|
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): "Раббысын еске алатын мен Раббысын еске алмайтынның мысалы өлі мен тірідей." (Имам Бухари) |
|
Аллаһ қияметте үш түрлі адаммен сөйлеспейді... |
|
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): "Аллаһ Тағала қияметте үш түрлі адамдармен сөйлеспейді. Оларды ақтамайды. Мейірім көзімен қарамайды. Олар үшін қатты азап бар. Олар: 1- Зинақор қарт, 2- Өтірікші сот (үкім шығарушы), 3- Тәкаппар кедей." (Имам Муслим) |
|
Амалдар ниетке байланысты... |
|
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): "Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі..." (Бухари, Муслим) Амалдарға құндылық беретін - ниеттер. Аллаһ Тағала жасалған істің сырт көрінісі мен адамдардың бағалағанына қарамайды. Ол, істі жасаған адамның ниетіне қарайды. Ықыласына баға беріп, әр адамның ниетіне қарай сауабын жазады... |
|
Бір адам дұғасының қабыл болуын... |
|
Ибн Омардан (р.а) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): "Бір адам дұғасының қабыл болуын және қиыншылықтан құтылуын қаласа, таршылыққа ұшыраған адамға жәрдем етсін." (Ибн Әбиддуния) |
|
Мен сені сағынғанда |
|
Мен сені сағынғанда, Қарамай жауындарға, дауылдарга, Қарсы қарап жүземін ағындарға, Кеудемде қимылдаған жаным барда, Мен сені сағынғанда, Бір минут та қақым жоқ дамылдарға. Мен сені қызғанамын, Қызғаныштан мұз шайнап, Тұз жаладым. Шаңқылдап алдымнан шық, Ана-қыран, Алыстан келеді ұшып мұзбалағың. Тәкаппар ең, өрлікке бола туған, Жет тездеп, Дауыл тұрғыз қанатыңнан. Сен - мендік, мен - сендікпін, ана-қыран, Қыранбыз, қырандардан жаратылған! Сағыныштың сағымын жамылғанда, Қарамай қара нөсер қағынғанға, Саған ұшам, Қалмайды сабыр жанда, Мен сені сағынғанда, сағынғанда... |
|
Қызық өмір |
|
Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат Қызық өмір, ақырын тұрсаң қарап. Біреулердің еңбегі еш, тұзы cop боп Біреулердің бақыты жүр сорғалап. Қызық өмір, кім білсін, сонысымен, Аласы мен құласы, торысымен. Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу Ұнатамын өмірді сол үшін мен. Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен, Құр қалмайды ешкім де үлесінен. Өліп-талып жеткенде бақытына, Шорт үзіліп, кей тағдыр түгесілген. Өміріме өзімнің таңданамын, Қалмайын деп қатардан қарманамын. Бүгінімді өткізсем қиындықпен, Ертеңіме үмітпен алданамын. Ұнатамын өмірдің ой-қырларын, Сауық құрып, сайрандап, той қылғанын. Өмір керек көлеңке, шуағымен, Өмір керек! Басқаның қойдым бәрін... |
|
Әйелдер-ай |
|
Әйелдер-ай! Әйелдер! Қандайсың?! Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың. Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың, Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың. Әйелдер-ай! Әйәйлар-ай, қандайсың?! Әйелдер-ай! Әйәйлар-ай, қулар-ай, Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай! Біле тұра бүйректерің бүлк етіп, Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай. Әйелдер-ай! Әйәйлар-ай, қулар-ай! ...Әйелдерді еркектерден көп дейді. Ойбай, Ойбай!.. Бола берсін көп, мейлі! Әйел деген әдемі ғой, әдемі |
