
34.AutoCad жүйесінде өлшемдерді түсіру. Өлшемдік стильді орнату.
Өлшемдер объектілердің геометриялық шамаларын, олардың арасындағы арақашықтықтарды және бұрышттарды, жеке нүктелердің координаттарын көрсетеді. AutoCAD-та өлшемдер негізгі үш типке жатады: сызықтық, радиалдық және бұрыштық. Сызықтық өлшемдер горизонталь, вертикаль және параллель, бұрылған, ординаталық, базалы өлшемдер және өлшем тізбегі болып бөлінеді. 56-60 суреттерде негізгі типті өлшемдер мысалдары келтірілген.Өлшемдерді түсіру командасын Dimension (Размеры) құлайтын менюінен және бір атаулы құрал-саймандар панелінен жіберуге болады (61 сурет).
Өлшемдер кескіндері келесі элементтерден тұрады:
а) өлшем сызығы – сәйкес өлшемге параллель ұштарында стрелка (жебе) болатын сызық. Бұрыштық өлшем үшін мұндай сызық доға болады;
б) стрелка (жебе) – өлшем сызығының соңын көрсету үшін блок ретінде анықталатын жебе, керткен таңба немесе кез келген саркер;
в) шығару сызығы – сызықтық және бұрыштық өлшем үшін (өлшем сызығы өлшенетін объектәнің сыртында ғана болғанда қолданылады);
г) өлшем тесті - өлшемді көрсететін текст жолы. Оны AutoCAD жүйесінде автоматты түрде есептелген қылып немесе оны өзіңіздің текстпен ауыстырып қабылдауға болады. Егер өлшем саны үнсіздік бойынша қабылданса, онда оған автоматты түрде дәлдік шегін қосуға және өзіндік префикс пен суффиксті енгізуге болады;
д) шығару - өлшем текстін объектінің жанына орналастыруға болмаған жағдайда қолданылады;
е) орталық маркері – шеңбердің немесе доғаның орталығын белгілейтін шағын крест;
ж) өстік сызықтар – шеңбердің немесе доғаның орталығында қиылысып ширектерге бөлетін үзік сызықтар.
Өлшем тұрғызу режимы ассоциативтік болып тағайындалған жағдайда өлшемді құрайтын барлық элементтер (сызықтар, стрелкалар, доғалар және тексттің элементтері) бір өлшем қарапайымы болып қарастырылады. Сонда өлшемі тұрғызылатын элементтердің өзгеруіне сәйкес ассоциативтік өлшемдер де өзгеріп жатады.
Өлшемдік
стиль – бұл суреттегі өлшем түрін
анықтайтын барлық өлшем айнымалылары
шамаларының жиынтығы. DIMSTYLE
(РЗМСТИЛЬ)
командасы Dimension
Style Manager (Диспетчер
размерных стилей) диалогтық терезесінде
(72 сурет) өлшемдердің стилімен жұмыс
істеу үшін қолданылады. Бұл команда
Dimension
(Размеры)
Style…
(Стиль...) құлайтын менюінен немесе
Dimension
(Размеры)
құрал-сайман панелінде
Dimension Style
(Управление размерными стилями)
пиктограммасы
бойынша мышпен шерту арқылы шақырылады.Барлық
өлшемдер ағымдағы стиль
бойынша қойылады. Негізгі өлшемдік
стильді анықтауды ат беруден бастау
қажет. Жаңа стиль ағымдағы стильге
жүгінеді және оған барлық келесі өлшемдік
элементтердің орналасуының, тексттің
орналасуының және түсіндірме жазулардың
көріністерінің өзгерістері кіреді.
Түсіндірме жазу дегеніміз - негізгі
және альтернативтік бірліктердің
белгілеулері, дәлдік шектері мен
тексттер. Жаңа өлшемдік стильді жасау
үшін Dimension
Style Manager
(Диспетчер размерных стилей) диалог
терезесінде New
кілті
бойынша мышпен шерту қажет. Мұнда Create
New Dimension Style (Создание
нового размерного стиля) диалогтық
терезесі пайда болады (73 сурет). Жаңа
өлшемдік стильге ат бергеннен кейін
New
Style Name:
(Имя нового стиля:) терезесінде New
Dimension Style
(Новый размерный стиль) диалогтық
терезесі жүктеледі. Бұл терезе (74 сурет)
келесі белгілерден (закладкадан)
тұрады:а)
Lines and Arrows (Линии
и стрелки) - өлшемдік сызықтардың сыртқы
көрінісін, сонымен қатар оларды басуды;
шығару сызықтарының сыртқы көрінісін,
оларды басуды, сонымен қатар өлшемдік
сызықтардың сыртына шығарылатын
сызықтарды сызуды және объектіден
шығарылатын сызықтардың маңдайшасын;
өлшемдік стрелкалардың бейнелеуін,
олардың бірінші және екінші нүктелеріндегі
геометриясын және стрелкалардың
өлшемдерін; орталық белгісінің (маркердің)
бейнелеуін, оның геометриясын және
өлшемін басқарады; б)
Text
(Текст) – өлшемдік текстті басқарады
(оның стилін, биіктігін, өлшемдік сызыққа
қатысты орналасуын, текст пен өлшемдік
сызықтың арасындағы саңылауды және
т.с.с.)в)
Primary Units (Основные
единицы) –негізгі сызықтық және бұрыштық
бірліктердің форматы мен дәлдігін,
өлшенетін өлшемдердің мәндерінің түрін
анықтауға мүмкіндік береді;г)
Alternate Units
(Альтернативные единицы) – қосымша
бірліктер жүйесінде қолданылатын
алтернативтік сызықтық және бұрыштық
бірліктердің форматы мен дәлдігін
анықтауға мүмкіндік береді. Әдетте,
егер сурет британ бірліктерімен
орындалса, олардың көмегімен өлшемдер
метрикалық бірліктермен қойылады және
керісінше. Алтернативтік бірліктердегі
өлшем шамасы негізгі бірліктердегі
өлшемдік текстінің соңынан квадрат
жақшаларда [...] көрсетіледі;д)
Tolerances
(Допуски) – дәлдік шектерін орналастыру
параметрлерін басқарады.