрпақ адам құқытары мен бостандықтары сияқты ұлы құндылықты қорғауға байланысты тарихтың шақыратын мәңгілік жекпе –жек шайқасына шығады.

Адам құқықтары ең жоғарғы мәдени құндылықтардың бірі, өйткені олар барлық қоғамдық даму үдерістері ортасына тұлғаны қойды., оның еркіндігі мен тең құқықтығын белгілейді.

Адам құндылығының идеясы ежелгі қоғамда айтылған еді және, егер басында бастапқы негіз ретінде полис қарастырылған болса, эллинизм дәуірінен бастап ол индивидке ауды.Феодализмде діни сана адам даралығынан басым түссе, жаңа дәуірде мәдениет адамды қайтадан барлық заттың өлшегішіне айналдырды.

Адам құқықтарының бүгінгі түсінігі либерализмнен бастау алады, ал оның көрнекті өкілдері Локк, Гроций, Монтескье, Джефферсон,Смит,Милль және т.б болған.Осы ғұламалар адамның өмір сүруге,қауіпсіздікке, еркңндікке,езушілікке қарсы қарсылық көрсетуге және т.б іргелі құқықтарын мемлекеттен тәуелсіз және онымен қорғалуға тиісті адам мінез құлқының табиғи, ажырағысыз, қасиетті нормалары ретінде негіздеген еді. Бұл жағдайда адам құқықтарының табиғи, жаратылыс сипаты дегеніміз –олардың адам туғанынан пайда болуы, адам құқықтарының ажырамассыздығы, оларсыз индивидті қоғам мүшесі, нағыз әлеуметтік субъект қылатын ерекше адамдық қасиеттерден айыру қатері пайда болатыны, жалпы олардың индивидке тірі жан ретінде тән болуы. Ал адам құқықтарының қасиеттілігін, олардың ең жоғарғы құндылықты мәртебе ретінде қарастырғандықтан,сыйлау,құрметтеу және табыну деп түсінуімізге болады.

Алғаш рет адам құқықтарының либералды концепциясы құқықтық бекітілуі 1789 жылғы –американдық құқықтар жөніндегі Биллге гнегіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік Декларациясында көрініс тапты. Сәл,кешірек, адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат құқықтарының франциялық декларациясында бекітілді.

Адам құқықтары категориясы –индивид құндылығы жөнінде, тұлға еркіндігін қамтамассыз ететін құқық пен соның негізінде құрылған тәртіп жөнінде көзқарастарды қалыптастырған, жоғарғы гуманистік мәдениетті туындатқан христиан дініне негізделген еуропалық өркениеттін даму нәтижесі екенін айтып кеткеніміз жөн.

Сонымен қатар, өзге де, батыстық емес қоғамдарда адам құқықтары жөніндегі идеялар бастамалары қалыптасқан. Мысалы, қазақ даласында белгілі бәр көшпенді демократия болған, оның негізгі белгілері – индивмдтің қатал жауыздық (деспоттық) ережелермен езіліп байланбауы, әйел адамның белгілі бір дірежедегі еркіндігі мен теңдігі, ежелгі және орта заманның отырыңқы егіншілік өркениеттеріне тән билікке құл ретінде тізе бүгішуліктің болмауы.

Қазақ хандарының билігі ешқашан да қатал жауызды (деспоттық) болмаған , ал көшпенді тайпалар- жүз немесе ру басшыларымен келіспеушілік болған жағдайда әрдайым басқа жерлерге қоныс аудару мүмкіндігіне ие болған. Адам құқықтары Тәуке ханның Жеті жарғы деп аталған зақдарында реттелген, онда индивидтің жеке (азаматтық) және экономикалық құқықтары көрініс тапқан.

Қоғамның кейбір мүшелеріне берілген саяси құқықтар ханды сайлау институттарынан көрініс табады.

Билер институтының маңызы зор болған, олар жеке және ұжымдық дауларды шешу бойынша сот-әкімшілік қызметті атқарған еді және бұл институттың демократиялық сипатын би атағы тұлғаның тек халық арасындағы беделі негізінде берілетіндігінен көруге болады. Тарихтағы Әбілқайыр ханды өлтіргені үшін Барақ сұлтанды билердің соттау дерегі ақсүйектердің соталудан иммунитеті болмағанын көрсетеді. Қазақ жерін патшалық режим отарлағаннан кейін адам құқықтары мен ботандықтарын қорғаудың дәстүрлі құрылымдары бірте-бірте жойылды.

Сонымен қатар, егер индуизм өркениетті туралы айтатын болсақ, оның негізіндегі барлық қоғамдық өмірді егежей-тегежейлі реттейтін ережелер жүйесін құрайтын индуизм діні белгілі бір мінез- құлық және өмір сүру қалпын белгілеп, әдет ғұрыптар мен дәстүрлерді саналы түрде бағалауға мүмкіндік бермейтін.

