Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 4 / AutoCAD каз учебное пособие Динасылов.DOC
Скачиваний:
35
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
11.13 Mб
Скачать

2 Координаттар жүйелері

Кез-келген команданы орындау үшін AutoCAD нүктені сұрайды. Ол үшін ағымдағы суреттің кез-келген нүктесінің координаттарын енгізу қажет. Нүктені көрсеткеннен кейін, оның орынында кішкентай маркер пайда болуы мүмкін. Ол регенерациядан соң өзі жойылады.

Сурет ішкі графикалық базада келтірілгенде, әрбір нүктенің координаталары кемінде 14 сан дәлдігімен беріледі.

AutoCAD-та координаттарды енгізу екі түрлі әдіспен орындалу мүмкін:

а) клавиатурадан, сандық мәндерін енгізу арқылы;

б) экранда, көрсету құралының көмегімен қозғалатын графикалық маркерді (курсорды) пайдаланып. Координаттарды енгізу «мыштың» сол жақ кнопкасын басу арқылы орындалады. Сонымен қалып жолында көрсету құралының ағымдағы координаттары көрсетіледі. Координаттарды келтірудің үш режимі бар:

1) координаттарды курсордың жылжу барысында динамикалық келтіру;

2) нүктенің координаттарын оны таңдағаннан кейін статикалық келтіру;

3) бір ден көп нүктеден тұратын объектіні сызу кезінде, арақашықтық<бұрыш түрінде келтіру.

Қалып жолында координаттардың келтірілуін <F6> клавишасының көмегімен немесе <CTRL>/<D> клавишаларының комбинациялары арқылы қосуға/өшіруге болады. Координаттарды келтіру режимдерін COORDS жүйелік айнымалының көмегімен басқаруға болады. 0 мәні статикалық келтіруге, 1 – динамикалық, 2 - арақашықтық<бұрыш түріне сәйкес келеді.

Енгізу қолайлы болуы үшін төмендегілерді пайдалануға болады:

а) орто-режимді, егер координаталардың өзгеруі тек Х және Ү осьтері бойынша болса (<F8> - режимдерді алмастыру). Оған қалып жолында ORTHO (ОРТО) кнопкасы сәйкес келеді;

б) көрінбейтін тордың түйіндеріне байланыстыру, Х және Ү бойынша белгілі бір қадаммен (<F9> - режимдерді алмастыру, қалып жолында SNAP (ШАГ) кнопкасы). Егер байланыстыру қадамы қосылса, онда көрсету құралы қозғалған кезде курсор көрінбейтін тордың бір түйінінен екіншісіне секіріп отырады.

Екі өлшемді кеңістікте нүкте тұрғызулар жазықтығы деп аталатын ХҮ жазықтығында анықталады. Клавиатура арқылы координаттарды абсолют және салыстырмалы координаттар түрінде енгізуге болады.

Абсолют координаттарды төмендегі форматтарда енгізуге болады:

а) тікбұрышты (декарттық) координаттар x, y;

б) полярлық координаттар r < A, бұл жерде r - радиус; А – алдыңғы нүктеден есептегендегі бұрыш. Бұрыш сағат тіліне қарсы есептелген градуспен беріледі. 0 мәні OX осінің оң бағытына сәйкес келеді.

Салыстырмалы координаттар соңғы енгізілген нүктеден жылжуын көрсетеді. Нүктелерді салыстырмалы координаттарда енгізгенде, абсолют координаттарда жазудың кез-келген форматын пайдалануға болады: @dx,dy -тік бұрышты, @r<A – полярлық.

AutoCAD соңғы енгізілген нүктенің координаттарын есте сақтайтынын ескерте кету қажет. @ символын енгізу "@0,0" немесе "@0<кез-келген бұрыш" салыстырмалы координаттарды енгізуді білдіреді, яғни соңғы нүктеден нольдік жылжуды.

1-мысал. Тұйық сынық сызықты абсолют координаттар бойынша тұрғызу (22-сурет). Ол үшін төмен түсетін Draw (Рисование) Line (Отрезок) менюінен LINE (ОТРЕЗОК) командасын қосамыз. Командалық жолда (онда бұған дейін Command шақырылған болатын) _line (алынған команданың растау) хабары пайда болады және Specify first point: (Задайте первую точку:) сұрау пайда болады. Оған жауап беру керек. Мысалы, нүктенің 40,20 координаттарын енгізіп (енгізу әр уақытта Enter клавишасын басумен аяқталуы қажет). Төменде түгел диалогтың протоколы келтірілген.

Command: _line (Команда: отрезок)

Specify first point: (Задайте первую точку:) - кесіндінің бірінші нүктесінің координаттары 40,20 енгізіңіз.

Specify next point or [Undo]:

(Задайте следующую точку или [Отменить]: - кесіндінің екінші нүктесінің координаттары 120,140 енгізіңіз.

Specify next point or [Undo]: кесіндінің келесі нүктесінің координаттарын 150,80 енгізіңіз.

Specify next point or [Close/Undo]:

(Задайте следующую точку или [Замкнуть/Отменить]: - кесіндінің келесі нүктесінің координаттары 120,80 енгізіңіз.

Specify next point or [Close/Undo]: - сынық сызықты тұйықтау үшін c (Close – Замкнуть) әрпін енгізіңіз.

2-мысал. 1-мысалдағы сынық сызықты (22-сурет) салыстырмалы координаттар бойынша тұрғызу:

Command: _line Specify first point: - кесіндінің бірінші нүктесінің координаттары 40,20 енгізіңіз.

Specify next point or [Undo]: - кесіндінің екінші нүктесінің салыстырмалы (алдыңғы нүктеге қатысты) координаттары @80,120 енгізіңіз.

Specify next point or [Undo]: - кесіндінің келесі нүктесінің салыстырмалы координаттары @30,-60 енгізіңіз.

Specify next point or [Close/Undo]: - кесіндінің келесі нүктесінің салыстырмалы координаттары @-30,0 енгізіңіз.

Specify next point or [Close/Undo]: - сынық сызықты тұйықтау үшін с әрпін енгізіңіз.

Соседние файлы в папке 4