Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

15. Аккумулятор және элемент өндірісіндегі бақылаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы химиялық және физикалық ток көздерінің күделі электр тәсімді техникалық шарттарға, нұсқаулықтарға, сызбаларға сәйкестігін бақылау. Вольтамперлік сипаттамаларын алу үшін принципиалды электр тәсімдерді құрастыру. Электрмен қозғалатын күшті оқшаулау сыйымдылығын, кедергісін арнайы стенділер мен жабдықтарды пайдалана отырып өлшеу. Өлшемдердің нәтижелерін талдау. Кешенді формулалар бойынша алынған деректерді қайта есептеу.

Білуге тиіс: күрделі және дәлме-дәл электронды бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы, қызметі және пайдалану ережесі; тексерілетін бұйымдардың құрылысы; ақауларды табу және алдын алу негіздері; арнайы химиялық және физикалық ток көздерін қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары.

16. Диірмен машинисі

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті машинистің басшылығымен аккумулятор өндірісіне арналған қорғасын ұнтақ жасау және механизацияланған диірмен құрылғыларда агломератты масса жасауға кететін мен материалдар, шикізат және жартылай фабрикаттарды тарту. Шикізат және жартылай фабрикат орнатуды кезең-кезеңмен толтыру. Оларды белгілі бір тартуға дейін ұсату және оларды тарадан түсіру. Бункердегі тараны ауыстыру. жабдықтың ысқыланатын бөліктерін майлау.

Білуге тиіс: диірмен құрылғыларды қолдану принципі және басқару ережесі; шикізат және жартылай фабрикаттарды тиеу ережесі; тарту циклінің ұзақтығы.

17. Диірмен машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумулятор өндірісіне арналған қорғасын ұнтақ жасау және түрлі құрылымдағы механизацияланған диірмен құрылғыларда агломератты масса жасауға кететін мен материалдар, шикізат және жартылай фабрикаттарды тарту. Диірмен құрылғыны белгілі бір температураға дейін қыздыру. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттарды транспортерлік таспаның көмегімен берілген деңгейге дейін толтыру. Барабанның айналу жылдамдығын реттеу. Жинақтағыш тараға қорғасын ұнтағын жинау және тасымалдау. Қызмет көрсететін жабдықты баптау. Журналдағы жазбаларды жүргізу.

Білуге тиіс: механизацияланған диірмен құрылғылар мен қызмет көрсететін жабдық құрылғысы; жұмыс режимі; жабдықтарды баптау тәсілдері; шикізат және жартылай фабрикат маркалары.

18. Диірмен машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аккумулятор өндірісіне арналған қорғасын ұнтақ жасау және автоматты диірмен құрылғыларда элемент өндірісінде агломератты масса жасауға кететін мен материалдар, шикізат және жартылай фабрикаттарды тарту.шикізат және жартылай фабрикаттарды кезең-кезеңімен толтырып отыру. Құрылғыны жұмыс режиміне шығару. Токты және айналу жылдамдығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Талдауға сынама алу. Даяр ұнтақты конвейерге автоматты түрде жинау және тасымалдау. Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою. Технологиялық құжатнама жүргізу.

Білуге тиіс: құрылғылар мен көтергіш көлік механизмдерінің құрылымы; жабдық жұмысының режимі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; шикізат және жартылай фабрикаттардың қасиеті, құжатнама жүргізу ережесі.

19. Белсенді масса дайындаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті белсенді масса дайындаушының басшылығымен паста тәріздес, ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш массаларды дайындау. Металл ұнтақтар мен басқа да материалдарды түрлі құрылымды механикалық вибрациялық електерден өткізу. Никель шала тотығы гидратын кептіру агрегаттарында кептіру. Материалдарды электр пештерде термоөңдеу. Белсенді масса жасау агрегаттарын толтыру кезінде электр өткізгіш компоненттерді мөлшерлеу. Механизмдерді басқару және паста тәріздес және ұнтақ тәріздес белсенді массалардың түрлерін жасауда қолданылатын араластырғыштарға, бұлғауыштарға, дисмембраторлы және өзекшелік диірмендерді, біліктерді, пісіру қазандықтарын, вибрациялық електерге, электр пештерге және басқа да агрегаттарға жабдыққа қызмет көрсету. Даяр массаны өлшеп орау. Технологиялық процесті орындауды тіркеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: паста тәріздес және ұнтақ тәріздес белсенді және электр өткізгіш масса дайындау жөніндегі агрегаттарды және қызмет көрсетілетін жабдықтың қоректендіргіштерін қолдану және реттеу принципі; орташа күрделіктегі әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптардың қызметі және пайдалану ережесі; камералық және вакуумды кептіргіштерді толтыру және босату ережесі, компоненттерін елеу және мөлшерлеу тәсілдері; материалдарды термоөңдеудің температуралық режимі; бастапқы шикізат мен шығарылған өнімнің қасиеті, сақтау және тасымалдау ережесі; жұмыс процесінде пайдаланылатын сілтілер және электролитті ұстау ережесі.