Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
51
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
297.98 Кб
Скачать

41. Л.Фейербархтың антропологиялық мәселесі.

Л.Фейербах(1804-1872)немістің ұлы ойшылы болды. Ол классикалық неміс ф.ясының ақырғы буыны.Ол өзінің фясын «болашақтың ф.ясы »деп атады.Оның ойынша ф.я ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығыпадамның қайғы қасіреті бар дүниеге қарац бет бұруы тиіс.Осдан ф.я адамға, яғни антропологияға ұарай бет бұруы тиіс.Ол өзінің «Болашақ фясының негізгі қағидалары»дегенеңбегінде құдай туралы ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді.Сондықтан ол қалыптасқан классикалық неміс ф.ясы іліміне қарсы шығады.Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адам арасындағы мәселе деп қарайды.Сондықтан ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективті шындық деп түсінді.Таным процесіндегі негізгі мәселелер адамдар рсындағы қатынастармен тығыз байланысты.Ол адамның сезімін, сезімділік танымын аса жоғары бағалады, әсіресе с.йіспеншілікке мән берді.

42. Марксизмнің тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру принциптері.

Маркс пен Энгельс диалектиканы қоғамдық өмірді талдауға, зерттеуге қолданып, сонымен қатар матералистік дүниетанымның дәйектілікпен дамытылған біртұтас жүйесін дүниеге келтірді. Тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру – қоғамдық өмірдегі материалдық, рухани құбылыстарды, олардың жалпы даму заңдылықтарын зерттеудің тәсілі, философиялық негізі болып табылады. Маркске дейінгі материалистер өздерінің теориялық және таптық тар өрістілігінің арқасында материализмді қоғамдық өмірге қолдана алмады. Ал, Маркс пен Энгельс болса материяны белгілі бір түріне телімеді. Материализмді қоғамдық өмірге дәйектілікпен қолдана отырып, қоғамдық болмыстың негізінде матриалдық өндірістің жатқандығын тұжырымдаған еді. Ал оның бейнесі – қоғамдық сана болып табылады. Сөйтіп, қоғам туралы ғылыми-философиялық негізгі мәселесін шешу материализмнің ұғымдарын дайын күйенде қоғамдық дамуға атүсті тели слу болмай шықты. Қорыта айтқанда, тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дгеніміз диалектикалық тәсілді қоғамдық өмірді зерттеу ісіне қолданғандықтың нәтижесінде пайда болатын терең әрі жан-жақты ілім. Ол барлық қоғамдық қатынастарды шешуші маңызы бар қатынастар ретінде қарастырады.

43. Марксизм фил адамның мәні туралы

Ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең қазіргі марксизм деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгелс капителизмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп, сл кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В.И. Ленин капитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Осыған сәйкес Лениннің алдында жаңа проблемалар тұрды. Империализм кезінде капитализм қайшылықтары тереңдей түсті. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Оған дейін Реседе түрлі қайшылықтар шиеленісіп жатқан болса, оның үстіне капиталистік қайшылықтар қосылды. Ресей экономикасы алдынғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасауы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық демократиялық револбцияның жетекші күші пролетарият болтыны айқын байқалды. Сондай ақ, ғасырдың аяғы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Оның мәні физика ғылымдары атом сырына, оның қасиетті ішкі дүниесіне үңілді. Осыған сәйкес материя оның жөніндегі бұрынғы ұғым өзгеріске ұшырады. Ол туралы бұрынғы ұғымның таяздығы, кемістігі байқалды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан мың есе кіші және қасиетті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы массасы ұдайы өзгеріп отыратынын көрсетті. Бұл материяның бұрын соңғы белгісіз болып келген жаңа қасиеттері еді.

44. Миф және дін.

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатар бейнеленеді. Миф(аңыз, ертегілер) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында шекара болмады. Мифологияда олардың бәрі бірге тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас түсінік болып табылады. Мифология тарих арнасынан кеткеннен кейін оның орнын дін басты. Дін шындық дүниені бұрмалап, бейнелендіру формасы. Ол дүниені «о дүние» және «бұл дүние» деп екіге бөліп, «о дүние» табиғаттан тыс, көзге көрінбейтін дүние, ал «бұл дүние» көріп білуге болатын табиғи дүние деп түсіндірді. Діни көзқарастың сұрағына: дүниенің, адамның п.болуы, әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлуі сияқты сұрақтар жатады. Діни дүниеге көзқарастың негізін құрайтын – «о дүниелік» күшке деген сенім, «бұл дүниенің», адамның тіршілігіндегі шешуші күш «о дүниеге» деген сенім. «Ғаламат күшке» деген сенім – діни сананың негізі.

Соседние файлы в папке философия экзамен