Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

74. Кабельдерді тұрақтандырушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұрақтандыру машиналарында кабельді тұрақтандыру. Машинаны жұмысқа дайындау. Бронь және қорғау қабаттарын тұрақтандыру сапасын қадағалау. Жылу режимі мен кабельді созу ұзындығын бақылау-өлшеу аспабының көмегімен бақылау және реттеу. Бір немесе бірнеше сымдар үзілген жағдайда ақау жерлерін жөндеу. Кабельдің геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен өлшеу.

Білуге тиіс: тұрақтандыру машинасының кинематикалық тәсімдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері және оны болдырмау және жою тәсілдері; технологиялық нұсқаулықтар.

75. Кабель бұйымдардың сыртқы қабатын сыдырушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті сыдырушының басшылығымен сымдар мен кабельдерден қабаттарын қолмен және станоктарда сыдыру. Қажетті кескіштер мен ниппель орнату.

Білуге тиіс: станоктың жекелеген тораптарының қолдану принципі; сым маркалары.

76. Кабель бұйымдардың сыртқы қабатын сыдырушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сымдар мен кабельдерден қабаттарын қолмен және станоктарда сыдыру. Қажетті мөлшердегі кескіштер мен ниппель орнату. Станок жұмысы жылдамдығын реттеу.

Білуге тиіс: станок құрылысы және қолдану принципі, кабель маркалары мен құрылымдары; технологиялық нұсқаулықтар, ақау түрлері және оны болдырмау тәсілдері.

77. Сымдар мен кабельдерді термоөңдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрылғыларда қажетті жентектеуге арналған фторпластты, пластикті және басқа да оқшаулаудағы сымдар мен кабельдерді термоөңдеу. Құрылғыны толтыру. Термоөңдеу алдында кабель және сымдардың сапасы мен құрылымын тексеру. Желдеткіш жүйесін тексеру. Инертті газ температурасын, шығынын және қысымын кабель қозғалысын термоөңдеу, жылдамдығы аймағында және термоөңдеу уақытын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау және реттеу. Оқшаулауды жентектеу сапасын айқындау. Термоөңделген кабель мен сымдарды орнатып қайта толтыру және түсіру. Орнатуды баптау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: құрылғы құрылысы және қызмет көрсету; кабельдер мен сымдарды толтыру және қайта толтыру ережесі; аталған құрылғыда жентектелетін кабель және сымдардың құрылымы және маркалары; термоөңдеу температурасы мен жылдамдығын реттеу тәсілдері; технологиялық нұсқаулықтар; бақылау-өлшеу аспабының қызметі және қолданылуы; газ реттейтін аппаратураның құрылымы; ыдысқа қойылатын талаптар.

78. Оқшаулау материалдарын тегістеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті тегістеушінің басшылығымен толтыру тегістеу машинасында мыс немесе болат қабатты оқшаулау материалын тегістеу. Сызба бойынша ток жүргізетін желілер мен термоэлектродтарды диаметрі, қорытпасы, электр қозғағыш күші бойынша жинақтау және оларды тегістейтін және толтыратын штоктарда орналастыру. Тегістейтін және толтыратын штоктарды кабель дайындамасының металл түтікшесіне орнату және көтергіш механизмнің көмегімен тік тегістеу машинасына сығымдау штогымен бірге мыс қабатты кабель дайындамасын орнату. Дайындаманы жұдырық қысымымен бекіту. Бекіту орталық бітемесін баптау. Бекітпені металл түтікшеге орнату және ток жүргізетін желілер мен термоэлектродтарды бекіту. Болат қабаттағы кабель дайындамаларын толықтыру машинасына орнату. Кабель дайындамасының бетіне технологиялық май жағу. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: толтыру машинасы мен вибратор құрылысы; дайындаманы оқшаулау материалымен біркелкі толтырылуын бақылау әдістері, кабель дайындамаларын орнату және бекіту тәсілдері; кабель құрылымдары мен маркалары.