Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

79. Оқшаулау материалдарын тегістеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Толтыру тегістеу машинасында мыс немесе болат қабатты оқшаулау материалын тегістеу. Ұнтақ салудың және тегістеудің тиімді режимін таңдау. Пневмоқұбыр магистральдарындағы, шток қысымдарындағы және тегістеу тетіктеріндегі қысымды ауаны реттеу. Оқшаулау ұнтағының температурасын оны кабель дайындамасына беру кезінде, кабель дайындамасын оқшаулау ұнтағымен толтырудың біркелкілігі мен тығыздығын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау және реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: толтыру тегістеу машинасының құрылысы; оқшаулау материалдарын сығымдауға қойылатын техникалық талаптар; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы; даяр өнімге қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтарды баптау ережесі.

80. Желілерді, сымдар мен кабельдерді экрандаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Желілерді, сымдар мен кабельдерді мыс таспамен, алюминий фольгамен және басқа да экрандаушы материалдармен экрандау станогында экрандау. Мыс таспалы орамаларды, алюминий фольгалы катушкаларды іріктеу, орнату және ауыстыру. Жіберетін және қабылдайтын барабандарды орнату және ауыстыру. Экрандаушы материалдарды, желілерді, сымдар мен кабельдерді экрандау станоктарының тораптарына толтыру. Даяр сым және кабель желілерін қабылдағыш барабандарға біртегіс қалау. Экрандаушы қабаттың геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Экрандаушы материалдың жағылу сапасын қадағалау, берілген қабаттан ауытқуын болдырмау. Қызмет жабдықты баптау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: экрандау станогының құрылысы; экрандалатын кабельдер мен экрандаушы материалдар маркалары, экрандау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; даяр өнім талаптары, ақау түрлері және оны болдырмау тәсілдері.

81. Кабельдерді электрмен кептіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі күштегі ток кабельдерін вакуум аппараттарда кептіру. Кабельдің кесілуі мен кернеулігіне байланысты ток күшін орнату. Кабельдің қызу температурасын, қалдық қысымды, қажетті вакуумды бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратурасы көрсеткіштері бойынша кезеңімен бақылау. Кептіру журналын жүргізу.

Білуге тиіс: электр техникасының негізгі заңдары; электр тәсімдер; кептіруге арналған кабельдерді қосу тәсілдері; кабельдерді кептіру қызметі, түрлі кесілген және маркадағы кабель құрылымдары; кабельдерді электр тогымен кептіру нұсқаулықтары.

82. Сым эмальдаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті эмальдаушының басшылығымен эмаль агрегаттарда диаметрі 0,09 мм-ден асатын тік бұрышты және жұмыр сымды эмальдау. Жіберетін және қабылдайтын катушкаларды, күдері, фетрді, бітілді, калибрлерді орнату және ауыстыру. Машина тораптарына сымды кезектетіп толтыру және олардың ұштарын біріктіру. Сымның созылуын қабылдағыш катушкаларда реттеу.

Білуге тиіс: эмаль агрегат негізгі тораптарын қолдану принципі және қолдану; жартылай фабрикаттарға және эмальданған сымдарға арналған тараларға қойылатын техникалық талаптар.

83. Сым эмальдаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Эмаль агрегаттарда диаметрі 0,09 мм-ден асатын тік бұрышты және жұмыр сымды эмальдау. Бос сымның бетінің тазалығы мен оның орамасының сапасын тексеру. Сымның геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптардың көмегімен бақылау. Лактың мөлдірлік сапасын сыртқы түріне қарай және бөгде заттардың болмауын айқындау. Калибрлердің, күдері, бітіл, роликтерді орнату дұрыстығын және олардың бетінің тазалығын тексеру. Лак бұлауы арқылы пешке сым толтыру. Сымның кесілген жерлерін жою, эмальданған сымның температурасы мен өту жылдамдығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша автоматты түрде реттеу. Эмальданған сымды орау тығыздығын және лактың бұлауға түсуін реттеу.

Білуге тиіс: эмаль агрегаттардың құрылысы және қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережесі; даяр өнімге техникалық талаптар, ақау түрлері және оларды болдырмау және жою.