
- •Инженерлік жӘне компьютерлік графика. Autocad компьютерлік графика жүйЕсіне кіріспе
- •Алматы: аЭжБи, 2006. – 90 б.
- •Пікірберуші: ҚазҰту, техн. Ғыл. Канд., доц. С.Қ.Қажығалиева.
- •Мазмұны
- •1 AutoCad жөнінде бастапқы мағлұматтар
- •1.2 Пайдаланушы интерфейсі
- •1.3 Жұмыс ортасын нақыштау
- •1.4 Суреттерді ашу
- •1.5 Суреттерді жасау
- •1.6 Суреттерді сақтау
- •1.7 Суреттің қатты көшірмесін алу
- •1.8 Жүйеден шығу
- •2 Координаттар жүйелері
- •3 Кескінді зумирлеу
- •4 Координаттарды объектілік байланастыру
- •5 Графикалық қарапайымдарды жасау командалары
- •5.2.3 Полилиния
- •(Команда: плиния
- •5.2.4 Мультилиния
- •Круг командасын қосыңыз, сұрауларға жауап беріңіз.
- •(Задайте первую конечную точку диаметра окружности:) –1 нүктесінің координаттары 50,80-ді көрсетіңіз.
- •(Задайте вторую конечную точку диаметра окружности:) – 2 нүктесінің координаттары 50,20-ны көрсетіңіз.
- •Command: _circle Specify center point for circle or [3p/2p/Ttr (tan tan radius)]: -шеңберді екі жанамасы және радиусы бойынша тұрғызу режиміне көшу үшін Ttr-ді енгізіңіз.
- •Command: _circle Specify center point for circle or [3p/2p/Ttr (tan tan radius)]: -шеңберді екі жанамасы және радиусы бойынша тұрғызу режиміне көшу үшін Ttr-ді енгізіңіз.
- •Command: _circle Specify center point for circle or [3p/2p/Ttr (tan tan radius)]: – қиылысуға объектілік байланыстыруды пайдалану үшін int (пересечение)-ні пайдаланыңыз.
- •Command: _circle Specify center point for circle or [3p/2p/Ttr (tan tan radius)]: -шеңберді екі нүктесі бойынша тұрғызу режиміне көшу үшін, 2p-ны енгізіңіз.
- •5.5 Текст
- •6.1 Сызбаны қабаттары бойынша жіктеу
- •6.2 Қабаттың көрінетінін/көрінбейтінін басқару
- •6.3 Қабаттарды қоршау
- •6.4 Қабатқа түс тағайындау
- •6.5 Қабатқа сызық типін тағайындау
- •6.6 Қабатқа сызық салмағын (қалыңдығын) тағайындау
- •6.7 Қабаттарды сүзу
- •7 Сызбаны безендіру командалары
- •7.1 Штрихтау
- •7.2 Өлшемдерді тұрғызу
- •7.3. Өлшемдік стильдерін басқару
- •8 Сызбаларды редакциялау командалары
- •8.1 Объектілерді таңдау
- •8.2 «Тұтқалар» көмегімен редакциялау
- •8.3 Объекттерді жою және қалпына келтіру
- •Select objects: - жұмысты аяқтау үшін Enter-ді басыңыз.
- •8.4 Объектілерді жылжыту
- •8.5 Объектілерді айналдырып бұру
- •8.6 Объектілерді көшіріп санын көбейту
- •Specify second point of displacement or use first point as displacement: - 4-нүктені көрсетіңіз.
- •8.7 Объектілердің санын массивпен көбейту
- •8.8 Объектілерді айнадағыдай бейнелеу
- •8.9 Ұқсас объектілерді тұрғызу
- •8.10 Объектілерді масштабтау
- •8.11 Объектілерді созу
- •8.12 Объектілерді ұзарту
- •8.13 Объектілерді бөліктерге бөлу
- •8.14 Объектілерді кесу
- •8.15 Объектілерді жіктеу
- •8.16 Фаскаларды алу
- •8.17 Түйіндестіруді орындау
- •8.18 Объектілердің қасиеттерінің диспетчері
- •Әдебиеттер тізімі
- •3. Инженерная и компьютерная графика. Введение в компьютерную графическую систему AutoCad: Учебное пособие /а.Д.Динасылов/ - Алматы: аиэс, 2003. – 104 с.
