Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / экзамен / Шпора / философия_2009..doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
317.44 Кб
Скачать

65.Болмыс және материя ұғымдары

Болмыс категориясы шындықты бейнелейтін негізгі философиялық ұғымдарға жатады.Болмыс ұғымының мағынасы 3даму кезеңінен өтті:1.Мифологиялық тұрғыдан қаралды;2.Натуралистік онтология;3.Болмысты адамның іс әрекетімен таным арқылы байланыстырады.Ең бірінші кезеңде,болмыс құпия ,күштерге толы шындық деп танылып,образдық бейнелеу арқылы түсіндірілді.Натуралистік онтология болмысты заттар мен құбылыстар әлеміне теңестірді.Ең алғашқы болмысты енгізген көне грек ойшылы Парменид:"Болмыс–бар болу,өмір сүру,одан басқа ештеңе жоқ,ал жоқ болу–болмыссыздық."Ол әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына,мәңгілігіне,ең бастысы бар болуына,өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.Гераклит:"Болмыс–үзіліссіз қалыптасу.Үзіліссіз қалыптасу–космос шеңбңерінде төрт стихияның бір бірімен өзара араласуы".Платон:"Болмыс–мәңгілік өмір сүретін,өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі.Ол 3 онтологиялық субстанциядан тұрады:1.Тұтастық,ешқандай белгісі жоқ және бөлінбейді,басы да,аяғы жоқ,қозғалмайды және кеңістіктен тысқары.2.ақыл.3.жан".Ортағасырлық философия бір ақ бомысты мойындайды:"Шынайы болмыс–жаратушы.Ол жоқты бар етіп жасады".Жаңа заман философиясы болмыс мәселесін 2 тұрғыдан түсіндірді:1Субстанционалдық тұрғыдан.2.Кант бастаған субьективтік тұрғыдан.Кант болмысты 2 бөлді:апериорлы,апостериорлы.Болмыстың формалары: әлемдік, табиғи, қоғамдық, адам, заттар, т.б.Материя ұғымы–дүниені адамның санасынан тыс,әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып,бірге жасасып,тарихи түрде қалыптасқан.Объективті идеалистердің (Платон,Гегель) тұжырымы бойнша,материалдық дүние дегеніміз–бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән сипаты бар ақыл ойдың,абсолюттік идеяның нақты көрініс табуы,іс жүзіне асуы.Аристотель:"материя–барлық заттар құралып,жасалып шығатын материал,ол түр арқылы ғана мәнге ие болады" деген.

66. А.Эйнштейн теориясының философиялық маңызы.

А.Эйнштейн 1905 ж. өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарады. Бұл теорияның негізінде ғарыштағы ең асқан жылдамдық – сәуле жылдамдығы 300 мың км. сек. деген қағида жатыр. Онымен салыстырғанда, басқа жылдамдықтарды 0-ге теңеуге болады. Мысалы, жердегі дыбыс жылдамдығы 340 м.сек. – сәулемен салыстырғанда тұрақты деуімізге болады. Егерде қайсыбір ғарыштағы үрдістің жылдамдығы сәулеге жақындаса, онда оның көлемі қысқарып, уақыт баяулап, салмағы күрт өседі. Дүниедегі жылдамдық шектелгеннен кейін, ғарышта бір уақытта болып жатқан үрдістер жоқ. Ғарыштағы әрбір жүйенің өз уақыт есебі бар.

А.Эйнштейн 1916 ж. өзінің жалпы салыстырмалы теориясын жасайды. Оның түйіні ғарыштағы орасан зор объектілердің гравитациялық тартым арқылы айнала қоршаған кеңістікті қисайтуы болып табылады. Сонымен кеңістік пен уақыттың қасиеттері ғарыштағы объектілердің массасының (салмағының) бөлінуіне байланысты өзгеріп отырады екен.

Олай болса, кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. А.Эйнштейннің өзі айтқанындай: «Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыстырмалы теорияға сәйкес, заттармен бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана».

Қорыта келе, кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті формалары ретінде қарап, сонымен қатар оны философия, физика т.б. ғылымдардың іргетасты категорияларына жатқызуымыз керек. Дүниеде еш жерде кеңістік пен уақыттан тыс: өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс жоқ.

Соседние файлы в папке Шпора