Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / экзамен / Шпора / философия_2009..doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
317.44 Кб
Скачать

30 Абайдың дінге көзқарасы

Қазақтың ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениет тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл – демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы болды(1845-1904). Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, ф.ялық аудармалар, проза мен әндерден тұрады.Абай сыншыл болды. Ол дүниетанымдық мәселеде Алтынсарин секілді, деизмге жақын болды. Ол құдайды оз заңдары бойынша дамып жатады деп түсінеді.Ол дінбасылар мен діни надандықты, фатализмді атеизм тұрғысынан емес «нағыз»дін немесе рационалдандырылған дін позициясы тұрғысынан сынады.абай бір жағынан Құдй бар деп, екінші жағынан дүниенің әлемнің объективті заңдылығы бар деп түсінді.Діңбасылардың насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды.

31 .Абай Құнанбаевтың адам туралы мәселесі

Абай Құнанбаев (1845-1904). Адам - өз тағдырының қожасы және құрушысы. Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің құндылығы, әр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары – АБАЙ тұжырымдамасындағы негізгі идеялары. өз шығармаларында ол адамға мейірмандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу – жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.

Адамның әр түлілігі жайлы айта келіп, АБАЙ әр адамның өмірде өз табудың мағыздылығын атап көрсетеді. Адам өз орнын өзін табуына жол сілтеу, бағыт беру ағартушының бұқараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан кейін адам бол деген АБАЙ этикасының негігі принципінің маңынасы мен мәні ашыла түседі: әр адам өзінің шығармашылық мүмкіндігін іске асырып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.

32. Француз ағартушыларының философиясы

Идеялық тұрғыдан жаңа философия, 17ғасыр философиясының дәстүрін жалғастырушы және оның нақтылаушысы. Философиялық ойлардың эволюциялық ерекшеліктері айқындала бастады. Ағылшын ойшылы Бэкон мен Локктың философиясын жалғастырушы француздар Дидро мен Гольбах болды. Ал Декарттың идеяларын неміс философы Кант жалғастырды. Франция бұл кезде буржуазиялық революцияны қарсы алу барысында бұрынғы феодалдық және клерикалық идеяларды терістеуде философтардың белсенді әрекетін қажет етті. Францияда философия университет қабырғасынан тысқа шығып, тыйым салынған баспаларда жариялана бастады. Философия идеологтар мен саясаткерлердің ісіне айналды. 18 ғасырда философиялық тербелістер Англияда басталып, Франция, Германияға ығысты. 18 ғасырда Франциядағы философия қоғамдық мәдени қозғалыстың дамуындағы ағартушылықтың негізгі күшәне айналды. Философ ағартушылар философиялық сананы көптеген сұрақтардың базистік инстанциясы деп түсінді. Бұл тұрғыда ұлы француз революциясының идеологтары Жан-Жак Руссо мен Вольтердің еңбектері ерекшеленеді.

Вольтер ең алғаш діни фанатизмді, феодалдық абсолютизмді, наным сенім мен адасушылықты, билік пен заңның қателіктерін сынға алады. Вольтер шынайы діннің жақтаушысы болды. Шынайы дін деп, ол жалпы адамзатқа ортақ моральдік принциптерді айтады. Вольтердің ойынша, моральдің басты принципі моральдің басты принципі ертедегі данышпандардың «Өзіне тілемегенді, басқаға жасама» атты нақыл сөзіне негізделген. Вольтер шығармашылығы философияны басқа ғылымдар сияқты қолданбалы сипатының бар екенін айқындауға негізделеді. Вольтер 1791 жылы Париждегі ұлы адамдарға арналған Пантионда жерленді.

Жан-Жак Руссо да Вольтер сияқты француз ағартушылар өкілінің бірінші толқыны. Ол адамдар арасындағы теңсіздікті жеке меншік пен мемлекеттік құрылымның теріс жағынан көреді.Ол адамдарға табиғатқа оралуды ұсынады.Ғылымды жақтаушы – цеинтист, жақтамаушы – антицеинтист. Бірақ кейіннен көзқарасын біршама өзгертіп, қоғамдық келісім шартты орнату адамдар арасындағы теңсіздікті жоя алады деді. Заң шығарушы билік, оның ойынша, халықтың иелігінде болуы керек. Бұл жерде ол халық тәуелсіздігін қорғайды.

18 ғасыр Француз ағартушылар философиясының шыңы Дидро және Гольбах болып саналады. Дидроның 35 томдық идеясы ағартушылық шығармасфының айқын белгісі. Гольбах пен Дидро сияқты алғашқы энциклопедистер 1770 жылы «табиғат жүйесі» атты еңбегі библияның материализмі есебінде қабылданды.Гольбах материалист болғандықтан, материяны рухани өмірден тәуелсіз өмір сүреді деді. «Ең қиын феномен адам санасына түсіндірме бермек болғанда, оны табиғаттың модификациялануы», - деп түсіндіреді(Гольбах). «Материяның өмір сүруі - қозғалыс» (Гольбах). Қозғалысты ол механистік, химиялық, биологиялық деп бөлді.Оның ойынша, табиғат – бүтіндік, ол себеп салдардың жалғасы деп түсіндіреді.Сондықтан бұл жерде дінге орын жоқ деген. Гольбах – атеист. Барлық құбылыстар қажетті және де ол заңдар объективтілігінің салдары дейді. Оның ойныша, кездейсоқтық табиғатта жоқ. Заттардың тәртіппен орналасуынан жер бетінде өмір пайда болды. Ең жоғарғысы Адам өмірі деген. Оның ойынша, идеялар адамның тәжірибелік іс әрекетінен туындайды.

Соседние файлы в папке Шпора