Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / шпоры Философия.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
285.18 Кб
Скачать

60.Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі

Ұлы ақын,ойшыл–демократ,сазгер Абай Құнанбайұлының қоғам өмірін түсінудегі көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды.Ол кезде қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”,тағы басқа өлеңдерінде реалистік тұрғыдан суреттейді.Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды аяусыз шенеді.

Халқына байларға сөздерің өтсін десеңіз еңбек етіп, оқу оқы дейді.

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық

61.Қазақ фил.ның қалыптасу ж\е даму ерекшелік

Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің бірі–философияның пайда болу мәселесі. Негізінен бұл мәселе әлемдік философияда талай пікірталас тудырып жүр.Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.Екіншіден,философия деген ұғымның өзіне осы күнге дейінгі дәл де толық анықтама берілген жоқ.Үшіншіден,қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.Қазақ тарихында философиялық құбылыстарды 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:1.Алғы философия–объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. 2.Философиялық кезең– объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана.3. Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған кезең. Қазақ философиясының басты ерекшелігі: парасаттан бөлінбей дамыған. Парасат философиясы 3 сипат арқылы өз мәнін ашады: 1.Сұңғылалық(интеллектуальный) 2.Кеңпейілділігі 3.Сабырлылығы (толерантность). Парасат философиясын келесідей қарастыруға болады:1.Поэзия(салт-дәстүр,әдет-ғұрып) 2.аңыз-ертегі,мақал -мәтел 3Күй.

62"Индустриалды","информациялық","ашық қоғам"

Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар мен фирмалар жетекшілігіндегі өнеркәсіпке негізделеді.И.қ-ның негізгі белгілеріне өнеркәсіптің қарышты дамуы, өнеркәсіптің мүлдем жаңа салаларының пайда болуы,ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен енгізуі,капитал салымы деңгейі ұлттық кірістің 20%-ына тең дейін жоғарылауы,қала тұрғындарының 60-90%-ға дейін өсуі,квалификациялық еңбек үлесінің артуы жатады.Ақпаратық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технология прогресіне тәуелді болады.

63. Табиғат және қоғам.Т. және Қ-ның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой толғамдар жүйесінде ерекше дүние танымдық маңызы бар.Қ, Т —дамудың жалғасы, ол екеуі тығыз бірлікте болады. Т пен Қ-ды байланыстырып та, жалғастырып та тұратын  материалдық өдіріс процесі, еңбек процесі деп кәміл сеніммен айтуға болады.Қ-дық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты–еңбек.Еңбектің арқасында ғана адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып, табиғаттың керемет құдіреті —ақыл-ойға,санаға,тілге ие болғанын жақсы білеміз.Ф.Энгельс:"адамды адам еткен еңбек" деп тұжырымдаған.Ал еңбек дегеніміздің өзі–адамның табиғатқа деген белсенді қарым-қатынасы.Т.пен Қ. арасындағы қарым қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға XIX ғ ортасында француз географы әрі социологы Элизе Реклю кіргізген болатын,одан әрі бұл ұғым Г.В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.Географиялық орта–қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қарым қатынас жасайтын табиғат дүниесінің бір бөлігі.Т. пен Қ. өзара тұтастығы, өзара қарым қатынасы туралы айтқанда,тек Г.О туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді.Адамның,бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы,әрине көп.Ол биосфера деп аталады.Биосфера–жер шарының тіршілік тараған аймағы.Басқаша айтқанда,биосфера–адамдардың тыныс тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.

64. Жыраулар фило/ң ерекшелігі.

Қазақ ақын- жырауларының дүниетанымы, философия/қ даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Олардың шығармаларына дәстурлі фило/қ тарихи сабақтастық принциптері анық байқалады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағы филос/қ бағыттың негізін салушылардың бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465-1560) шығармашылығы, фило/қ ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әнгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Тіленші- қазақ арасындағы көп шонжарлардың бірі болса керек. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі- ондағы ф/қ толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның, сол кездің ой- өрісімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің ф/қ ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі.Бұл ерекшеліктер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. «Тауарих хамсаның» айтуынша Ақтамберді ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ақтамберді шығармалары дерлік нақыл сөздерге, афоризімдік толғауларға ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді шығармалары делік нақыл сөздерге, афаризмдік толғауларға толы келеді. Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Дұшпаннан көрген, қорлығым. Сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке, Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, құдай тілекке!