- •1. Көзқарас және оның формалары.
- •2.Антикалық фил.Ның космоцентристік сипаты.
- •3. А.Шопенгауер «бақыт» туралы
- •5. Платон,Аристотель фил.Дағы әлеумет мәселе
- •6.Жүсіп Баласағұн «бақыт» туралы.
- •8. Ортағасырлық фил.Ның теоцентрлік сипаты.
- •9.Қазақ философиясының ерекшелігі
- •10.Философияның негізгі функциялары.
- •11.Фома Аквинскийдің фил/сы.
- •12.Шәкәрім «үш анық» туралы.
- •14. Мұсылмандық философия және перипатетизм
- •16.Эмпиризм және рационализм
- •18. Қазақ философиясының даму ерекшеліктері.
- •19 Жаңа дәуір филос.Ның ғылымицентр
- •20. И.Канттың Трансцендентальды философиясыы
- •21.Қазақ философиясындағы болмыс мәселесі
- •22.Қайта өрлеу дәуірі философиясының антропоцентристік сипаты.
- •23.Фихтенің субъективті идеализмі
- •24. Қазақ философиясындағы экологиялық шарттар.
- •26.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
- •27 Хайдегер ф-ясы туралы
- •28. Л.Фейербархтың антропологиялық мәселесі.
- •29 Таным деңгейлері және формалары
- •30 Абайдың дінге көзқарасы
- •31 .Абай Құнанбаевтың адам туралы мәселесі
- •32. Француз ағартушыларының философиясы
- •33. К.Юнг философиясындағы «архетип» ұғымы.
- •34. Артур Шопенгауэр философиясы.
- •35 Ақиқат,тәжірибе теориясы
- •36 Дін және ғылым
- •37 Ы Алтынсариннің ағартушылық идеясы
- •38 Сцентизм және антисцентизм
- •39.Философия және саясат
- •40 Ф Ницше фил.Ның ирроционолистік сипаты.
- •41.Абайдың “Қара сөздері” еңбегінің мәні.
- •42.Философия және дін.
- •43.Шәкәрім философиясы.
- •44.Марксизмнің тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру принциптері.
- •45. Экзистенциализм фил.Сы адам туралы.
- •46) Позитивизм философиясы.
- •48. Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері.
- •49) «Өмір философиясы» өкілдерінің көзқарасы
- •51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы
- •52.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары
- •54.Ф.Ницше фил.Дағы әлеуметтік мәселелер
- •56.Қоғамдық сана және формалары
- •57.Ақын – жыраулар фил.Дағы “өмір” мәселесі.
- •58.Экзистенциализм философиясы
- •59.Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары
- •60.Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі
- •62"Индустриалды","информациялық","ашық қоғам"
- •63. Табиғат және қоғам.
- •65.Болмыс және материя ұғымдары
- •66. А.Эйнштейн теориясының философиялық маңызы.
- •67. Орыс философиясының тарихы.
- •68.Қозғалыс формалары, «даму» ұғымы
- •69. Ф.Энгельс адам жаратылысы туралы
- •72.Марксизм фил адамның мәні туралы
- •73.Көне үнді фил.Ның даму ерекшеліктері
- •74.Қр. Дамуындағы стратегиялық бағыттар
- •76 Неотомизм философиясы
- •77 Диалектикалық категориялар жүйесі
- •78 Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымы
- •79 Абайдың дінге көзқарасы
- •80 Фил тарихдағы адам, тұлға мемлекет туралы идеялар
- •81. М.Шаханов поэзиясындағы «рухани құндылықтар» мәселесі.
- •82 XX ғ қазақ фил.Ның даму кезеңдері.
- •84.Неотомизм философиядағы адам мәселесі.
- •85.Жүсіп Баласағұн философиясындағы бақытты болу идеясы.
- •86.Ұлттық сана және мәдениет
- •87.Фрейд фил.Дағы “сублимация” ұғымы.
- •88. А.Иассауидің сопылық философиясы
- •89.Номинализм және реализм
- •90.Қазақ фил.Дағы өмір мен өлім мәселесі
- •1. Көзқарас және оның формалары.
33. К.Юнг философиясындағы «архетип» ұғымы.
Карл Густав Юнг (1875-1966 жж.) басында өз ұстазының (З.Фрейд) көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсіне бастайды. Аурулардың көрген түстерін сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгімелеріндегі кейіпкерлердің бейнелерін байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең «ұжымдық бисаналық» формалардың бар екенін байқайды. Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжірибесінен шыққан неше түрлі психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебіреністерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық» бүкіладамзаттық тәжірибені қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжірибесін, сонымен қатар адамға дейінгі хайуандық «жасырылған іздерді» байқауға болады. Олардың көбін халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, діни сенімдіктеріндегі бір-біріне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перілер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсіне келеді. Олардың бәрін К.Юнг «архетиптер» деген ұғыммен береді. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тірі тұлға өзінің өмір шеңберінде алған тәжірибесін сол символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Сонымен қатар олардың көбі тіпті тұқым қуу механизмдері арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннің өзінде де өмірде қайталана беріледі.