- •Инженерлік және компьютерлік графика. Autocad компьютерлік графика жүйесіне кіріспе
- •050013, Алматы, Байтұрсынов көшесі, 126
1.2 Пайдаланушы интерфейсі
AutoCAD жүйесінің Жұмыс столы төмендегілерден тұрады (4 сурет):
а) төмен түсетін менюлер – экранның ең жоғарғы жолы;
б) міндетті емес құралдар тақталары:
1) стандарт құралдар тақтасы – екінші жол;
2) объектілер қасиеттері тақтасы – үшінші жол;
3) әртүрлі құралдар тақталары (4 суретте үш тақта көрсетілген);
4) қалып жолы –төменгі жол;
5) командалар жолының терезесі – қалып жолының алдында;
6) міндетті емес экрандық меню – суретте көрсетілмеген ;
7) жұмыс столының барлық қалған бөлігін қамтитын сызба өрісі.
Бірінші рет іске қосылғанда AutoCAD-тың Жұмыс столы үнсіздік бойынша нақышталған.
1.2.1 Төмен түсетін менюлер
Төмен түсетін менюлер жолы үнсіздік бойынша төмендегідей пункттерден тұрады:
а) File (Файл) – файлдармен жұмыс істеу менюі: ашу, сақтау, басу, файлдарды басқа форматтарға экспорттау және т.с.с.;
б) Edit (Правка) – Windowsтың Жұмыс столы сызба өрісінің бөліктерін редакциялау менюі;
в) View (Вид) – экранды басқару, панорамалау, қарау нүктесін орнату, көрінбейтін сызықтарды өшіру, бояу, дисплейдің параметрлерін басқару командалары; қажетті құралдар тақтасын орнатуға мүмкіндік береді;
г) Insert (Вставка) – блоктарды, сыртқы объектлерді, басқа қосымшалардың объектілерін енгізу қызметін атқарады;
д) Format (Формат) – қабаттармен, сызықтардың түрлерімен, түстерімен жұмыстарды қамтамасыз етеді; тексттің, өлшемдердің стилін, нүкте маркерінің түрін, мультисызықтардың стилдерін басқару;
е) Tools (Сервис) – жүйені, тұтынушының экранын басқару құралдарын қосады; диалогтық терезелердің көмегімен сызу және байланыстыру параметрлерін тағайындайды; пайдаланушы координаталар жүйесімен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді;
ж) Draw (Рисование) – сызу командаларын қосады;
з) Dimension (Размеры) - өлшемдерді түсіру және өлшемдердің параметрлерін қадағалау командаларын қосады;
и) Modify (Редакт) – сызба элементтерін редакциялау (өзгерту) командаларын қосады;
к) Window (Окно) – сызбалармен көп терезелер режимінде жұмыс жасауды қамтамасыз етеді;
л) Help (Справка) – көлемді гипертексттік түсініктемелер жүйесінен тұрады.
Осымен стандартты AutoCAD-тың құрамына кіретін төмен түсетін менюдің пункттері аяқталады. «Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының компьютерлік графика залындағы компьютерлерде орнатылған AutoCAD 14 жүйесінде төмен түсетін меню тағы да 3 пункттен тұрады - Схема, Чертеж және Электроника. Олар ENERGO және ELECTRO деп аталатын программалық қауашақтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
1.2.2 Құралдар тақталары
Құралдар тақталарында AutoCAD командалары пиктограммалар түрінде келтірілген. Курсорды пиктограмманың бойымен жылжыту барысында, курсордың астында кішкентай төртбұрыштың ішінде команданың аты пайда болады.
Егер
пиктограмманың оңжақ төменгі бұрышында
кішкентай қара үшбұрыш кескінделсе,
онда пиктограммада ұқсас командалар
жиынтығынан тұратын қосымша менюі бар.
Қосымша менюді шақыру үшін «мыштың»
сол жақ кнопкасын басып, курсорды
пиктограммада біраз уақыт ұстау қажет.
