
- •Инженерлік жӘне компьютерлік графика. Autocad компьютерлік графика жүйЕсіне кіріспе
- •Алматы: аЭжБи, 2006. – 90 б.
- •Пікірберуші: ҚазҰту, техн. Ғыл. Канд., доц. С.Қ.Қажығалиева.
- •Мазмұны
- •1 AutoCad жөнінде бастапқы мағлұматтар
- •1.2 Пайдаланушы интерфейсі
- •1.3 Жұмыс ортасын нақыштау
- •1.4 Суреттерді ашу
- •1.5 Суреттерді жасау
- •1.6 Суреттерді сақтау
- •1.7 Суреттің қатты көшірмесін алу
- •1.8 Жүйеден шығу
- •2 Координаттар жүйелері
- •3 Кескінді зумирлеу
- •4 Координаттарды объектілік байланастыру
- •5 Графикалық қарапайымдарды жасау командалары
- •5.2.3 Полилиния
- •(Команда: плиния
- •5.2.4 Мультилиния
- •Круг командасын қосыңыз, сұрауларға жауап беріңіз.
- •(Задайте первую конечную точку диаметра окружности:) –1 нүктесінің координаттары 50,80-ді көрсетіңіз.
- •(Задайте вторую конечную точку диаметра окружности:) – 2 нүктесінің координаттары 50,20-ны көрсетіңіз.
- •Command: _circle Specify center point for circle or [3p/2p/Ttr (tan tan radius)]: -шеңберді екі жанамасы және радиусы бойынша тұрғызу режиміне көшу үшін Ttr-ді енгізіңіз.
- •Command: _circle Specify center point for circle or [3p/2p/Ttr (tan tan radius)]: -шеңберді екі жанамасы және радиусы бойынша тұрғызу режиміне көшу үшін Ttr-ді енгізіңіз.
- •Command: _circle Specify center point for circle or [3p/2p/Ttr (tan tan radius)]: – қиылысуға объектілік байланыстыруды пайдалану үшін int (пересечение)-ні пайдаланыңыз.
- •Command: _circle Specify center point for circle or [3p/2p/Ttr (tan tan radius)]: -шеңберді екі нүктесі бойынша тұрғызу режиміне көшу үшін, 2p-ны енгізіңіз.
- •5.5 Текст
- •6.1 Сызбаны қабаттары бойынша жіктеу
- •6.2 Қабаттың көрінетінін/көрінбейтінін басқару
- •6.3 Қабаттарды қоршау
- •6.4 Қабатқа түс тағайындау
- •6.5 Қабатқа сызық типін тағайындау
- •6.6 Қабатқа сызық салмағын (қалыңдығын) тағайындау
- •6.7 Қабаттарды сүзу
- •7 Сызбаны безендіру командалары
- •7.1 Штрихтау
- •7.2 Өлшемдерді тұрғызу
- •7.3. Өлшемдік стильдерін басқару
- •8 Сызбаларды редакциялау командалары
- •8.1 Объектілерді таңдау
- •8.2 «Тұтқалар» көмегімен редакциялау
- •8.3 Объекттерді жою және қалпына келтіру
- •Select objects: - жұмысты аяқтау үшін Enter-ді басыңыз.
- •8.4 Объектілерді жылжыту
- •8.5 Объектілерді айналдырып бұру
- •8.6 Объектілерді көшіріп санын көбейту
- •Specify second point of displacement or use first point as displacement: - 4-нүктені көрсетіңіз.
- •8.7 Объектілердің санын массивпен көбейту
- •8.8 Объектілерді айнадағыдай бейнелеу
- •8.9 Ұқсас объектілерді тұрғызу
- •8.10 Объектілерді масштабтау
- •8.11 Объектілерді созу
- •8.12 Объектілерді ұзарту
- •8.13 Объектілерді бөліктерге бөлу
- •8.14 Объектілерді кесу
- •8.15 Объектілерді жіктеу
- •8.16 Фаскаларды алу
- •8.17 Түйіндестіруді орындау
- •8.18 Объектілердің қасиеттерінің диспетчері
- •Әдебиеттер тізімі
- •3. Инженерная и компьютерная графика. Введение в компьютерную графическую систему AutoCad: Учебное пособие /а.Д.Динасылов/ - Алматы: аиэс, 2003. – 104 с.
