Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

66. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі электр машиналардың турбо және гидрогенераторларының күрделі бөлшектері мен орамдарын құрастыру сызбасы бойынша жасау. Желдеткіш арна терезелерін белгілеу және ашу. Алдыңғы және паз бөліктерінің терезесін егеулеу. Электр машина катушкаларының алдыңғы бөліктерін ию және қалыптау. Орнын бойынша орамдарды қиыстыру.

Білуге тиіс: жабдық құрылымы, баптау ережесі; күрделі жұмыс және бақылау-өлшеу аспабының, құралдар мен айлабұйымдардың құрылымы, қызметі, пайдалану шарты; күрделі тәсімдер мен сызбаларды оқу.

Жұмыс үлгілері

1. Ұзындығы 1 м-ден асатын бас және қосалқы полис катушкалары – тегістеу.

2. Ауыспалы полюсті ток катушкалары – гидравликалық сығымдағышта тегістеу.

3. Аз қуатты турбогенераторлардың роторлық катушкалары – радиустағы қақпақтарды алу.

4. Турбогенераторлардың роторлық катушкалары – тегістеу.

5. Тұрақты ток ірі машиналарының ток жинайтын сақиналар – толықтай жасау.

6. Ірі машина роторлары – арматура жасау және бекіту.

7. Тұрақты ток машиналарының зәкір секциялары – екі параллельде жасау.

8. Қуаттылығы 50 мВт-дан асатын 300 мВт-ға дейінгі турбогенератор өзекшелері – алдыңғы бөлігін қиыстыру, ию.

9. Екі параллельді шиналардан тұратын шиналар – макет немесе шаблон бойынша жасау.

10. Иілгіш шиналар – вакуумда пісіріп жасау.

67. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі бөлшектер мен орамдарды жасау. Іші қуыс мысты өңдеу. Ротор орамы катушкаларының ширатпаларын ротор макеті пазына қалау. Желдеткіш арналарды пісіруге дәл қиыстырып тегістеу. Турбо және гидрогенераторлардың статорлық өзекше орамдарын термобелсенді байланыстыратын арнайы айлабұйымдарда жасау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы; жалаң өткізгіштерді июге арналған күрделі арнайы айлабұйымдардың құрылымы және баптау; қалыптау және сығымдау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Кескінді мыстан жасалған ауа салқындатқышы бар полюсті гидрогенератор катушкалары – жасау.

2. Қуаттылығы 300 мВт-дан асатын турбогенератор өзекшесі – алдыңғы бөліктерін қиыстыру және ию.

3. 2-ден көп параллельді шиналардан тұратын шиналар – шаблон бойынша қиыстырып толықтай жасау.

4. Турбо және гидрогенераторлардың статорлық орам шиналары – жасау және орны бойынша қиыстыру.

68. Электр машиналарының бұрамалары мен орамдары жөніндегі слесарь

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Турбо және гидрогенераторларға арналған бірегей және жауапты бөлшектер мен орамдар жасау. Бағдарламалық басқарылатын құрылғыларда өткізгіш сым дайындау. Ішкі ақауларын бақылау. Сымдарды өзекшеге құрастыру, өтпелерді ию және өру. Бірегей айлабұйымдарды пайдалана отырып оқшаулаушы төсемдерді орнату. Күрделі механизацияланған құрылғыларда оқшаулауды және өзекшелерді қалыптау. Ұштамаларды пісіру. Алдыңғы бөліктерін пісіру.

Білуге тиіс: бағдарламалық басқарылатын құрылғылардың құрылымы және қолдану принципі; электронды дефектоскоптармен жұмыс істеу принципі; бұйымдар мен материалдарға қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері

1. Сумен салқындатқыш турбо және гидрогенераторлардың полюсті ротор катушкалары – жасау.

2. Су және криогенді салқындатылатын турбо және гидрогенератор өзекшелері – жасау.

3. Турбо және гидрогенераторларға арналған жалаң мыстан жасалған шиналар – орнына қиыстырып жасау.

Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың 1985 жылы шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі

р/с

Осы бөлімге орналастырыл

ған жұмысшы кәсіптерінің атауы

Разр

яд диа

паз

оны

1985 жылы шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған бөлімдері бойынша атаулар

Разр

яд диа

паз

оны

шыға

рылым

Басылымның қысқартылған атауы

1

Бандаждаушы

1-4

Бандаждаушы

1-4

19

Дайындау-оқшаулау

2

Оқшаулау бөлшектерді дайындаушы

1-4

Оқшаулау бөлшектерді дайындаушы

1-4

-//-

-//-

3

Оқшаулаушы

1-5

Оқшаулаушы

1-5

-//-

-//-

4

Электр аспап катушкаларын калибрлеуші

1-4

Электр аспап катушкаларын калибрлеуші

1-4

-//-

-//-

5

Электр аспаптар мен аппараттарға арналған катушкаларды ораушы

1-4

Электр аспаптар мен аппараттарға арналған катушкаларды ораушы

1-4

-//-

-//-

6

Электр машина катушкалар мен секцияларды ораушы

1-5

Электр машина катушкалар мен секцияларды ораушы

1-5

-//-

-//-

7

Трансформатор катушкаларын ораушы

1-6

Трансформатор катушкаларын ораушы

1-6

-//-

-//-

8

Күш конденсатор секцияларын ораушы

1-4

Күш конденсатор секцияларын ораушы

1-4

-//-

Жалпы электр техникалық өндіріс

9

Электр магниттік өзекшелерді ораушы

1-2

Электр магниттік өзекшелерді ораушы

1-2

-//-

Дайындау-орау

10

Электр машина элементтерін ораушы

1-6

Электр машина элементтерін ораушы

1-6

-//-

-//-

11

Қайта ораушы

1-2

Қайта ораушы

1-2

-//-

Жалпы электр техн.өндіріс

12

Электр машиналар мен аппараттардың секцияларын, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы

1-4

Электр машиналар мен аппараттардың секцияларын, катушкалары мен оқшаулау бөлшектерін сығымдаушы

1-4

-//-

Дайындау-орау

13

Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы

1-4

Электр машина секциялары мен катушкаларын созушы

1-4

-//-

-//-

14

Трансформатор орамдарын құрастырушы

2-5

Трансформатор орамдарын құрастырушы

2-5

-//-

-//-

15

Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші

2-5

Трансформатор катушкаларын құрастырып өңдеуші

2-5

-//-

-//-

16

Электр машина шықпалары мен орамдары жөніндегі слесарь

1-6

Электр машина шықпалары мен орамдары жөніндегі слесарь

1- 6

-//-

-//-

Химия және басқа да ток көздері өндірісі

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары

Бөлімше:

Химия және басқа да ток көздері өндірісіндегі жұмысшылардың

жалпы кәсіптері