Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / КӨНЕ ҮНДІ ЖӘНЕ КӨНЕ ҚЫТАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
119.81 Кб
Скачать

Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары

Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын, бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін Үңді еліндегі ойлау жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен мүлдем бөлектігімен, оны белгілі бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Шынында да, әр халықтың емір салты, дүние туралы түсінік-ұғымдары, пайымдау тәсілі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың ез тілінде қалыптасқан философиялық ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу мүйкін емес. Мысалы, қазақ халқының адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аударған күнде де олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге болмайды.

Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының мазмұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық.

Архат - "жауды жеңуші" дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

Атман - бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: "мен", "өзімді", "дене". Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы - индивидуальдік және универсальдік космостық психикалық болмыс ретіндегі "адам". Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанңионалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, "брахман" ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

Брахман - бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брахмандардың өкілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.

Будда - "нұрланған", "оянған". Кең мағынасында - арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын көрсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тармағынасында - будда дінінің негізін қалаушының аты.

Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (dharma) - бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда ілімі, рухани білімнің квинэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттіліқ, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы - болмыстың элементтері. Әлемдік процесс - себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі - абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.

Йога - әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жетілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога - терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (pudgala) жеке элементтерден тұратын рухани бөлік пен атомдардан тұратын физикалық құрылымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгерте алады. Бұл элементтер - бағалык сараптау жасай білу қабілеті және ойларьімызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Samadhi немесе уоga деген осы.

Карма - "іс-әрекет". Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар туғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады.

Нирвана -"жоғалу", "сөну", Күнделікті өмір - бітпейтін қүйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана - осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикадан және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғымы арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен байланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ, ол зұлымдық пен құмарлықтардың тынышталуы, сезінбеудің толық дәрежесіне жету.

Сансара - азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры - білместікте, сондықтан одан құтылу жолы - нирванаға ену.