Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

70. Желі және кабель ширатушы-оқшаулаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көп фонарлы ширату-оқшаулау машинасында кесілуі 6 мм2-ден асатын күш кабельдерін ширату және оқшаулау. Секторлық және сегментті желілерді күш кабельдеріне көп фазалы машиналарда ширату және оқшаулау. Көп фазалы машиналарда барабандарды іріктеу, орнату және оқшауланған желілерден шешу. Секторлық және сегменттік желілерді ширату кезінде мөлшерлері бойынша тығыздау біліктері мен калибрлерді іріктеу. Кабель құрылымына байланысты ширату және оқшаулау қадамдарын есептеу. Кабель орамдары арасында термобу орнату. Күш кабельдерінің секторлық және сегменттік желілері геометриялық параметрлерін бақылау. Өңдеуді есептеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: көп фазалық және көп фонарлық ширату-оқшаулау машиналарының құрылымы мен кинематикалық тәсімдері, күш кабельдері және олардың желілерін ширату және оқшаулау теориясының негіздері, даяр өнім талаптары; ақау түрлері және оларды жою тәсілдері, ширату параметрлерін есептеу әдістемесі.

71. Байланыс кабельдері элементтерін ширатушы-оқшаулаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Алыс байланыс кабельдері, телефон кордельді кабельдердің элементтерін құрамалы оқшаулау машиналарында бу және төрттік ширату машинасында ширату, оқшаулау. Қабылдау барабандарын, ауыспалы тісті дөңгелектерді, оқшаулаушы материалдармен бобиндерді және оқшаулаушы желілі және мыс сымды катушкаларды іріктеу, орнату және ауыстыру. Кабель элементтерін машина тораптарына жүйелі толтыру. Фрикционды тежегіштердің көмегімен ширатылған желілердің созылуын реттеу. Ширатылған элементтердің қабылдағыш барабанға біркелкі қалануын қадағалау. Кабель элементтерінің ширатылу барысын бақылау-өлшеу аспабымен бақылау. Сым ұштарын пісіру аппаратында ұзарту. Оқшаулаудың жарамсыз жерлерін жою. Жабдықты баптау және жөндеуге қатысу. Ілеспе құжаттаманы толтыру.

Білуге тиіс: құрама оқшаулау машиналарының, бу және төрттік ширататын машиналардың құрылысы және қолдану принципі; кабель элементтерінің құрылымы; бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесі; пісіру аппаратын пайдалану ережесі; оқшаулау материалдарына қойылатын талаптар; ақаудың негізгі түрлері, оларды болдырмау және жою.

72. Байланыс кабельдері элементтерін ширатушы-оқшаулаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары жиіліктегі байланыс кабельдерінің элементтерін көлденең ширату автоматталған машиналарда ширату. Автоматты және қол құрылғыларының көмегімен желілік және оқшаулау материалдарымен катушкаларды орнату және ауыстыру. машина тораптарының жарамдылығын жұмыс басталар алдын тексеру. Технологиялық параметрлерді бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша орнату және реттеу. Қабылдау барабандарында ширатылған желілерді таратуды созуды автоматты реттеу. Ширататын және жіберетін калибрлерді ауыстыру. Көлденең ширататын автоматталған машинаның жұмысын пультпен басқару.

Білуге тиіс: көлденең автоматталған ширату машинасының кинематикалық тәсімі; барлық машина тораптары мен айлабұйымдарын баптау және өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету тәсілдері; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; даяр өнімге қойылатын талаптар.

73. Кабельдерді тұрақтандырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті тұрақтандырушының басшылығымен тұрақтандыру машиналарында кабельді тұрақтандыру. Қабылдағыш және жібергіш барабандарды орнату және шешу, кабель ұштарын жеті сақиналы коллекторға жіберетін және қабылдайтын құрылғыларда жалғастыру. Машина тораптарына кабельді кезектетіп толтыру. Машинаны баптауға қатысу.

Білуге тиіс: тұрақтандыру машинасының құрылысы және қолдану принципі; жіберетін және қабылдайтын барабандарды орнату тәсілдері, кабель ұштарын жеті сақиналы коллекторға қосу ережесі, даяр өнімге қойылатын талаптар.