- •Инженерлік және компьютерлік графика. Autocad компьютерлік графика жүйесіне кіріспе
- •050013, Алматы, Байтұрсынов көшесі, 126
6.7 Қабаттарды сүзу
Кейбір кезде Layer Properties Manager диалогтық терезесіндегі қабаттар тізімінде тек белгілі қабаттар көрсетілу керек. Осы үшін сүзу функциясы қолданылады. Сүзілуді бірнеше критерий бойынша орындауға болады:
а) қабатқа тағайындалған аты, түсі және сызық типі;
б) қабаттың күйі: қосылған/ажыратылған;
в) қабаттың күйі: тоңазытылған/тоңазытылмаған;
г) қабаттың күйі: қоршалған/қоршалмаған;
д) сызбада қабаттардың бар немесе жоқ болуы;
е) қабаттардың сыртқы сілтемеге тәуелдігінің бар немесе жоқ болуы.
Қабаттарды сүзу үшін Layer Properties Manager (Диспетчер свойств слоев) диалогтық терезесінде көп нүктелі кнопканы шерту керек және ашылған Named layer filters (Именованные фильтры слоев) диалогтық терезесіне қажетті сүзгілерді беру керек.
7 Сызбаны безендіру командалары
7.1 Штрихтау
Штрихтау (шабақтау) дегеніміз кейбір үлгілер бойынша көрсетілген аймақты толтыру.
Bhatch
(КШТРИХ) командасы –ассоциативті
штрихтауды құру. Бұл команда Draw
(Рисование)
Hatch...
(Штриховка)
құлайтын менюінен немесе Draw
(Рисование)
құрал-саймандар панелінен Hatch
(Штриховка)
пиктограммасын мышпен шерту бойынша
шақырылады. Командаға үндеу Boundary
Hatch диалог
терезесін жүктейді (52 сурет).
Bhatch (КШТРИХ) командасы тек ассоциативтік ғана емес, аасоциативтік емес штрихтауды да түсіруге жағдай жасайды. Ассоциативтік штрихтау дегеніміз аймақтың шекарасын өзгерткенде штрихтау да өзгеретінін көрсетеді. Ассоциативтік емес штрихтау шекараның контурына байланысты. Бұл команда бойынша контур автоматты түрде, штрихтауға жататын аймақтың ішіндегі нүктені көрсету арқылы анықталады. Штрихтау аймағында толығымен немесе жарым-жартылай жатқан, бірақ аймақтың контуры болмайтын барлық объектілер ескерілмейді және штрихтау процессіне әсер етпейді. Кейбір жағдайда контурда штрихтауға немесе штрихтамауға болатын аралшықтар мен шығып тұрған шеттер болады. Штрихтау аймағының ішінде орналасқан тұйық аймақтарды аралшық деп атайды.
Bhatch
(КШТРИХ) командасы тұйық қисықпен
шектелген контурдың ішінде қарапайым
көрсету жолымен және объектілерді
қабылдау жолымен аймақты штрихтауға
көмектеседі. Ол автоматты түрде контурды
анықтайды және контурдың бөлігі болмайтын
кез-келген бүтін примитивтерді және
оның бөліктерін елемейді.
Штрихтауды таңдау Pattern: (Образец:) аймағында орындалады. Мұнда ашылатын тізіммен немесе Swatch (Образчик) терезесі бойынша мышпен шерту арқылы шақырылатын, Hatch Pattern Paletteт (Палитра образцов штриховки) диалогтық терезесімен пайдалануға болады (53 сурет). Штрихтау үлгісін таңдау үшін оның үлгісін көрсету жеткілікті.
Штрихтаудың стандартталған үлгісін қолдану үшін терезенің Туре: (Тип:) аймағында ашылатын тізімнен Predefined (Стандартный) пунктын таңдау керек. Штрихтау үлгісінің аты HPNAME жүйелік айнымалыда сақталады. Scale: (Масштаб:) және Angle: (Угол:) тексттік алаңдар таңдап алынған штрихтау үлгісіне масштабтық коэффициентті және көлбеулік бұрышты беруге мүмкіндік жасайды. Мұндағы енгізілген параметрлер HPSCALE және HPANG жүйелік айнымалыларда сақталады
Штрихтаудың ерекше үлгісін жасау үшін Туре: (Тип:) аймағында ашылатын тізімнен User defined (Пользовательский) пунктын таңдау керек. Содан соң Angle: алаңында көлбеулік бұрышты, Spacing: (Интервал:) алаңында штрихтау сызықтардың ара қашықтығын беру қажет, қажетті жағдайда негізгі штрихтау сызықтарымен 900 бұрышты жасайтын қосымша сызықтарды тұрғызу үшін Double (Крест-накрест) жалауын көтеру қажет.
