Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

54. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарылау білікті сіңдірушінің басшылығымен сымдар мен күш кабельдерін бұлауларда сіңдіру массасымен сіңдіру. Жіберетін және қабылдайтын барабандарды іріктеу және орнату. Сымдар мен кабельдерді бұлау және сығу құрылымы арқылы толтыру. Қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: сіңдіру бұлау құрылымы; сіңдіру массасының құрамы; қабылдау және жіберу барабандарының үлгілері.

55. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сымдар мен күш кабельдерін бұлауларда сіңдіру массасымен сіңдіру. Сіңдіру массасын дайындау және бұлауды толтыру. Сіңдіру сапасын қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Сіңдіру массасының қызу температурасын реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптауға қатысу.

Білуге тиіс: сіңдіру бұлауын қолдану принципі; қыздыру жүйесін; сымдар мен кабельдердің маркалары; технологиялық нұсқаулықтар; ақау түрлері және оны жоюдың тәсілдері.

56. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 3 кВ-ға дейінгі күш кабельдерін вакуум аппараттарда сіңдіру және кептіру. Құрамдас компоненттермен масса пісіретін аппараттарды толтыру және сіңдіру массасын пісіру. Кәрзеңкелер мен кабельді барабандарды вакуум аппараттарға іріктеу, толтыру. Вакуум аппараттарды сіңдіру массасымен толтыру. Вакуум аппараттарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: вакуум аппараттардың құрылысы мен қолдану принципі, құбыржолдардың тәсімдері, сіңдіру массасын жасауда пайдаланылатын материалдардың маркалары, кәрзеңкелер мен барабандарды көтеру және түсіру ережесі; байлауға арналған айлабұйымдар; технологиялық нұсқаулықтар.

57. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 3 кВ-дан асатын 10 кВ-қа дейінгі күш кабельдерін вакуум аппараттарда сіңдіру және кептіру. Сіңдіру масасының құрамдас компоненттерін іріктеу. Арнайы аппаратураға, электр және май желісіне кабель жалғау. Вакуум сорғы аппаратурасын басқару. Бу көйлегіндегі вакуумды және бу қысымын кабельді кептіру және сіңдіру процесінде орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарымен реттеу. Кабельдерді кептіру және сіңдіру журналын жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: вакуум сорғылардың құрылысы және қолдану принципі, сіңдіру масса рецептілері, кептіру және сіңдіру тәсілдері; орташа күрделіктегі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы.

58. Кабельдер мен сымдарды сіңдіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 10 кВ-дан асатын күш кабельдерін вакуум аппараттарда және терең вакуумды аппараттарда сіңдіру және кептіру. Май толтырылған кабельдерді сіңдіру және кептіру. Майды химиялық тазарту, сүзгілеу және газсыздандыру. Сіңдіру майындағы берілген ылғалдығын және газ құрамын ұстап отыру. Азот, май және вакуум жүйесін, вакуум сорғыларды және аппараттарды дайындау және қызмет көрсету. Аппараттарда кептіру және сіңдіру режимдерін, автоматты реттегіштерді және датчиктерді монтаждау және теңшеу. Қайталау құрылғысының көмегімен азот дайындау. Кабельдің қызу температурасын, вакуум дәрежесін бақылау және реттеу; сіңдіру майы немесе сіңдіру құрамын күрделі бақылау-өлшеу аспаптарымен жіберу. Кабель желілерін электр шықпаларына берілген тәсім бойынша қосу. Мәжбүрлі салқындату құрылғысынан кабельді маймен салқындату. Вакуум және қысымдағы жабдықтың герметикалығын тексеру. Вакуум сорғы станцияларын, май сорғыларының, бұрандаларын, қақпақтың гидравликалық саңылаулары жүйесін вакуум аппараттарда баптау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: вакуум сорғы станцияларындағы, гидравликалық агрегатты, май және қайталау құрылғыларымен кабельді мәжбүрлі салқындатуға арналған құрылғылы вакуум аппараттардың құрылымы және өзара іс-әрекеті; май толтырылған кабельдерді кептіру және сіңдірудің негізгі технологиялық режимдері; желілер мен кабельдерді біріктірудің электр тәсімдері; электр шықпаларға қосу тәсілдері; кабель құрылымдары; күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; ақау түрлері және оларды болдырмау тәсілдері.