Басқа да әлеуметтік себептермен бірге (экономикалық және ұлттық шашырандылық, қауымдардың тұйық оқшаулануы) бұл- қауымның, «кастаның» шартсыз билігін көріп отырған адамның мақұрым қалуына үлкен әсер жасады.

Ислам негізінде,мұсылман өркениетінде тұлғаның мінез құлқын реттеудің мақсаты- «діндарлар» мүддесін, жалпы ислам мүддесін қамтамассыз ету. Өзін осыған қарсы қойған адам ислам дінінен жаңылған болып саналып, ауыр жазаланған. Мұсылмандық құқық діни сипатқа ие болғандықтан, оның нормаларын сақтау «діндарлар» үшін діни міндет болып табылады. Мұсылмандық құқық мұсылмандардың тек сыртқы мінез құлқын ғана емес. Соның негізіндегі ішкі себептерді де егежей- тегежейлі реттеуге бағытталған. Бұл болса, ислам ережелеріне сүйенген қауымға индивидтің өз еркі бойынша, саналы түрде бағынуын белгілейді және сол кезде бұл «мемлекеттке сенушілік» болып та табылады. Ислам мәдениеті бойынша индивидтің билікке деген талаптары ретінде адам құқықтары идеясын қалыптастыру дін ережелерінің мызғымастығына қол сұғушылық болып табылар еді.

Сонымен, еркіндік пен адамның даралығы идеясын қалыптастырған христиан діні негізінде еуропалық өркениет қана индивидке барынша тандау еркіндігін беріп, адамды басшылық ететін ілім негізін қалады.

XV-XVI ғасырлардан бастап, адам құқықтары мемлекеттердің екі жақты шарттарында бекітіле бастады, ал XX ғасырда адам құқықтары бойынша көпжақты келісімдер еді. 1815 жылғы Вена конгресінде поляк азшылығының құқықтарына кепілдік беретін ,яғни діни емес , ұлттық азшылықтың құқықтарын қорғауға бағытталған құжат қабылданды. Сонымен бірге , осы конгресте еуропалық мемлекеттер алғаш рет негрлерді сатуды жою туралы Декларацияны қабылдады және бұл құжат бойынша осындай әрекеттер абройсыздық болып танылып, мемлекеттерден осы тәжірибені тоқтату талап етілді.

Ұлттар Лигасы шеңберінде халықтың ең осал топтарының бірі- ұлттық азшылықтарды арнайы халықаралық қорғау жүйесі алғаш реторнатылды. Бірақ , қорғау механизмі ойластырмағадығынан,сондай-ақ , осы саладағы Ұлттар лигасы мүшелерінің міндеттер көлемі теңсіздігінен, бұл жүйе құрушылардың үмітін анықтамды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғаннан кейін адам құқықтары осы қызмет ұйым қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналды. БҰҰ Жарғысында адам құқықтарына біраз көніл бөлінген. Мысалы, бұл құжаттың кіріспе бөлімінің өзінде БҰҰ негізгі мақсаттарының бірі ретінде «адамның негізгі құқықтарына, адам баласының абыройы мен қадір қасиетіне, ерлер мен әйелдерінің тең құқықтығына және үлкен мен шағын ұлттардың теңдігіне сенушілікті қайта бекітуге» белбайлаушылық белгіленген. Осымен бірге, Жарғының - бабы БҰҰ басты мақсаттарын айқындай отырып, солардың ішінде нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеуді мадақтауды және дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды атайды. Адам құқықтарының негіз қалаушы сипаты Жарғының – бабымен де расталады, ол жерде былай делінген – «халықтарды» өзін өзі билеу және тең құқықтығы қағидасын құрметтеуге негізделген ұлттар арасындағы бейбітшілік пен достық қарым-қатынастар үшін қажетті тұрақтылық және тыныштық жағдайын қалыптастыру мақсатында, Біріккен Ұлттар Ұйымы:

А) Халықтың өмір сүру деңгейін, толық еңбек бастылығын көтеруге және экономикалық пен әлеуметтік өрлеу мен даму шарттарына;

Ә)Экономикалық, әлеуметтік, денсаулық сақтау және осы сияқты салардағы халықаралық мәселелерді шешуге; мәдениет пен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы;

Б) Нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтарына мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеуге және сақтау көмектеседі.

55- бапты орнатылған БҰҰ мақсаттары қалай алсақ та адам құқықтарына қамтамассыз ету ісімен байланысты. Оларды ажыраттатын жалғыз белгі- адам құқықтарына әр түрлі деңгейде және әр түрлі бағыттар бойынша өамтамассыз етуге арнаулы. Алайда, бұл мақсаттардың негізгі екпіні –ол, адам, оның құқықтары мен бостандықтары.

