4) эмоциялық өріс - оқушылардың жеке тұлғасының моральдық қалыптарын және адамгершілік ұстанымдарына сай жан ашуы, рахметі, көңіл-күйі, ар-намысы, ықыласы пайда болып, біртіндеп уақыт өте қалыптасады. Тәрбиелеу мен ыждағаттылықты қажет ететін үдеріс. Егер де өз өмірімізге шолу жасасақ бірнеше тұжырымдар шығады:
- жеке тұлға өзінің өмірлік құндылықтарына сай қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын тәсілдерді таңдайды;
- жеке тұлға өзінің қажеттіліктерін де, өзінің сезімін де, өзі басқарады;
- жеке тұлға өзінің білімдері мен өмірлік тәрбиесін талғауды дұрыс жасай алса, дұрыс жолдарды саралай алатын болады.
5) ерік-жігер өрісі - оқушылардың алдына қойған мақсатына жетуге қажетті табандылық, тәртіптілік, танымдық сияқты қасиетін дамыту, мақсатты тиянақты, тереңдете талпыныстар жасау орын алуын қажет етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, адамның алдына қойған мақсаты, арманын өзі толық түсінген, жауапкершілігін арттыратын қозғаушы күшке айналады. Адамның өзін-өзі реттеуі, тәртіпті болуы, табандылығы, білімдері мен тәжірибесіне сүйенуіне қосымша біліктілігі ерік жігерін тәрбиелеуге негіз бола алады;
6) өзін-өзі реттеу өрісі - жеке тұлғаның ар-ұят, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі сынау, басқалармен салыстыру, өзін-өзі тануы, өзіне-өзі есеп беруі, бәрі қосылып өзін-өзі мінез-құлқын, жүрыс-тұрысын реттеуге жеткізеді. Өзін-өзі реттеу дегеніміз - жақсы істерге әрекеттену, тек іс-қимыл жасау ғана емес, соны қалыптастыру. Өзін-өзі реттеу үрдісінде субъектінің белсенділігі мақсатына, қабілетіне, ұйымдастырушы қабілетіне байланысты.
7) заттың тәжірибелік өрісі - жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтар негізінде әрекет жасау, амал табу, қиындықтардан қашпау сияқты мәселелерді ұтымды ойластыру және жүзеге асыруға қатысты болмақ. Психологтар кез-келген іс-әрекет қабілеттілікті дамыта алмайды, жеке жетілген қабілет дамыта алады деген пікірді білдіреді. Олай болса, жеке тұлға өз қабілетін пайдалану арқылы құндылықтарды игеріп және оларды жемісті түрде іске асыруға болатын тәсіл таңдайды, ол экзистенциалдық өріске тәуелді болады;
8) экзистенциалдық өріс - іс-әрекеттерге деген сапалы қатынас, адамгершілік жағынан өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, әрбір тұлғаға адамгершілікпен, ізгі ниетпен қарым-қатынас жасап, жақсылық істеу құндылықтарды дамытады. Ең ізгі тілек, жақсылық жасасаңыз да, жамандық жасасаңыз да, жауабы болады деген ойды ұмытпаңыз, демек жақсы ниетте болыңыз, жақсы ойда жүріңіз. Адамның қоршаған ортамен қатынас жасауына көмектесетін көзқарастары мен құндылық бағыттары, адамгершілік құндылықтардың қалыптасудағы өзіне құнды деген құндылықтарды айқындаудағы идеялары, көзқарастары мен құндылықтарын таңдау қызметін атқаратын экзистенциалдық өрісінің мәнін анықтайды. “Мен” тұжырымдамасында көрсетілгендей “Мен” өзін-өзі сыйлауды, адамдарға деген дұрыс қатынасты, әлеуметтік өзара қарым-қатынас, достықтары, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы өзіне құнды деген оң құндылықтарды қалыптастыруға талпыныс жасайды.
Айтылған өрістер бір-бірімен өзара байланысты, сонымен қатар сабақтас, бірімен-бір астарластық мақсатты әрекеттердің орындалуын талап етеді:
1. Шәкірттердің жеке тұлғасының психологиялық үрдісінің сыңарларын біріктіру мақсатында адамгершілік іс-әрекет пен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
2. Этикалық жағдаяттарға талдау жасау, оларды әрбір жеке тұлға айналасымен қарым-қатынаста, мінез-құлық пен іс-әрекеттердің адамгершілік үлгілерін таңдау;
3. Ұжымдық еңбекті ұйымдастыру және уәждемелеу.
