Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / экзамен / Шпора / философия_2009..doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
317.44 Кб
Скачать

67. Орыс философиясының тарихы.

Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. баста-лып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекетте-рінің Құдай нүрының шапағатына қатысты екенін негіздей бас-тайды. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-түрысын ретке келтіретін мақал-мэтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негіздеуге бағытталды.

Славянофилдер мен батысшылар ағымы. «Алтын Орда» мемлекетінен өз дербестігін алып, Мэскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «үлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын право-славиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде Дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негіздел-ген «Мәскеу - үшінші Рим» деген философиялық көзқарас пайда болды. Мү_ндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс Халқының ерекше өзіндік болмысы мен мэдениеті, философиялық °й-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды тудырды.

Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар боданды-РьШда екі ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып ^Й, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тэлім-тэрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бүл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар» деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті. Ақырында, болыиевиктер бүл шиеленісті «батысшылардың» пайдасына шешті. Алайда бү_л екі ағым арасындағы астыртын күрес эрі қарай жүре берді.

Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз жэне қалай қарай дамуымыз керек?» деген сүрақ тағы да дүниеге келіп, аз уақытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы элеуметтік қүрылымда аз өте бай топпең қатар, негізгі халықтың қайыршылануына экеліп, XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бүлардың көзқарастарының «славянофилдерге» жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тэжірибесін (эсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша экскурс осы елдегі философиялық ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме д§ген ойдамыз.

Енді эңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бү_л ағымның негізін қалаған П.Я.Чаадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық жэне рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тэртіпті. Еуропа кұндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азамат-тық еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негізделген күшке табыну, соның нэтижесінде барлық адамдардың қүлға айналуы, түлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нэрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадаев Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католик-тік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтары-ның тарихи тэжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде қүруы керек.

П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор эсерін тигізіп, «батысшылар» тобының қалыптасуына экелді-Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.

В.Е.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай қарап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропанын, бір ғасыры Азияға мэңгіліктей. Барлық үлылық, асылдық, адами-руханияттылық Еуропа топырағында байшешектей гүл жарьіп, өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, эдет-ғүрыптың нэзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып иге-руі, материяның жеңіліп, рухтың көкке қарай өрлеуі, адамның кісі-лігін сыйлап, оның қүқтарын бүлжытпай сақтауы... - бэрі де Еуропа өмірінің дамуының нэтижелері» - деп қорытады В.Е.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқа-расқа түзету енгізер ме еді, кім біледі?

«Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан қүтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адам-заттық құндылыктары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.

Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойын-ша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі - патшаға, Құдайдікі - Қүдайға» деген қағиданы үстады. Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мэдениеттің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушы-лық өзінің ішкі мүмкшшілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста болды.

Қоғамды реформалаудағы негізгі мэселелердің бірі - Ресей қоғамы жекеліктің, я болмаса қауымдастықтың негізінде даму керек пе? - деген сүраққа жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тэн нэрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз» деген нақыл сөздің астына эрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.

Соседние файлы в папке Шпора