Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
51
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
297.98 Кб
Скачать

5. Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі

Ұлы ақын,ойшыл–демократ,сазгер Абай Құнанбайұлының қоғам өмірін түсінудегі көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды.Ол кезде қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”,тағы басқа өлеңдерінде реалистік тұрғыдан суреттейді.Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды аяусыз шенеді.

Халқына байларға сөздерің өтсін десеңіз еңбек етіп, оқу оқы дейді.

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық

6.Ақиқат,тәжірибе теориясы

Ақиқат –танымның негізгі мақсаты.Аристотель сөзінің «Метафизикасында» ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнелеуі деп түсінді. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді-салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді-абсолюттік ақиқат деп атайды.Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат ылғида нақты. Қоғамдық тарихи тәжірибе-ақиқаттың бірден бір жалпы өлшемі. Ғылымның әр түрлі саласында оның көрінуі де әр түрлі. Жалпы алғанда, таным процесі, сол сияқты ақиқат және оның өлшемі,адамның тәжірибиелік қызметін үнемі өзгерісте,қозғалыста деп түсіну керек. Ақиқат теориясы мынандай қаидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процесс2) объективті ақиқатты мойындау-абсолютті ақиқатты мойындау деген сөз 3) ақиқат барлық жағдайда нақты 4) практика-ақиқаттың жалпы өлшемі 5) ақиқатты тану –қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

7. Ақын – жыраулар фил.Дағы “өмір” мәселесі.

Қазақ ақын – жырауларының дүниетанымы,философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Көптеген ақын – жыраулар өмір туралы өз ойларын айтып кеткен.Соның ішінде Шалкиіз жырау өмір туралы былай деген:Дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау.Өмір қысқа екен,бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтедіекен,демек,осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп,жырау өмір мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.Жырау өмірдің бар қызығы,бақыты, қуанышы о дүниеде емес,адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді

8. Антикалық фил.Ның космоцентристік сипаты.

Антик заманының фил.сы б.э.д. VII-VIғ. өмірге келді. Алғашқы материалистік ілімдер К.Азиядағы ең ірі қаласы Милетте туды. Мұнда 3 ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес дүниенің бәрі судан п.б. және суға айналады, су – барлық заттардың негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстың иесі болып табылады деді. Анаксимандр дүниенің бірінші бастамасы және негізі «апейрон (шексіз)» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат деп санады. Анаксимен болса дүниенің бастапқы негізі тіршілік көзі – ауа, өйткені барлығы содан п.б., соған қайта оралады дегенді уағыздады. Пифагордың Милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді. «сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен химер үстемдік етеді» деді. Элей мектебі – Парменид, Зенон, Ксенофан. Бұлардың философиясының түпкі ұғымы – болмыс. Оларша болмыс деген тумайтын да, жойылмайтын да – сол. Риторика - әдемі сөйлеу өнері, ол соттарда, халық жиналыстарында, әдемі сөйлеп, өз қарсыластарын өз айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу өнері. Осы өнерді ақы алып үйрететін ұстаздарды софистер д.а. Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий ойшылдары ат салысты. Маевтиканың негізін салушы – Сократ. Киниктер философиясының өкілдері – Антисфен, Диоген материалдық игіліктерден бас тартып, аскеттік өмірді уағыздаса, гедонистік мектептің өкілдері өмірде сезімдік қуаныштарға, ляззатқа берілу керек деді. Гедонистік философияның негізін салушы – Аристипп. Атомистер ілімі бағытына грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және Лукреций Кар жатады. Платон сезімнен тұратын шындық нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Идея – мәңгі, ол тумайды, өлмейді, өспейді, кемімейді. Платонның шәкірті – Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген.

Соседние файлы в папке философия экзамен