Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

27. Кабель бұйымдарды бақылаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым бұйымдарды бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып бақылау, қабылдау және іріктеу. Оқшаулаудың және сымның қорғау қабатының құрылымын, мөлшерін, сапасын бұйымның сыртын байқап және үлгілерді бөлшектеу жолымен тексеру. Сымдардың, жез сымдардың, ток жүргізетін желілердің, оқшаулау және қорғау қабаттарының, орау ыдысының геометриялық параметрлерін өлшеу. Кабель бұйымдарды орау сапасын бақылау.

Білуге тиіс: сым жасау кезінде қолданылатын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар, нұсқаулықтар, материалдар; сымды техникалық бақылау негіздері, орау, оқшаулау жасау қадамдарын айқындау; кабель бұйымдарды қабылдау ережесі; қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы.

Жұмыс үлгілері

1. Орама сымдар және эмаль сым орауыштар – орау, оқшаулау жасау қадамдарын және ораудың дұрыстығын айқындау; эмаль сым бетінің сапасын айқындау, сымның геометриялық параметрлерін өлшеу.

2. Эмаль сымды, сығымдалған сымды орауыштар – сымның кесілуін тексеру, көзбен байқау.

3. Кабель роликтер – көзбен байқау.

4. Кабель тара (барабан, орауыштар, жәшіктер) – геометриялық параметрлерді өлшеу.

5. Радио сүйгіштерге арналған шнурлар, сым жинақтары – геометриялық параметрлерін өлшеу, құрылымын бақылау.

28. Кабель бұйымдарын бақылаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақылау-өлшеу аспаптары мен арнайы құрылғылар арқылы орташа күрделіктегі кабельді бұйымдарды бақылау. Шыны талшықты, пленкалы және талшықты оқшаулағышты орама өткізгіштерді, эмаль өткізгіштерді, электр орнату және электр қыздыру бұйымдарын механикалық және электр сынау, алюминий, мыс созба сымды және сымды сынау. Бастапқы материалдардың кіруін бақылау. Табель бұйымдарды жасаудың операция аралық бақылауды жүзеге асыру. Қабылданған және іріктелген өнім бойынша сынау және есептілік журналын жүргізу. Өнімнің сапасына құжат ресімдеу.

Білуге тиіс: күшті, төмен жиіліктегі байланыс кабельдерін, бақылау және телеграф кабельдердің маркалары мен құрылымдары; бақылау-өлшеу аспаптарына қосылудың электр тәсімдері; электр параметрлерін бақылау әдістері, бақылау-өлшеу аспаптары мен күрделі арнайы құрылғылардың қызметі мен қолданылуы.

Жұмыс үлгілері

1. Электр қыздыру және электр орнату бұйымдары (телевизиялық антенналар, электр дәнекерлегіштер, қыздыру элементтері, ұзартқыштар және т.б.) – сенімділігін және жұмыс қабілетін бақылау.

2. Күш, төмен жиіліктегі, бақылау және телевизиялық кабельдер – электр параметрлерін өлшеу.

3. Алюминий және мыс созба сымы – механикалық төзімділігін сынау, салыстырмалы ұзарту, кесу төзімділігін және омикалық кедергісін бақылау.

4. Жұмыр мыс және үлгілік кескіндегі сым (тік бұрышты, секторлық, коллекторлық, шиналар, таспалар және т.б.) – механикалық және электр сипаттамаларын өлшеу.

5. Орау сымдары – механикалық және электр сынамалар, оқшаулауды желімдеудің төзімділік деңгейін айқындау.

6. Диаметрі 0,05 мм-ден асатын эмаль сым – икемділігін, жылу соғу, оқшаулауды сүрту, өткір кернеулігін, салыстырмалы ұзарту және нүктелік зақымдылыққа сынау.

29. Кабель бұйымдарын бақылаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі кабельді бұйымдарды бақылау. Ерекше күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен жоғары вольтты аппаратура арқылы кабельдің электр параметрлерін өлшеу. Техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес сыналатын кабель партияларын іріктеу. Оқшаулаудың бүлінген жерлерін белгілеу, оларды паспортына жазу, даяр бұйымдарды іріктеу.

Білуге тиіс: жоғары жиіліктегі байланыс кабельдерінің, жоғары вольтты және май толтыру кабельдерінің, эмаль сымдардың маркалары мен құрылымдары, бақыланатын бұйымдарды бақылау-өлшеу аспаптары мен сынау құрылғыларына қосудың электрлік тәсімдері; электр параметрлерін бақылау әдістері, жоғары вольтты аппаратура мен ерекше күрделі бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен қолданылуы; сынау хаттамаларын ресімдеу ережесі; электр техникасының негізгі заңдары.

Жұмыс үлгілері

1. Жоғары вольтты, май толтырылған, жоғары вольтты байланыс кабельдері – электрлік сипаттамаларды өлшеу.

2. Диаметрі 0,05 мм-ге дейін эмаль сымдар – сынаудың толық көлемі.