Нақты мәселені сөз ететін болсақ шәкірттердің адамгершілік құндылықтарын игеруге бағытталған оқу-тәрбие жұмыстарының құндылықтарын арттыру, жеке тұлғалардан үлгі алу нақтылық жағдайда өмірмен тікелей байланысты, жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралардың өзіне талдау және саралау жасап жетілдіріп, құндылықтарды пысықтап арттырып отырамыз.
Адамгершілік құндылықтарды игеру, талдау мен жинақтау, қорытындылау мен болжамдау арқылы байланыстар жасауда білімнің сапасын дамытуы үшін үдеріс пен таным нәтижелерінің рефлексиясы қажет. Қарым-қатынастық, кооперативтік, жекелік, интеллектуалдық түрлерге рефлексияның бөлінетіндігі анықталды.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы мынандай рефлексивті әрекеттер: құндылықтарды талдау, салыстыру, қорытындылау арқылы жүзеге асырылады деген пікірге көптеген еңбектерде тыңғылықты зерттеулер арқылы тиісті қолдау арқылы байқалды. Талдау, салыстыру, қорытындылау амалдары құндылықтары мен іс-әрекетті сынау, интериоризацияландырылған құндылықтар негізінде мінез-құлық пен әрекетті қайта жобалау, жоспарлау, тиісті қорытынды жасау деген пікірге алып келеді.
Рефлексивті әрекеттерді игерулердің нәтижелігін оқушылардың өздерінің өмірлік мәселелерді, адамгершілік-этикалық жағдайдағы қарама-қайшылықтарды тиімді шеше алуларынан байқауға болады. Олай болса, өмірдегі нақты жағдайларды талдау, салыстыру рефлексивтілікті дамытатын жолдарды мұғалім ойластыра қолдану және ұжым болып оңтайлы жолды іздеуге сай жағдайларды қарастыру мәнділігімен сипатталынады. Шындығында өмірде күрделі жағдайлардың болатындығын ең дұрыс жолды табу, әрине, күрделі, рефлексивті әрекеттер, амалдар үдерісін қолдануға тура келеді.
Адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үшін өзін-өзі айқындау барысында қабілет пен интеллект деңгейін өлшеу әдістемесінен алынған Дж. Равеннің, Айзенктің тест бойынша мақұлдауы арқылы алынған ақпараттар коэффициентін есептеу арқылы алынды.
Рефлексияны болжау әдістемесі мен өзін-өзі басқаруды табу әдістемелерінің көмегімен өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару деңгейлерін анықтау мақсатында 290 оқушы тәжірибелік-экспериментке қатысты.
Тәжірибелік-экспериметте алынған нәтижелер 95 пайыздан асатын деңгейге Спирменің корреляция дәрежесіндегі коэффициенті бұл мәселені дәлелдейді. Сынып жетекшісі, мұғалімдер мен оқушылардың тәрбие беру үдерісіне рефлексияны жетілдіру мен оның белсенділігін арттыруға бағытталған мақсатты жұмыстары жүргізілді.
Адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға әсер ететін төрт құндылық қасиеттері тәрбие үдерісінде жеткіншектердің өзін-өзі тануының нәтижелілігін көрсетеді. Олар: ұжымдық, ізгілік, мейірімділік мінез-құлық, әдептілік іс-әрекеттерден тұрады.
Болжау, диагностикалау, кешенді жұмыстар, пікірлесу, кешенді ойлаулар адамгершілік құндылығы адамның жан-жақты дамуына әсер ететін ізгі қасиеттер болып табылады.
“Құндылыққа бағдарлау - бұл моральдық түсініктің жалпы бағалаушылық тұрғыдан оқушының ынтасын туғызып, оның әрекетін қамтамасыз етуші білік, мінез-құлықтың мақсатты бағытта реттелуі” деген А.И.Титоренконың анықтамасын еске ала отырып, адамгершілік құндылықтарды тереңірек зерттеуге бағдар береді.
Адамгершілік құндылыққа бағдарлау күрделі психикалық жаңа құрылымы ретінде екі құрамдастықтан тұрады. Бірінші құрамдастық уәждемелік - қажеттілік, оның басты мәні тұлғаның өз өмірінің басты мақсаты мен оларды қанағаттандыру сияқты іс-әрекетке талаптанудан өзін-өзі танып, мүмкіндіктеріне қарай өзін-өзі тәрбиелеу.
Құндылықты бағдардың екінші сыңары, яғни құрамдасы - жеке тұлғалардың басты мән-мазмұны нысанының бағалау белгілері оқуда және еңбекте, шығармашылықта жетістіктерге жету арқылы құрылады. Адамгершілік құндылықтарының рухани белгілерін өз нысаны ретінде жобасын, жоспарын ұйымдастыру, түзетулер енгізу, ойлау, көріністі талдау, т.б. белгілері арқылы қабілеттері дамуы мүмкін.