Құралдар тақталары жылжымалы (float) немесе белгілі бір орынға бекітілген (dock) болуы мүмкін. Бекітілгендермен салыстырғанда, жылжымалы тақталарды сызба өрісінде жылжытуға және өлшемдерін өзгертуге болады (5 сурет). Жылжымалы тақтаны сызба өрісінен тысқары шығару арқылы, бекітілген түрге айналдыруға болады. Бекітілген тақта сызба өрісіне сүйреп әкелінсе, онда ол жылжымалы тақтаға айналады.
AutoCAD-ты бірінші рет қосқанда экранда тек төрт қана құралдар тақтасы болады: Standard Toolbar (Стандартная), Object Properties (Свойства объектов), Draw (Рисование) және Modify (Редактирование). Жұмыс столына қажетті құралдар тақтасын шығару үшін, 6 суретте көрсетілген Toolbars (Панели) диалогтық терезеден қажетті тақтаның атын көрсетсе жеткілікті.
Бұл
диалогтық терезе View
(Вид)
Toolbars...
(Панели...) төмен түсетін менюінен немесе
экранда «мыштың» оңжақ кнопкасын
құралдар тақтасының фондық аймағында
басу арқылы шығарылатын контексті
менюдің Customize...
(Адаптация...) пунктінен шығарылады (7
сурет).
Қажетті
құралдар тақтасын 8 суретте көрсетілген
тізімнен таңдаған ыңғайлы. Бұл тізімді
шығару үшін құралдар тақтасының
кез-келген пиктограммасында тұрған
«мыштың» оң жақ кнопкасын басса
жеткілікті.
Тақтаны алып тастау үшін оны «қалқымалы» ету қажет, егер ол бекітілген болса. Сонан соң тақтаның жоғарғы оңжақ бұрышындағы кнопканы басса жеткілікті.
1.2.3 Стандарт құралдар тақтасы
Standard Toolbar (Стандарт) құралдар тақтасы 9 суретте келтірілген.
Ол төмендегідей құралдардан тұрады:
Q
Рисунок 9
New (QНовый) – суреттің жаңа файлын жасау;Open (Открыть) – бар файлды ашу;
Save (Сохранить) – файлды сақтау;
Plot (Печать) – суретті плоттерге, принтерге немесе файлға шығару;
Plot Preview (Предварительный просмотр) - сызбаны бастырып шығарар алдында, оның қағазда қалай орналасқанын алдын-ала қарау;
Publish (Публикация) - сызба парақтарын .dwf-форматпен жариялау;
Cut to Clipboard (Вырезать) – объектлерді суреттен өшіріп, оларды айырбастау буферіне көшіру;
Copy to Clipboard (Копировать) – сызбаның таңдаған элементтерін Windowsтың буферіне көшіру;
Paste from Clipboard (Вставить) – қажетті мағлұматтарды Windowsтың буферінен алып қою;
Match Properties (Копировать свойства) – берілген объекттің қасиеттерін басқа объектке көшіру;
Undo (Отменить) – соңғы команданың қимылын жою;
Redo (Повторить) – соңғы жойылған қимылды қалпына келтіру;
Pan Realtime (Панорамирование в реальном времени) – кескінді нақты уақыт режимінде экранда жылжыту;
Zoom Realtime (Зуммирование в реальном времени) – объектлердің көрінетін өлшемдерін нақты уақыт режимінде экранда үлкейту немесе кішірейту;
Подменю Zoom (Зуммирование) – ашылатын құралдар тізімі. Оның құрамында кескіндеу аумағын рамканы пайдаланып беру;
Zoom Previous (Показать Предыдущий) – алдыңғы көрсетуге қайтып оралу;
Properties (Свойства) – таңдап аынған объектінің қасиеттерәін көрсету;
Design Center (Центр управления) – Басқару орталығын шақыру;
Tool Palettes (Палитры инструментов) – дайын саймандарды пайдалану;
Help (Помощь) - анықтама жүйесін шақыру.