Сонымен ,БҰҰ негізгі қызметінің барлығы қай деңгейде болса да түбінде адам құқықтарын қорғауға бағытталған деп айтуға болады.

Сонымен қатар, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау қазіргі халықаралық құқықтың негіз қалаушы қағидаларының бірі болып табылады және мемлекеттердің ішкі құқығының да, халықаралық құқықтың да бірде-бір әрекет күшіндегі нормасы осы императивті қағидаға қайшы келе алмайды.

Бұл қағиданың нормативті мазмұны 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Мәжілісінің (ЕҚЫМ/СБСЕ) Хельсинкілді Қорытынды актісінің құрамдас бөлігі болып табылатын «Қатысушы мемлекеттер» өзара қарым қатынастарында басшылыққа алар қағидалар Декларациясында ашылған. Осы құжатқа сәйкес мемлекеттер адам құқықтарының барлық кешені адам баласына тән қадір –қасиеттен туындайды және оның еркін де толық дамуы үшін маңызды болып табылады деп таныды. Сонымен қатар, қатысушы мемлекеттер барлық елдер арасындағы достық қарым –қатынастар мен ынтымақтастықтың дамуын қамтамассыз ету үшін қажетті бейбітшіліктің, әділдік пен тыныштыұтың маңызды факторы болып табыладн адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеудің жалпылай маңызын таныды. Осының негізінде, мемлекеттер адам құқықтарын құрметтеуге, олардың тиімді жүзеге асуын мадақтауға және дамытуға, осыған көмектесуге, сондай- ақ, осы салада БҰҰ Жарғысы мен Адам құқықтарының жалпылай Декларациясының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес әрекет етуге, осы саладығы халықаралық келісімдер бойынша өздерінің міндеттерін орындауға міндеттемелер алды және адамдардың өз құқықтары мен міндеттерін білу және соларға сәйкес әрекет ету құқын растады.

Адам құқықтарын құрметтеу қағидасының құрамында өзінің ар- ожданына сәйкес дінге сенуіне тұлғаның еркіндігін құрметтеу және тану қажеттілігі жөніндегі,сондай- ақ, ұлттық азшылықтарға жататын тұлғалардың құқықтарын сыйлау және оларға адам құқықтары мен бостандықтарын іс жүзінде толық қолдану мүмкіндігін беру жөніндегі ережелер бөлек белгілінген.

Сонымен, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің, сондай-ақ, мемлекеттер мен мемлекетаралық қатынастардың тұрақтылығы мен тыныштығы адам құқықтарын және негізгі бостандықтарын құрметтеумен тікелей байланыстырылды.

Осы байланыс БҰҰ-да қабылданатын әр түрлі құжаттарда әр дайым расталып отырады. Мысалы, 1970 жылғы 16 желтоқсанда халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі БҰҰ Декларациясында «адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеу және толық жүзеге асыру және осы құқықтарды бұзушылықты жоқ қылу халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың қажетті де кейінгі қалдырылмас шарты болып табылады» деп тағыда белгіленді және осыған байланысты «езушілік», зұлымдық пен кемсітушіліктің барлық нысандары, әсіресе жасалған жеріне қарамастан нәсілшілдік пен нәсілдік кемсіту сөгіске алынды. Бұл халықаралық қатынастардың қалпы мен дамуына үлкен ықпалын жасаған маңызды жайт.

Адам құқықтарын қорғау қазіргі әлемдегі халықаралық саясаттың негізгі қалаушы қырларының біріне айналды.

Адамзаттық прогресшшіл күштерінің адам құқықтары үшін күресі өзінің логикалық көрінісін БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқықтарының жалпылай Декларациясынан» тапты. Бұл- адамзат тарихындағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтары тізімін бекіткен алғашқы халықаралық құжат. Бұл актінің қабылдау себептерінің бірі – БҰҰ Жарғысы нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жан-жақты мадақтау және құрметтеу ісіне мемлекеттер міндеттерін бекіте отырып, бұл құқықтардың тізімін белгілемеуінде.

Соңғы екі-үш онжылдық ішінде адам құқықтары мен бостандықтарының мәселесі бірқатар себептерге байланысты саяси күрес орталығына айналды.Бұл сауал бойынша халықаралық қауымдастық айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.Осыған қармастан, әлде де көп елдер адам құқықтары мен бостандықтарын жалпы адамзат құндылықтары ретінде танудан алшақтау. Мәселен, Венада 1993 жылы өткен адам құқықтары жөніндегі Конференцияда Корея, адам құқықтарын әмбебап құндылық ретінде қарастыруға шақыратын резалюцияны қолдады.

