Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / экзамен / Шпора / философия_2009..doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
317.44 Кб
Скачать

48. Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері.

Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымы оның өмір сүрген табиғаты мен соған бейімделіп, қалыптасқан шаруашылық түрлері, өмір салтымен байланысты. Қазақта жаңа дәуірге дейінгі негізгі шаруашылық формасы көшпенді мал шаруашылығы болды. Оның ерекшеліктері: біріншіден, табиғатқа бас июді талап етті. Қазақ халқының ертеден ақ экологиялық санасы биік деңгейде болғаны анық. Екіншіден, ата бабаларымыз ерікті болып, бас бостандығын қастерледі, қазақ жерінде құлдық болған жоқ. Үшіншіден, көшпенділік теңдікті талап етеді. Дамыған феодализм болмады. Төртіншіден, көшпенді халықта әлеуметтік айырмашылық аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы басым. Бесіншіден, байлықтан гөрі ар намысты жоғары ұстау көшпенділерден шықты. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау. Жетіншіден, әрдайым көшіп қону болғандықтан қауіп қатерді бастан кешіру барысында ерлікті батырлықты қасиет етті. Сегізіншіден, өмірді қамшының сабына теңеді. Өмірді қастерледі. Әрбір күнді тойлау өзін шешендікке тәрбиелеген. Тоғызыншыдан, досқа адал, дұшпанға қатал болды. Қиналғандарға қол ұшын берді. Оныншыдан, ата ананың үлкенді сыйлау, құрметпен қарау. Бұлар мыңдаған жыл жиналған қасиеттер.

49) «Өмір философиясы» өкілдерінің көзқарасы

XIX ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» (Ницше, В.Дильтей, А.Бергсон) ықпалымен 20 жылдары М.Шелер (1874-1928ж.) мен О.Шпенглер(1880-1936ж.). негізгі еңбектері: «себептілік және тағдыр», «Европаның құлдырауы» және басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррационалдық (ақыл жетпейтін) философиялық ағым пайда болады. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке «өмірді» танып-білудің бірден-бір қайнар көзі – инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратылған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым (М.Шелер). Қоғамдық процестердің дамуы ирроционалдық «өміретгані», «опат болуды күту» т.с.с. күштермен бағытталады. Мысалы, Батыс мәдениеті өркениеттің белгілі бір сатысында, өзінің жойылуына аяқ басты. Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін ойлануға қорқып жақындап келеді.( Ницше)

51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы

Постпозитивизм философиясы ғылымның дайын шешімдерін, ғылыми мәнді зерттейді. Оның екі бағыты бар: критикалық рационализм және тарихи-социологиялық позитивизм. Критикалық рационализмнің негізін салушы Карл Поппер (1902-1994). «Логика және ғылыми білімнің өсуі». Оның басты мақсаты: ғылыми білімді метафизикалық ғылыми емес білімнен бөлу. Тарихи социологиялық позитивизмнің өкілі Томас Кун (1922). «Ғылыми революцияның құрылысы». Методологияға емес ғылым тарихына жақын. ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық проблемалардың шиеленісуі, көптеген социолистік елдерде тоталитарлық режимдардың қалыптасып қирауы, бірінші және екінші соғыстардың салдары, т.б. осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді.

Соседние файлы в папке Шпора