1.2.4 Объекттер қасиеттерінің тақтасы
Объекттер қасиеттерінің тақтасы Object Properties (Свойства объектов), 10 суретте көрсетілген, ол қабаттармен және сызықтардың түрлерімен жұмысты жеңілдетеді. Оған төмендегі құралдар кіреді:
Make Object's Layer Current (Сделать слой объекта текущим) – таңдалған қарапайымның қабатына сәйкес қажетті қабатты бекіту;
Layers (Слои) – қабаттардың параметрлерін бекітетін User Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесін щақыру;
Layer (Слой) – ашылатын қабаттарды басқару тізімі. Әрбір жолда қабаттардың қасиеттерін басқару немесе оның қасиеттерін, атын көрсететін пиктограммалар бар. Төменде солдан оңға қарай пиктограммалардың атқаратын қызметтері келтірілген:
Turn a layer On or Off (қабатты Қосу/Өшіру);
Freeze or thaw in all viewports (барлық көрсету экрандарында Қатыру/Жібіту)
Lock or Unlock a layer (қабатты Тосқауылдау/Тосқауылдан босату);
Make layer plottable or non-plottable (Қабаттың құрамындағыларды басып шығаруды басқару);
Color of layer (Қабаттың түсі);
Color Control (Цвета) – қазіргі түсті орнатуға, сонымен қатар таңдап алынған объекттердің түсін өзгертуге арналған ашылатын тізім ;
Linetype (Типы линий) – түрлі типті сызықтарды қабылдау үшін Linetype Manager (Менеджер типов линий) диалогтық терезесін шақыру;
Linetype Control (Установка типов линий) – қазіргі сызықтың типін орнатуға және таңдап алынған объекттердің сызықтарының типтерін өзгертуге арналған ашылатын тізім.
1.2.5 Қалып жолы
Қалып жолы Жұмыс столының төменгі бөлігінде орналасады. Ол курсордың ағымдағы координаттары мен сызу режимдерін қосу/өшіру кнопкаларынан тұрады (11 сурет):
SNAP (ШАГ) - Snap Mode (Шаговая привязка) – курсордың қадамдық байланысын қосу және өшіру;
GRID (СЕТКА) - Grid Display (Отображение сетки) – торды қосу және өшіру;
ORTHO (ОРТО) - Ortho Mode (Режим «Орто») – ортогональ режимді қосу және өшіру;
POLAR (ОТС-ПОЛЯР) - Polar Tracking (Полярное отслеживание) – полярлық бақылау режимін қосу және өшіру;
OSNAP (ПРИВЯЗКА) - Object Snap (Объектная привязка) – объектілік байланыстыру режимін қосу және өшіру;
OTRACK (ОТС-ПРИВ) - Object Snap Tracking (Отслеживание при объектной привязке) – объектілік байланыстыруда бақылау режимін қосу және өшіру.
Бұдан басқа, қалып жолында төмендегідей кнопкалар бар:
MODEL/PAPER (МОДЕЛ/ЛИСТ) - Model or Paper space (Пространство модели или листа) – модель кеңістігінен парақ кеңістігіне ауыстырып қосу;
LWT (ВЕС) - Show/Hide Lineweight (Отображение линий в соответствии с весами) – сызықтарды қалыңдықтарына байланысты кескіндеу режимдерін қосу және өшіру.
Қалып жолында курсордың ағымдағы орыны жөнінде ақпараттар шығарылады.
1.2.6 Командалық жолдар терезесі
Командалық жолдар терезесі негізі қалып жолының үстінде орналасқан. Мұнда AutoCAD командаларын енгізу және көмекші мағлұматтар мен ақпараттарды шығару қызметі атқарылады. Оның өлшемдері мен шығарылатын жолдар санын өзгертуге болады. Командалар терезесінде екі және одан көп жолдар болғанда, жолдан жолға көшу айналдыру жолағының көмегімен орындалады. Үнсіздік бойынша бүл терезе бекітілген және ені AutoCAD терезесінің еніне тең. Егер тексттік жол терезеге сыймаса, ондағы мағлұматтар (рамканың ішінде) командалық жолдың жанына шығарылады.