34. Артур Шопенгауэр философиясы.
XIX ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең өріс алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық концепциялардың қалыптасуына үлкен әсер етті. Сезімдік түйсінуді, немесе ақыл-ойды өз концепцияларының негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер, интуиция, инстинкт сияқты психикалық құбылыстарды дәріптеген және оған табынған жаңа философиялық бағытгар пайда болды. Осы ағымдардың көрнекті өкілдерінің бірі — неміс философы Шопенгауэр Артур (1788-1860жж.). Негізгі еңбектері: "Әлем жігер(ерік) және елестету ретінде", "Табиғаттағы жігер туралы"," Афоризмдер мен максималар" т.б.
Шопенгауэрдің пікірінше, таным процесі кезіндегі біздің қарастырып жүргеніміз, шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланыстағы объект, немесе елестету ғана. Елестетуден басқа одан да гөрі ауқымдырақ құбылыстардың бар екенін зерттей келе таным субъектісі, яки жеке адам өз басының тәжірибесі негізінде, жігерді өзінің ішкі мәні деп таниды. Жігер әр уақытта рухани акт. Жігер кейбір құндылықтарды қалыптастырады, ал оларды құндылық ретінде мойындағаннан кейін, өзі соған ұмтылады. Жігердің өзі екі түрлі мәннен тұрады: 1) елестету ретінде немесе объективтендірілген жігер; 2) әркімге белгілі — саналы жігер, яки дененің өзіндік болмысы. Басқаша айтқанда, әмбебаптық жалпы жігер объективті тұрғыда — табиғат және адам денесі ретінде бейнеленсе, субъективті тұрғыда — саналы жігер ретінде көрінеді. Жігер тек адамдарға ғана емес, жалпы табиғатқа тән құбылыс, сондықтан ол барлық құбылыстардың ішкі мәні. Мысалы, өсімдіктің өсуін жетелеуші күш те, заттарды кристалдандыратын күш те, магнит күші де, барлық материалдық деңелерге тән салмақтылықтың арқасында оларды жерге тартатын күш те — жігерге жатады. Жігер өзіндік зат ретінде кеңістіктен де, уақыттан да, себептіліктен де тыс жатыр. Жігер себепсіз болғандықтан, оны танып білуге болмайды. Бірақ ол объект ретінде танымда елестетілетіндіктен кеңістік пен уақытта индивидуациялық қағидада (әмбебаптық жалпылықты жігердің жеке және ерекшеленген денелерге бөлгеннен кейінгі олардың өмір сүруі) бағынады және соның арқасында өмірлік жігерге айналады. Өмірлік жігер рухани акт болғандықтан, әр уақытта жігер еркіндігі, немесе өзіндік себептерді (мотив) таңдау мүмкіндігі ретінде көрінеді. Осы қасиеттерінің арқасында адамдар өз еркімен өз мүддесіне қарсы келетін, керек болса өзін-өзі құртатын, өзіндік себептерді таңдап алуы мүмкін. Мұндай қарама-қайшылық ивдивидуациялық қағидадан туындайды. Индивидуацияға байланысты қалыптасқан жаңа жағдайды түсінгенде, адамға әділеттілік пен жанашырлық қасиеттер пайда болады. Ал жанашырлық әдеіттіліктің негізі. Жанашырлық тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тән.
Ал, индивидуацияның салдары өмір қасіреттеріне әкелсе, онда одан құтылудың жолы біреу-ақ, ол өмірге құштар жігерді құртып, индивидуациялық қағидадан құтылу. Жігер өз алдына жете алатындай мақсат қоймайды және түпкілікті қанағаттанарлыққа, бақытқа жетуге қабілетсіз, сондықтан ол ылғи да ұмтылыста болуы керек, себебі ұмтылыс оның жалғыз мәні ғана. Кеңістік пен уақыт арқылы белгіленген объектілерді, себептілік қағидасын басшылыққа алған ғылымдар қарастырады. Ал өнер данышпандары, өздерінің фантазия күшінің арқасында мәңгілік идеяларды танып-біліп, оны поэзияда, бейнелеу өнерінде, музыкада көрсете алады. Ал музыканың рөлі қалған өнер түрлерінен ерекше бөлек, себебі онда тек идея ғана бейнеленбейді, сонымен қатар, ол әлемдік жігердің бізде тікелей объективтендірілуі болып табылады.
