Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / ФИЛОСОФИЯ / шпоры Философия.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
285.18 Кб
Скачать

51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы

Постпозитивизм философиясы ғылымның дайын шешімдерін, ғылыми мәнді зерттейді. Оның екі бағыты бар: критикалық рационализм және тарихи-социологиялық позитивизм. Критикалық рационализмнің негізін салушы Карл Поппер (1902-1994). «Логика және ғылыми білімнің өсуі». Оның басты мақсаты: ғылыми білімді метафизикалық ғылыми емес білімнен бөлу. Тарихи социологиялық позитивизмнің өкілі Томас Кун (1922). «Ғылыми революцияның құрылысы». Методологияға емес ғылым тарихына жақын. ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық проблемалардың шиеленісуі, көптеген социолистік елдерде тоталитарлық режимдардың қалыптасып қирауы, бірінші және екінші соғыстардың салдары, т.б. осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді.

52.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары

Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1866) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен шығыс халықтарының мәдениеті жайлы түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтыды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ Шоқан тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір(Құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек.

53.Адамзат тарихына формациялық ж/е өркениеттік көзқарастар ерекшелігі.

54.Ф.Ницше фил.Дағы әлеуметтік мәселелер

Шопенгауердің жігер туралы ілімін немістің жігер,, т.б.Ницшенің пікірінше,өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды.Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес,жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы деп пайымдады.Осы тұрғыда,Н. өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің ,,Өмір деген күрес,, заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Н. өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Оның ойынша өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Оларды тобырлардан ерекшелейтін қасиеттер – алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік және билікке ұмтылдыратын өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігер. Осы тұрғыдан Н. «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моралді уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты, қоғамның ұлы адамдары – «аса күшті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылады деген тұжырым жасайды. Н-нің идеялары кейінгі кездері саяси ойлар мен практикаға үлкен әсер етті.

55.Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері

Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек.