Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

11. Сынаушы қалыптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қалыңдығы 1,9 мм-ге дейінгі электродтарды, 5 кг-нан асатын массадағы қорғасын аккумуляторлар, күрделі сілтілік аккумуляторлар мен элементтерді қалыптастыру процесін жүргізу. топтарға қалыптастыру және жаттықтыруға арналған аккумуляторларды орнату. Электр тәсімін монтаждау. Сумен салқындату жүйесін дайындау және реттеу. Электролитті тығыздығы бойынша түзете отырып жаттықтырылатын зарядтау разрядтау циклін жүргізу. Электролитті араластыру, аккумулятордағы су мен электролитті барлық циклда тартып алып немесе қосымша құйып отыру. Вольтамперлік сипаттамаларды, электролит температурасын, тығыздығын кезеңімен алу және тіркеу. Электрлік сынамаларға топтарды дайындау.

Білуге тиіс: аккумуляторларды жаттықтыру әдістері; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы; температуралық процесс режимі; электр тәсімдерін монтаждау тәсілдері; сумен салқындату жүйесін дайындау және қызмет көрсету ережесі.

12. Аккумулятор және элемент өндірісіндегі бақылаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жай жартылай фабрикаттарды және даяр бұйымдарды сыртына қарай технологиялық құжатнамадағы сызбаларға, тәсімдерге сәйкес бақылау және соңғы қабылдау. Құрастыруға түсетін бөлшектер мен тораптардың сапасын айқындау. Қызмет көрсететін учаскедегі ақауларды сыныптау, олардың пайда болу себептерін орнату, олардың алдын алу және жою шараларын қабылдау. Даяр бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың дұрыс сақталуын бақылау. Қабылданған және іріктелген өнімнің техникалық құжаттамасын рәсімдеу.

Білуге тиіс: жартылай фабрикаттар мен даяр бұйымдардың түр-түрі; құрылымы және қызметі; бақылау түрі; ақаудың негізгі түрлері; қабылдау-тапсыруды ресімдеу ережесі.

13. Аккумулятор және элемент өндірісіндегі бақылаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі жартылай фабрикаттарды және даяр бұйымдарды сызбалар, техникалық шарттар және мемлекеттік стандарттар бойынша бақылау және соңғы қабылдау. Әмбебап бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып жартылай фабрикаттар мен даяр өнімдерді габариті, герметикалығы және қысқа тұйықталуы бойынша тексеру. Күрделі жартылай фабрикаттарды, бөлшектерді, тораптарды, даяр өнімдерді, токтың физикалық және химиялық көздерін операция кезінде бақылау. Ақауларды түріне қарай сыныптау. Оның пайда болу себептерін анықтау және оны уақытында жою шараларын қабылдау.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; өндіріс процесі және бақыланатын жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың құрылысы; бөлшектер мен даяр өнімді қабылдаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; ақауды болдырмау әдістері.

14. Аккумулятор және элемент өндірісіндегі бақылаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі және ерекше күрделі жартылай фабрикаттар мен даяр өнімдерді бақылау және түпкілікті қабылдау. Жартылай фабрикаттар мен даяр өнімдерді бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен габариті, герметикалығы, кедергісі, оқшаулануы және қысқа тұйықталуының болмауын тексеру.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; даяр бұйымдар мен жартылай бұйымдарды құрастыру және бөлшектеу тәсілдері; қабылданған және іріктелген өнімдегі ақаудың алдын алу, есеп жүргізу және есептілік бойынша жұмыстарды орындау; электр техникасының негізгі заңдары.