Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / экзамен / Шпора / философия_2009..doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
317.44 Кб
Скачать

68.Қозғалыс формалары, «даму» ұғымы

Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді, ал оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс – бүкіл болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уақыт – қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуы тиіс.

Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша анықтама беруге болады, ол – Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс – әрекет.

Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай).

Қозғалысты материяның ішкі қайшылығынан шығатын өмір сүру тәсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген көлемді еңбегінде оның бес түрін ашады.Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қозғалыс формалары.

Бүгінгі ядролық физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық бөлшектердің бір біріне өтуін, электромагниттік, гравитациялық, нейтрондық өрістер, атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартыстарды т.с.с. жатқызады.

Заттар мен құбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс пен жарықтың тарауын т.с.с. физикалық қозғалыс формасына жатқызуға болады.

Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі – ерекше ғажап биологиялық қозғалыс формасына жатады.

Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бері өзгерістерді ерекше геодлогиялық қозғалыс формасына жатқызу керек деген пікір айтады.

Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы – ол әлеуметтік. Оның еркешелігі – адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше түрлі мақсат қойып, бір бірімен бірігіп, айнала қоршаған ортаны өз ойына сай етіп өзгертуінде.

69. Ф.Энгельс адам жаратылысы туралы

Ф.Энгельстің айтуынша, біз табиғатқа басқыншылардың жеңіліске ұшыраған халыққа жасайтын үстемдігіндей немесе табиғаттың сыртында тұрған әлдебір күш тәрізденіп өктемдік жасай алмаймыз, біз, керісінше, жан тәнімізбен, қанымызбен және миымызбен табиғатқа жатамыз, соның ішіндеміз. Бірақ туған күннен бастап адам бұрыннан қалыптасып қалған күрделі қоғамдық байланыстар жүйесінен орын алады, соның ішінде өсіп жетіледі, білім – тәрбие алады, сол жүйеде оның әлеуметтік орны, жағдайы анықталады. Оның адамдық қасиеттері: ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат тілегі, мінез құлқы, моральдік бейнесі іштен өзімен өмір сүру барысында қалыптасады. Және де бұлардың бәрі оның денесінің, организмнің, миы мен жүрегінің, бес түрлі сезім мүшелері мен қол аяғының, т.б. мүшелерінің қызметінен тысқары бір бос қуыста емес, сол қызметтің қатысуымен «дененің өз юойында» туып дамиды.

71 Диалектика заңдылықтар мәні.

Диалектика даму процесі туралы жан жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың,құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зерттейтін обьектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категориялар қамту ауқымының кездігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеуі арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізгі емес заңдары деп те атайды. Себебі , олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі. Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетіліуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбіріне еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей, қыр сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны адамдардың санасынан, ақылына тәуелді емес. Категориялар объекті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.

Соседние файлы в папке Шпора