Терезенің биіктігін бөлуші жолақтың көмегімен өзгертуге болады. Егер терезе төменде бекітілсе, онда жолақ терезенің үстіңгі жағында орналасады немесе, егер терезе жоғарыда бекітілсе, онда жолақ төменгі жағында орналасады. Өлшемді өзгерту бөлуші жолақты көрсету құралының көмегімен ұстап, терезені қажетті биіктікке дейін созу арқылы орындалады.
1.2.7 Тексттік терезе
Командалар
протоколының көпшілік бөлігін (командалар
тарихын, command history) F2
клавишасының
немесе View
(Вид)
Display
(Отображение) төмен түсетін менюінен
шақырылатын TEXTSCR
(ТЕКСТЭКР) командасының көмегімен
тексттік терезеге көшіп, қарап шығуға
болады. Тексттік терезе командалар
терезесіне ұқсас. Бұл жерде де командаларды
еңгізуге және AutoCAD жүйесі беретін
көмектер мен ақпараттарды көруге болады.
Тереземен жылжу үшін айналдыру жолағы немесе ↑, ↓, ←, →, Page Up және т.б. клавишалар қолданылады. Тексттік терезедегі мағлұматтар тек қана оқуға арналған және өзгертілуі мүмкін емес. Бірақ, оларды командалық жолға немесе тексттік редакторға қою үшін көшіруге болады.
1.2.8 Функционалдық клавишалар
Жүйемен жұмыс істеуді жеңілдету үшін функционалдық клавишаларды пайдалану мүмкіншілігі бар:
F1 - AutoCAD-тың анықтамалық жүйесін шақыру;
F2 – тексттік және графикалық терезелерді алмастырып қосу;
F3 немесе Ctrl+F – OSNAP (ПРИВЯЗКА) объектілік байланыстың ағымдағы режимін қосу/өшіру;
F5 немесе Ctrl+E – изометриялық жазықтықтарды ауыстырып қосу;
F6 немесе Ctrl+D – жағдай жолында курсордың ағымдағы кескінін қосу/өшіру;
F7 немесе Ctrl+G – GRID (СЕТКА) торды қосу/өшіру;
F8 немесе Ctrl+L - ORTHO (ОРТО) режимін қосу/өшіру;
F9 немесе Ctrl+B – қадамды SNAP (ШАГ) қосу/өшіру;
F10 - POLAR (ОТС-ПОЛЯР) режимін қосу/өшіру;
F11 - OTRACK (ОТС-ПРИВ) объектілік бақылау режимін қосу/өшіру;
Esc немесе Ctrl+[, Ctrl+\ - ағымдағы команданы үзу;
Enter немесе Ctrl+J – соңғы команданы қайталау;
Ctrl+C – объекттері Windowsтың алмастыру буферіне көшіру;
Ctrl+N - Create New Drawing (Создание нового рисунка) диалогтық терезесін ашу;
Ctrl+O – бұрын орындалған сызбаны таңдау Select File (Выбор файла) диалогтық терезесін ашу;
Ctrl+P – сызбаны басуға шығару үшін Plot (Печать) диалогтық терезесін ашу;
Ctrl+R – түрлер журналын ауыстыру;
Ctrl+S – файлды сақтау;
Ctrl+V – объекттерді ақпараттарды алмастыру буферінен ағымдағы сызбаға қою;
Ctrl+X – таңдалған объекттерді сызбадан алып, оларды буферге көшіру;
Ctrl+Y – соңғы жойылған қимылды кейін қайтару;
Ctrl+Z – соңғы командадан бас тарту (соңғы команданы жою).
1.2.9 Контексттік меню
Көбіне менюден және құралдар тақтасынан таңдау үшін «мыштың» сол жақ кнопкасы қолданылады. Сонымен қатар бүл кнопка экранда нүктені таңдау және белгілеу үшін де қолданылады. «Мыштың» оң жақ кнопкасын бассақ контексттік меню пайда болады (7-, 8 суреттер). Курсордың орынына және қойылған мақсатқа байланысты, меню түрлі құрамды және формалы болады, мысалы, ағымдағы командаға қажетті опцияларға тез кіруді қамтамасыз етеді.