Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

66. Кабель өндірісі бұйымдарын ширатушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кесілуі 16 мм2-ден асатын сымдар мен кабель желілерін сигар және көп фонарлы машиналарда ширату. Кестелер бойынша ширату жүйесін таңдау. Жіберетін барабан партияларын іріктеу. Бағыт тежегіштерін және фонарьдың айналу жылдамдығын реттеу. Кабель желілерінің созылуын есептеу. Кабель желілерін машина тораптары арқылы кезектетіп толтыру. Кабельдің ширатылған желілері диаметрін бақылау-өлшеу аспаптарымен өлшеу.

Білуге тиіс: сигар және көп фонарлы машиналардың құрылысы мен қолдану принципі, желі маркалары мен кесілуі; технологиялық нұсқаулықтар; ширату қадамдарын айқындау тәсілдері және олардың желі диаметрімен ара қатынасы; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.

67. Желі және кабель ширатушы-оқшаулаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті жұмысшының басшылығымен ширату-оқшаулау машинасында кесілуі 6 мм2-ге дейінгі күш кабельдерін, 100 жұпқа дейін телефон кабельдерін, 19 желіге дейін телеграф кабельдерді және төрттік ширатылған төмен жиіліктегі кабельдерді ширату және оқшаулау. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, оқшаулау материалдары роликтерін іріктеуге және орнатуға, жіберетін және қабылдайтын барабандарды, кәрзеңкелерді ауыстыруға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың негізгі тораптарын пайдалану принципі және қызметі; ширатылатын және оқшауланатын кабельдердің маркалары мен кесу материалдарына қойылатын талаптар.

68. Желі және кабель ширатушы-оқшаулаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ширату-оқшаулау машинасында кесілуі 6 мм2-ге дейінгі күш кабельдерін, 100 жұпқа дейін телефон кабельдерін, 19 желіге дейін телеграф кабельдерді және төрттік ширатылған төмен жиіліктегі кабельдерді ширату және оқшаулау. Желілік катушкаларды, роликтерді, оқшаулау материалдарын, экрандық таспаларды және өлшеу таспаларын іріктеу, орнату және ауыстыру. Кабель элементтерінің түсуін, ширатылуын және оқшаулау материалдарының, экран таспаларының жағылуын қадағалау. Қабылдағыш барабанға даяр өнімді қалау.

Білуге тиіс: жалпы ширататын ширату оқшаулау машиналары негізгі тораптарының құрылымы және олардың өзара іс-әрекеті; барабан үлгілері; кабель құрылымын; желі және кабель ширату және оқшаулау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар; экрандау материалдарын оқшаулау маркалары.

69. Желі және кабель ширатушы-оқшаулаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ширату-оқшаулау машинасында кесілуі 6 мм2-ден 25 мм2-ге дейінгі күш кабельдерін, 100 жұптан асатын телефон кабельдерін, 19 желіден асатын телеграф кабельдерді, кордельді, коаксиальды кабельдерді, алыс байланыс кабельдерін ширату және оқшаулау. Ауыспалы тісті дөңгелектерді, калибрлерді іріктеу және орнату. Жіберетін катушкалардың, оқшаулау және экрандау таспаларының, таспа бұрыштарының және олардың біткен жерлерінің немесе саңылауларының созылуын реттеу. Кабельдің ширатылатын элементтері геометриялық параметрлерін, оқшаулау және экрандау таспаларын бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Желілер мен кабельдерді ширату және оқшаулауда ақаулықтарды анықтау және жою. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: ширату-оқшаулау машиналарының құрысы және қолдану принципі, ширату қадамдарының, оқшаулаудың, оқшаулаудың біткен жері мен саңылауының шекті көлемі; желілерге, кабельдерге, оқшаулау және экрандау материалдарына қойылатын талаптар; ақаудың негізгі түрлері, олардың болдырмаудың және жоюдың тәсілдері.