
На сортировку / 2 / физ экзамен
.docxЕмтиханға дайындық сұрақтары
Максвелл теңдеулері
1. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей – Максвелл заңы. Ленц ережесі.
2. Өздік индукция. Индуктивтік. Соленоидтың индуктивтілігі. Өзара индукция.
3. Тізбекті қосып және ажырату кезіндегі токтар.
4. Магнит өрісінің энергиясы және энергия ағынының тығыздығы.
5. Электрмагниттік өріс үшін Максвелл теориясының жалпы сипаттамасы. Құйынды электр өрісі, Максвелдің бірінші теңдеуі. Ығысу тогы, Максвелдің екінші теңдеуі. Максвелл теңдеулерінің толық жүйесі. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы.
Тербелістер және толқындар
6.Тербелмелі процестер туралы түсінік. Гармоникалық тербелістер/ГТ/,олардың сипаттамалары. ГТ-ді аналитикалық, графиктік түрде және векторлық диаграмма арқылы кескіндеу.
7. ГТ қосу.
8. ГТ дифференциалдық теңдеуі. Гармоникалық осцилляторлар: маятниктер, серіппеге ілінген жүк, тербелмелі контур. Осцилляторлар үшін энергетикалық қатыстар.
9. Еркін өшетін тербелістер.Өшу коэффициенті, логарифмдік декремент, сапалылық.
10. Синусоидалық күштің әсерінен болатын осциллятордың мәжбүр тербелістері. Мәжбүр тербелістердің амплитудасы мен фазасы. Резонанстық қисықтар.
11. Толқындық процестер. Қума және көлденең толқындар. Толқын теңдеуі. Фазалық жылдамдық, толқын ұзындығы, толқындық сан.
12. Толқындық теңдеу. Толқын энергиясы, энергия ағыны, Умов векторы.
13. Толқындардың суперпозиция принципі. Топтық жылдамдық және оның толқынның фазалық жылдамдығымен байланысы. Қалыпты және аномальды дисперсия.
14. Толқын интерференциясы.
15. Электрмагниттік өріс үшін толқын теңдеуі. Электрмагниттік толқындардың қасиеттері. Электромагниттік толқындардың энергиясы. Пойнтинг векторы. Дипольдің сәуле шығаруы.
16. Жарық толқыны, оның сипаттамалары. Жарықтың монохромат-тылығы және когеренттігі. Жарықтың интерференциясын бақылау тәсілдері.
17. Жарық дифракциясы. Гюйгенс – Френель принципі. Френельдің аумақтар әдісі.
18. Бір саңылаудағы дифракция. Дифракциялық тор. Кеңістіктік тор. Голография принципі.
19. Жарықтың затпен өзара әсерлесуі. Жарықтың дисперсиясы. Жарық дисперсиясының классикалық электрондық теориясы.
20. Жарықтың үйектелуі. Екі диэлектрик ортаның шекарасындағы жарықтың шағылуы мен сынуы кезіндегі үйектелуі.
Кванттық физика және атом физикасы
21. Жылулық тепе-теңдік сәуле шығару және оның сипаттамалары. Кирхгоф заңы. Абсолют қара дене. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары.
22. Абсолют қара дененің сәуле шығару спектріндегі энергияның үлестірілуі. Сәуле шығарудың кванттық сипаты жөнінде Планктың гипотезасы. Планк формуласы.
23. Фотоэлектрлік эффект. Сыртқы фотоэффект заңдары мен оның кванттық теориясы.
24. Комптон эффектісі. Фотондар. Фотонның энергиясы, массасы, импульсі.
25. Сәуле шығарудың толқындық және корпускулалық қасиеттерінің байланысы (корпускулалық – толқындық дуализм).
26. Зат бөлшектері қасиеттерінің корпускулалық – толқындық дуализмі. Де Бройль гипотезасы және оның тәжірибеде негізделуі.
27. Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы. Анықталмағандық қатынасты кванттық – механикалық есептерді шығаруда қолдану.
28. Бөлшек күйінің кванттық және классикалық механикада берілуінің принципті айырмашылығы. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы.
29. Шредингер теңдеуі релятивистік емес кванттық механиканың негізгі теңдеуі. Шредингердің стационар теңдеуі. Шексіз терең «потенциалдық шұңқырдағы» бөлшек үшін Шредингер теңдеуінің шешімі, «потенциалдық шұңқырдағы» бөлшектің энергетикалық спектрі. Бордың сәйкестік принципі.
30. Бөлшектің потенциалдық бөгет арқылы өтуі. Сызықтық гармоникалық осциллятор, «нөлдік энергия».
31. Сутегі атомы үшін Шредингер теңдеуінің шешімі. Кванттық сандардың толық жүйесі. Паули принципі.
32. Тосын және мәжбүр сәуле шығару. Лазер физикасының элементтері.
Қатты дене, атом ядросы және элементарбөлшектер физикасы
33.Кванттық статистика жөнінде жалпы мәлімет. Ферми – Дирак және Бозе – Эйнштейннің таралу функциялары. Бозондар және фермиондар. Бір түрдегі бөлшектерді ажырата алмау принципі.
34. Металдардағы ток тасымалдаушылар. Металдардағы электрондық ферми-газ. Металдардың электрөткізгіштігінің кванттық теориясы жөнінде түсінік. Асқын өткізгіштік. Ғылым мен техникадағы асқын өткізгіштіктің кейбір қолданылулары.
35. Қатты денелердің аумақтық теориясы. Металдар, диэлектриктер, шалаөткізгіштер. Шалаөткізгіштердің меншікті және қоспалық өткізгіштіктері. Фотоөткізгіштік.
36. Түйіспелі құбылыстар: екі металдың түйісуі, электрондық және кемтіктік шалаөткізгіштердің түйісуі (p-n-ауысу). Сыртқы потенциалдар айырмасының p-n-ауысуға әсері.
37. Атом ядросы. Ядроның құрылымы және негізгі қасиеттері. Ядролық күштер.
38. Ядролардың байланыс энергиясы. Энергия көздерінің мәселелері. Ядролық реакциялар.
39. Радиоактивтік. Радиоактивтік ыдырау заңы. Ыдырау түрлері және олардың заңдылықтары.
40. Элементар бөлшектер. Іргелі (фундаментальды) өзара әсерлесулер.