Бұл ең алдымен Азия елдерінің адам құқықтарына бірегей көзқарасы болмауына байланысты. Олардың көпшілігі адамның жеке құқықтары категориясын өз өркениеттері үшін бөтен деп санайды, өйткені көптеген шығыс қоғамдарында адамның жеке құқықтары емес,ұжымдық құрылымдардың (отбасы, ру, тайпа, және т.б) құқықтары бірінші орынға қойылады. Ал, Иран сияқты мемлекет Вена коференциясында адам құқықтары мен оларды бекіткен халықаралық құқықтар иудалдық- христиан өркениеті құндылықтарының көрінісі болғандықтан, бұл елдің мұсылман қауымы қабылдай алмайды деп ашық жариялады. Демек, мәдени релятивизм- бұл саладағы ең ауыр мәселелердің бірі.

Адам құқықтарын толық жүзеге асыру үшін дамушы елдердің сыртқы қарыздары, шектен асқан қайыршылық мәселелерін шешудің маңызы зор.

Адам құқықтарының барлық кешенін іс жүзінде жүзеге асыру жан- жақты да кешенді іс болып табылады және оның шешілу деңгейі жеке елдердің де, барлық адамзат өркениетінің де даму деңгейін, өрлеу адамгершілігін сипаттайды. XXI ғасыр бастауында адам құқықтарын сақтау мен құрметтеу ішкі және халықаралық саясаттың адамгершілік өлшемінің маңызды белгісіне айналуда. Адам құқықтарын құрметтеу арқылы жекелеген мемлекеттер мен жалпы әлемде тұлғанның жоғарғы құндылығы орнығады.

Жеке елдер шеңберінде адам құқықтарын сақтау бекем дамудың қажетті шарты болып табылады, халықтарды әр түрлі тоталитарлық және өзге де сынақтардан, агресшіл ішкі және сырқы саясаттан сақтайды.

Дүние жүзлік деңгейде адам құқықтарын сақтау және құрметтеу халықаралық қатынастарды шынайы адамгершілік қағидалар негізінде құрудың, бейбітшілікті сақтау мен нығайтудың кепілі.

Тұлға құқықтарын құрметтеу халықтар арасындағы сенімділікті нығайтуға көмектесді, адамдар арасындағы жан-жақты байланыстар мен ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасайды, халықаралық қатынастарға өнегелі негіз енгізеді.

Қорытынды

Қазіргі кезде еліміздің рухани өмірдегі өзекті мәселердің бірі отандастарымыздың философиялық мәдениетін өркендету болып табылады.Оған қоғамымыз басынан кешңп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихының өзекті мәселелерін танытып, талдап, зерттеу арқылы шешіп, құрылып жатқан азаматтық қоғамның ерекшеліктерін халыққа ашып көрсету арқылы қол жеткізуге болады.

Философияның дамуы барлық әлеуметтік –мәдени себептіліктермен байланысты, ал мазмұндық жағынан ғылымның әлеуметтік мәдени факторларымен жүйелік танымдық байланысын естен шығармай біртұтас құбылыс ретінде ашып көрсету маңызды.

Еліміздің даму құқығынын ерекшелігін туындайтын философиялық құндылықтарды зерттеудің ғылыми әдістерін, вербальды вербальды емес тектерін пайдалану тәсілдерін анықтау: құқық – философиялық әдісті пайдалана отырып, қазақтың дүниеге көзқарасының ерекшелңктерң, даналық пен тұрпайлықты, имандылықпен парасаттылықты қалыптастыруының ішкі сыры мен мазмұнының, олардың тарих белестерінде атқарған міндетіне талдау жасау; халқымыздың философиялық құқық және адамгершілік құндылықтарының даму көзін, осыған байланысты олардың қоғам дамуының барысында қалыптасқан күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан талдауға негіз салу; қазақ философиялық ғылыми жетістіктер қазіргі кезде атқаратын міндетінің әлемдік философия тарихының аясындағы алатын орнын белгілейтін ерекшеліктерін көрсету.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Философия» Ғабитов- Алматы, Раритет

  2. Тұрғынбаев «Жоғары оқу орындарының 2005-400б студенттеріне арналған оқу құралы- Алматы «Білім, 2005ж»-304 б

  3. «Философия тарихы» Бейсенов Қ.Ш Шымкент-2005

  4. «Философия» Мырзалы С.Қ- Алматы: «Бастау», 2008.-644б

  5. «Қысқаша философия тарихы» Нысанбаев Ә, Әбжанов Т, Алматы.2004-272 бет.

  6. «Философия» Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ. Мұхеметәли- Алматы:Жеті жарғы,1999.-288бет

16