Адамгершілік, жақсылық, батырлық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, әдептілік, имандылық, инабаттылық барлығы бірімен-бірі тығыз байланыста екендігін өмірлік тәжірибелер анықтап отыр. Сондықтан оқудағы, еңбектегі жетістіктерді талдаудың негізгі құралы адамгершілік құндылықтарының жеке ойлау түсінігінің динамикасы оқушылар санасында тиянақты орын алып, жан-жақты қалыптасуына жағдай туады.
Қазіргі қоғамдық жағдайда адамының рухани-адамгерлішік тәрбиелілігін қалыптастырудағы міндет етіп қоюда. Бұл міндетті шешудегі маңызды істің бірі рухани-адамгершілік тәрбиелілікті, адамгершілік сана, адамгершілік сезім, адамгершілік мінез-құлық, адамгершілік дамуды қалыптастыруды мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Осыған байланысты, біздерге жеткіншек жасындағы оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің мазмұнын құру қажет. Оқушыларға сабақ кездерінде рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесінде қазіргі педагогика ғылымының теориясы мен практикасында үш нобай қалыптасқан.
Кіріспе
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.
«Құндылық» термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау –баға негізіне алынған өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Əрқандай тарихи нақты қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады.
Қорытынды
1. Қазіргі қоғамның жаңа жағдайында жеке адамның тұлғалық дамуына негіз болатын жалпы адамзаттық құндылықтың тірегі, адамгершілік құндылық болып табылады. Зерттеу мақсатымызға байланысты тәрбие үдерісінде жеткіншектерде адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда «құндылық», «адамгершілік құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық», «Қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылығы» ұғымдарының теориялық негіздері анықталып, сипаттама берілді.
2. Зерттеу жұмысымызға байланысты тәрбие үдерісінде жеткіншектердің (5-8 сынып) адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында құрылымдық-мазмұндық нобайы құрылды.
3. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары (ұйымдастырушылық, психологиялық өріс құрылымдары, педагогикалық - әдістемелік) анықталды.
4. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге жасаған жеке тұлғаның бірнеше өріс құрылымдары мен олардың адамагершілік құндылықтарды айқындауына септігін тигізеді. Олар: когнитивті өріс, мотивациялық өріс, эмоциялық өріс, ерік-жігер өрісі, заттық-тиәжірибелік өріс, экзистенциалы өріс.
5. Адамның белсенділігін жүзеге асырудың негізгі қозғаушы күші – рефлексия. Біз рефлексияға берілген көптеген анықтамалар мен түсініктерді қарастырдық. Рефлексивті біліктерді игеру арқылы оқушылар ойлаудың логикалық әрекеттерін, жеке тұлғаның адамгершілік мотивтері мен оның сезімін, ерік-жігерін біріктіре алады. Сондықтан, тәрбие үдерісінде адагершілік құндылықтардың қалыптасуы барысында оқушылардың рефлексивті білік пен дағдыларды иегруінде педагогикалық шарттар өте маңызды орын алады.
6. Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің (5-8 сынып) адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық техналогиясы ұсынылды.
7. Педагогикалық технологияның ерекшеліктері айқындалып, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне қарай «Адамгершілік құндылықтар әлемі» атты тәрбие технологиясы жасалды. Сабақ формалары мен әдістемелік көмекші құрал тәжірибеге ендірілді.
Жасалған қортындылар негізінде жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың практикалық ұсыныстарын белгіледік:
Ұсынылып отырған әдістемені тәрбие үдерісінде жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға болады.
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің (5-8 сынып) адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда біз ұсынған педагогикалық технологияны негізге алған жөн.
«Адамгершілік құндылықтар әлемі» атты тәрбие технологиясын сыныптан тыс тәрбиелік іс – шараларға пайдалануға болатындығы дәлелденді.
Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында 5-8 сынып оқушыларының адамгершілік құндылығын тәрбие үдерісінде қалыптастыруға байланысты ғылыми-теориялық семинарлар ұйымдастырылуға болады.
Көтеріліп отырған мәселенің күрделігіне орай, зерттеу толығымен шешім тапты дей алмаймыз. Бұл зертеуді келешекте тұтас педагогикалық үдерісте бастауыш және жоғары сынып оқушыларының адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда жалпы білім беретін мектеп және мектептен тыс мекемелерді кіріктіру арқылы жүзеге асыру бағыттарында дербес зерттеудің ғылыми нысаны етіп, жалғастыруға болады.
