Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

31. Трансформатор катушкаларын ораушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Төртінші габаритті трансформаторлардың үздіксіз катушкаларын жүктемемен қайта қосып, көлденең орау станоктарында орау. Төртінші габаритті трансформаторлардың көп жүрісті спиральды орамаларын орау.

Білуге тиіс: күрделі құрылымды трансформаторлардың катушкаларын ораудың түрлі тәсілдері; оқшаулау құрылымдарына қойылатын талаптар; күрделі катушкаларды орау сапасын бақылау әдістері.

32. Трансформатор катушкаларын ораушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бесінші және алтыншы габаритті трансформаторлардың үздіксіз катушкаларын жүктемемен қайта қосып, көлденең және тік орау станоктарында орау. Электр пеш трансформаторлар мен қайта өрілген шунттаушы реакторлардың катушкаларын орау.

Білуге тиіс: тік және көлденең орау станоктарының құрылымы және басқару принципі; қайта өрілген орамалы катушкаларды орау тәсілдері; орау және оқшаулау құрылымына қойылатын талаптар.

33. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті ораушының басшылығымен парақтарының саны 4-ке дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған секцияларды орау. Станокты толтыру. Контактілі қосымшалары мен берілген орама санын дұрыс орналастыра отырып, орау процесін қадағалау және тығыз тегіс орауды қамтамасыз ету. Ықтимал кесінділерді уақытылы жойып отыру және түрлі ақаулықтарды жою.

Білуге тиіс: жай құрылымды орау станоктарының қызметі және жұмыс ережесі; станокты толтыру тәсілдері; конденсатор қағаз және алюминий фольганың қызметі және олардың негізгі мөлшерлері; контактілі қосымшалардың қызметі; үзілу себептері және оларды жою тәсілдері; жұмыс аспабының қызметі және қолдану ережесі.

34. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Парақтарының саны 4-ке дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған секцияларды орау. Станокты берілген жұмыс режиміне дайындау, баптау және толтыру. Материалдардың шығуын және материал таспаларының үзілуін болдырмау. Секция ток өткізгіштерін қалау және таңбалау.

Білуге тиіс: орау станоктарының құрылымы және қолдану принципі; станокты материалдармен толтыру тәсімдері; конденсатор қағаз және фольга маркалары; ток өткізгіш секциялардың талаптары;ақау түрлері және оларды жою тәсілдері.

35. Күш конденсаторлары секцияларын ораушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Парақтарының саны 4-тен жоғары 8-ге дейінгі төмен вольтты және жоғары вольтты күш конденсаторларына арналған, парақтарының саны 5-ке дейінгі электр термиялық конденсатор секцияларын, косинусты конденсаторларды және байланыс конденсаторлары секцияларын орау. Материалдар іріктеу және станокқа толтыру. Негізгі материал таспаларының шеттерін және шығып кетпеуін реттеу. Орама саны және шықпаларының ені бойынша берілген шектеулерді қамтамасыз ету. Секциялардағы қабаттың пайда болуын болдырмау. Құрылғыларда секцияларды сығымдау. Жұмыс процесінде орау станогын баптау.

Білуге тиіс: орау станоктарының құрылымдық ерекшеліктері және баптау ережесі; оқшаулау төсемдері мен контактілі қосымшалардың қызметі мен қою ережесі; конденсатор секцияларының электр сипаттамалары, габаритті өлшемдері және шектеулері; конденсатор секцияларын орауда қолданылатын материалдардың қасиеті; ақаудың ықтимал себептері және олардың алдын алу және жою тәсілдері.