
Достық
Достық- адамдардың бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ қараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілікпен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз Достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Доажарандардың мінездері әр-түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы: біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде, тұйықтық және жігерсіздік байқалса да, бұлар Достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз Достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік Достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде Достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында Достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті.
«Дос жылатып дұшпан күлдіріп айтады» «Досы жақсының, өзі де жақсы» «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны-өлгені, қайғының бәрі соның басында» Достыққа қарама-қарсы ұғым-қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу-өмірлік мақсаттардың бірі.
1.Достық сипаты.
Дүниеде адам мен адам танысып түсініскенінен артық байлық жоқ
Сэнт-Экзюкери Достық өз бойына қаншама сан- алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші қайда барсаңызда,ол сізге қызмет етеді,ол барлық жерде бар,ол ешқашанда мезі қылмайды,ешқашанда орынсыз килігетін жері болмайды,ол сәттілікке жаңа сәулет береді,ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады.
Цицерон Жолдастықтың өткен қасиетті байланыс жоқ! Әке өзінің баласын шеше өзінің баласын жақсы көреді,бала әке мен шешесін жақсы көреді.Бірақ бұл ағайындар-ау басқа нәрсе ,аңда өзінің баласын жақсы көреді,бірақ қаны жағынан емес,жан –жүрегі мен туысып кету адамның ғана келеді.
Н.Т.Гоголь
.Достық негізгі еріктің ,талғамның,пікірдің толық үндеуінен туады.
Цицерон. Достық баға жетпес нәрсе ғана емес ,сонымен қатар тамаша да нәрсе ; біз өзінің достарын жақсы көретін адамды мадақтаймыз және көп досы болу бәрінен тамаша көрінді,ал кейбір адамдарға тіпті жақсы адам болу –бір ғана нәрсе секілді.
Аристотель.Үйдің сәні –достары ,оның келушілері .
Эмерсон.
Егер тағдыр адамға ерекше пейілі түсіп оған әлемдегі ең зор бақ –ырыс сыйлағысы келсе ,ол сенімді достар береді.
Э.Тельман.
5 ұл дүниенің күллі сый –құрметі жалғыз жақсы досқа татымайды .
Ф.Вольтер Достық -өмір үшін ең қажетті нәрсе ,өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да ,дос –жарамсыз өмірді қаламақ емес. Аристотель.
Өміріміздегі ең ізгі нәрсе- біздің достығымыз.
А.Герцен. Жақсы дос өзін сөзбен емес ,іспен көрсетер.
Калидаса. Жақсыменен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елбектеп,
Жаманменен дос болсаң,
Сыртынан жүрер өсектеп .
Махамбет
Жердің жемісі жылына бір мәрте шықса ,достық жемісі күн сайын өніп-өнеді.
(Пифагор) Достық - өмірдің ең зор қуаныштарының бірі,- сырыңды айтатын адамның болуы.
А. Манузони
2. Достық негіздері
Достықты қолдап, сақтаудың ең жақсы тәсілі- өзіміздің не істеп, жатқандарымыз жөнінде өзара хабарлап отыру. Адамдар бір-бірімен өздерінің іс-қимылдары арқылы анағұрлым табысады.
И. Гете
Маххабат пен достықтағы теңді-қасиетті нәрсе
И. А. Крылов
Сенім-достықтың бірінші шартты.
Ж. Лабрюйер
Ұсақ-түйек кемшілікті бір-біріне кешіре алатын адамдар ғана шынайы достық байланыста бола алады.
У. Шекспир
3. Достық парызы.
Ең мысты достық әрқашан дерлік достардың басына қиын- қыстау күн туған замандарға тиесілі.
К. Колтон
Достар бір-біріне қол ұшын беру үшін өмір сүреді.
Р. Роллан.
Достар бақытты жағдайларда –тек қана шақырумен, ал бақытсыздықта шарусыз, өздігінен келуге тиіс.
Исократ
Достық ең алдымен шынайылық, жолдастық қателіктерін сынау. Достар жолдасы өзінің қатесін түзей алатын болу үшін бірінші болып қатаң сынау керек.
Н. А.Островский
Достықтың ұлы ерлігі досқа өзіміздің кемшіліктерімізді көрсету емес, қайта оның өз кемшіліктерін өзіне көрсету.
Ф. Ларошфука
Бір ғана жағдайда: мәселе досқа шындықты ашып айтың, сол арқылы оған өзінің адалдығын дәлелдеу жайында болып отырған кезде ғана бізге достық намысына тиюден қорқатын ештеңе жоқ.
Цицерон Егерде сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы не ойлайтыныңды тура, ашықтан ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаңне одан өзің туралыдәл сондай шындықты құлақ асып тыңдай алмасаң, онда сендер бір-біріңе шынымен сенбейсіңдер, бір-біріңді түсінбейсіңдер және құрметтемейсіңдер
И. А. Гончаров