
- •1. А.Шопенгауер «бақыт» туралы
- •2. Абайдың дінге көзқарасы
- •3. Абайдың “Қара сөздері” еңбегінің мәні.
- •4.Абай Құнанбаевтың адам туралы мәселесі
- •5. Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі
- •6.Ақиқат,тәжірибе теориясы
- •7. Ақын – жыраулар фил.Дағы “өмір” мәселесі.
- •8. Антикалық фил.Ның космоцентристік сипаты.
- •9. Артур Шопенгауэр философиясы.
- •10. А.Эйнштейн теориясының философиялық маңызы.
- •13. Болмыс және материя ұғымдары
- •14. Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары
- •15. Гегельдің абсолютті идеализмі
- •16. Диалектика заңдылықтар мәні.
- •17. Диалектикалық категориялар жүйесі
- •18. Дін және ғылым
- •19. Жаңа дәуір филос.Ның ғылымицентр
- •20. Жүсіп Баласағұн «бақыт» туралы.
- •21. Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу идеясы.
- •23. И.Канттың Трансцендентальды философиясыы
- •24. "Индустриалды","информациялық","ашық қоғам"
- •25. Көне үнді фил.Ның даму ерекшеліктері
- •26. Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері.
- •28. К.Юнг философиясындағы «архетип» ұғымы.
- •29.Қазақ философиясындағы болмыс мәселесі
- •30.Қазақ философиясының даму ерекшеліктері.
- •31. Қазақ философиясының ерекшелігі
- •33. Қазақ фил.Дағы өмір мен өлім мәселесі
- •34. Қазақ философиясындағы экологиялық шарттар.
- •35. Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
- •36. Қайта өрлеу дәуірі философиясының антропоцентристік сипаты.
- •37. Қоғамдық сана және формалары
- •38. Қозғалыс формалары, «даму» ұғымы
- •39. Қр. Дамуындағы стратегиялық бағыттар
- •40. Көзқарас және оның формалары.
- •41. Л.Фейербархтың антропологиялық мәселесі.
- •42. Марксизмнің тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру принциптері.
- •43. Марксизм фил адамның мәні туралы
- •45. Мұсылмандық философия және перипатетизм
- •46. М.Шаханов поэзиясындағы «рухани құндылықтар» мәселесі.
- •47. Неотомизм философиясы
- •48. Неотомизм философиядағы адам мәселесі.
- •49. Номинализм және реализм
- •50. Ортағасырлық фил.Ның теоцентрлік сипаты.
- •51. Орыс философиясының тарихы.
- •52. «Өмір философиясы» өкілдерінің көзқарасы
- •53. Платон,Аристотель фил.Дағы әлеумет мәселе
- •54. Позитивизм философиясы.
- •55. Постпозитивизм философиясының пәні туралы
- •56.Сцентизм және антисцентизм
- •57. Табиғат және қоғам.
- •58. Таным деңгейлері және формалары
- •59. Философия және дін.
- •60. Философия және саясат
- •63. Философияның негізгі функциялары.
- •64. Фил тарихдағы адам, тұлға мемлекет туралы идеялар
- •65. Фихтенің субъективті идеализмі
- •66. Ф.Ницше фил.Дағы әлеуметтік мәселелер
- •67. Ф Ницше фил.Ның ирроционолистік сипаты.
- •68. Фома Аквинскийдің фил/сы.
- •69. Француз ағартушыларының философиясы
- •70. Фрейд фил.Дағы “сублимация” ұғымы.
- •71. Ф.Энгельс адам жаратылысы туралы
- •72.Хайдегер ф-ясы туралы
- •73. Ы Алтынсариннің ағартушылық идеясы
- •74. Ұлттық сана және мәдениет
- •75. Шәкәрім философиясы.
- •76. Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымы
- •77. Шәкәрім «үш анық» туралы.
- •78. Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары
- •79. Экзистенциализм философиясы
- •80. Экзистенциализм фил.Сы адам туралы.
- •81. Эмпиризм және рационализм
- •82. XX ғ қазақ фил.Ның даму кезеңдері.
26. Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері.
Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымы оның өмір сүрген табиғаты мен соған бейімделіп, қалыптасқан шаруашылық түрлері, өмір салтымен байланысты. Қазақта жаңа дәуірге дейінгі негізгі шаруашылық формасы көшпенді мал шаруашылығы болды. Оның ерекшеліктері: біріншіден, табиғатқа бас июді талап етті. Қазақ халқының ертеден ақ экологиялық санасы биік деңгейде болғаны анық. Екіншіден, ата бабаларымыз ерікті болып, бас бостандығын қастерледі, қазақ жерінде құлдық болған жоқ. Үшіншіден, көшпенділік теңдікті талап етеді. Дамыған феодализм болмады. Төртіншіден, көшпенді халықта әлеуметтік айырмашылық аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы басым. Бесіншіден, байлықтан гөрі ар намысты жоғары ұстау көшпенділерден шықты. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау. Жетіншіден, әрдайым көшіп қону болғандықтан қауіп қатерді бастан кешіру барысында ерлікті батырлықты қасиет етті. Сегізіншіден, өмірді қамшының сабына теңеді. Өмірді қастерледі. Әрбір күнді тойлау өзін шешендікке тәрбиелеген. Тоғызыншыдан, досқа адал, дұшпанға қатал болды. Қиналғандарға қол ұшын берді. Оныншыдан, ата ананың үлкенді сыйлау, құрметпен қарау. Бұлар мыңдаған жыл жиналған қасиеттер.
27. Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері
Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек.
28. К.Юнг философиясындағы «архетип» ұғымы.
Карл Густав Юнг (1875-1966 жж.) басында өз ұстазының (З.Фрейд) көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсіне бастайды. Аурулардың көрген түстерін сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгімелеріндегі кейіпкерлердің бейнелерін байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең «ұжымдық бисаналық» формалардың бар екенін байқайды. Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжірибесінен шыққан неше түрлі психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебіреністерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық» бүкіладамзаттық тәжірибені қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжірибесін, сонымен қатар адамға дейінгі хайуандық «жасырылған іздерді» байқауға болады. Олардың көбін халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, діни сенімдіктеріндегі бір-біріне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перілер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсіне келеді. Олардың бәрін К.Юнг «архетиптер» деген ұғыммен береді. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тірі тұлға өзінің өмір шеңберінде алған тәжірибесін сол символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Сонымен қатар олардың көбі тіпті тұқым қуу механизмдері арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннің өзінде де өмірде қайталана беріледі.