Штрихтауды ассоциалау терезенің Composition (Умолчания) аймағында Associative (Ассоциативная) немесе Noassociative (Неассоциативная) пунктін қосу арқылы беріледі.
Штрихтау контурын автоматты түрде анықтау үшін Pick Points (Указание точек) кнопкасын көрсету қажет. Мұнда келесі шақыру беріледі:
Select Internal point : [ Указать внутреннюю точку:]
Selecting everything... [Выбираю все...]
Selecting everything visible... [Выбираю все, что вижу...]
Analyzing the selected data... [Анализирую выбранные данные…]
Analyzing internal islands... [Анализирую внутренние островки…]
Select internal point: [ Указать внутреннюю точку}
Штрихтаудың бірнеше контурын анықтау үшін ішкі нүктелерін таңдап, Enter-ді басу қажет. Егер AutoCAD контур тұйық емесін немесе нүкте контурдың ішінде болмайтынын анықтаса, онда Boundary Definition Error (Ошибка определения контура) диалогтық терезесі қате жөнінде түсіндірме береді.
Штрихтау контуры ретіндегі объектілерді кез келген стандартталған тәсілдемен таңдау үшін Select objects (Выбор объектов) кнопкасын көрсету керек. Штрихтау контуры кез келген кесінділерден, доғалардан, шеңберлерден, екі өлшемді полилиниялардан, эллипстерден, сплайндардан, блоктардан және парақтың кеңістігіндегі көрініс экрандардан тұруы мүмкін. Контурдың әрбір компонентінің ең болмағанда бөлігі ағымдағы көріністе болуы керек. AutoCAD үндеместік бойынша контурларды суреттің барлық тұйық объектілерін талдау жолымен анықтайды.
Егер штрихтау Normal (Нормальный) стилімен орындалатын болса, онда аралшықтар штрихталмаған күйінде қалады, ал енгізілген аралшықтар штрихталады. Штрихтау сыртқы контурдан бастап контурдың ішіне қарай орындалады. Егер ішкі қиылыс пайда болса, онда штрихтау тоқталады, ал келесі қиылыста қайта пайда болады. Сонымен, бұл стиль сыртқы аймақтан саны тақ тұйықталған контурлармен бөліп алынған аймақтардың штрихтауын береді. Саны жұп контурлармен бөліп алынған аймақтар штрихталмайды. Ignore (Игнорировать) және Outer (Наружный) стильдерді пайдаланғанда контур алдыңғыдан басқаша штрихталады. Ignore стилімен сыртқы контурмен шектелген, іштей орналасқан контурларды есепке алмағанда барлық аймақта штрихтау беріледі. Outer стилін пайдаланғанда штрихтау сыртқы контурдан жүргізіліп, бірінші қиылыс байқалғанда тоқталады.
Normal, Ignore және Outer стилдері Boundary Hatch терезесінің Advanced (Детальный) белгісінде Island detection style (Стиль определения островков) аймағында тағайындалады.
Егер штрихтау жолында мәтін, атрибут, пішін, жолақ немесе боялған фигура кездесетін болса және берілген объект контурлардың сынығына кірсе, AutoCAD оған штрихтау жүргізбейді. Ол, мысалы, штрихталған контурдың ішінде орналасқан тесттің оқылуы кемімейді деген сөз. Егер аталған объектілерді штрихтау қажет болса, онда Ignore стилін пайдалану қажет.
Штрихтау аймағын ішкі нүктелерді көрсету арқылы таңдап алған соң штрихталмаған аралшықтар пайда болған жағдайда, оларды Remove Islands (Удалить островки) кнопкасының көмегімен жоюға болады.
Штрихтау командасын үйрену үшін 55 суретке сәйкес штрихтаудың әртүрлі үлгілерін, стилдерін, масштабтарын және бұру бұрышын пайдаланып жаттығуларды орындаңыз.