Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

19. Фильера жасаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Прецизионды жылтырату станоктарында табиғи алмастардан жасалған диаметрі кемінде 0,02 мм дөңгелек фильералар жасау. Жоғары дәлдіктегі аспаптармен фильера диаметрлерін бақылау. Созғылау жабдықтарында созғылау бағытын сынау және оны түпкілікті жетілдіру. Фильералардың төзімділік коэффициенті бойынша фильераларды тензоөлшеу құрылғыларында тексеру.

Білуге тиіс: жоғары дәлдіктегі электронды аспаптардың, тензоөлшеу құрылғылардың жұмыс істеу принципі, барлық түрдегі созғылау жабдықтарының кинематикасы; арна геометриясын, фильера диаметрін бақылау әдістері; жылтырату жабдығын баптау әдістері.

20. Кабель желісін оқшаулаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 1 кВ-ға дейін күш кабель желілерін, төмен жиіліктегі байланыс кабельдерін оқшаулау машиналарында оқшаулау. Қабылдау барабандарын, орауыштарды және мыс сымды және полистиролды пленкалы беретін орауыштарды іріктеу, орнату және ауыстыру. Оқшаулау машиналары тораптарын мыс сыммен және оқшаулау материалдармен біртіндеп толтыру және олардың ұштарын біріктіру. Оқшауланған желі сапасын қадағалау, ток өткізгіш, оқшаулау материалдары мен оқшаулау желілерінің геометриялық параметрлерін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау. Оқшаулаудағы ақауларды жою.

Білуге тиіс: оқшаулау машиналарының құрылысы мен қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; кабель желілерінің құрылымы және маркалары; оқшаулау материалдарына қойылатын талаптар; ақаудың негізгі түрлері; олардың алдын-алу және жою тәсілдері.

21. Кабель желісін оқшаулаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 1 кВ-дан 20 кВ-ға дейінгі күш кабельдерін, жоғары жиіліктегі байланыс кабельдерін кордельді-полистирольді оқшаулағышпен оқшаулау машинасында оқшаулау. Мыс сымның, полистирольді пленканың, кабель қағаздың және оқшаулау желісінің созылуын реттеу. Жіп, қағаз және пленканың қозғалуын бақылау-өлшеу аспабымен өлшеу. Термокамераның температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен орнату және қадағалау. Қызмет көрсетілетін жабдықты баптау және жөндеуге қатысу. Ілеспе құжаттаманы толтыру.

Білуге тиіс: жоғары жиіліктегі симметриялық кабельдерді оқшаулауға арналған оқшаулау машиналарының кинематикасы; оқшаулау машиналарының барлық тораптары мен айлабұйымдарды баптау және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолданылуы; жіптер мен пленканың жабылу шегі мен қондыру жолдары; электр кабель оқшаулау материалдарының мөлшері мен сапасына қарай тәуелділігі; оқшауланған желіге қойылатын негізгі талаптар.

22. Кабель желісін оқшаулаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кернеулігі 20 кВ-дан асатын күш кабельдері желісін оқшаулау машиналарында оқшаулау. Трансформаторлық және май толтырылған кабельдерді оқшаулау. Желіні, кабель орамдарын, жоғары вольтты, Металданған қағаз, фольга және басқа да оқшаулау материалдарын іріктеу. Қағаз таспаларының көлемін және енін есептеу. Оқшаулау материалдары таспасының созылуын, иілу бұрыштарын және оқшаулау бағытын орнату. Желі және оқшаулау бойынша экрандардағы таспа сандарын таңдау. Өндіруді есептеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: жоғары вольтты кабельдердің желілерін оқшаулауға арналған оқшаулау машиналарының кинематикалық тәсімдерін; жоғары вольтты кабельдерінің желілерін оқшаулауды қондыру теориясының негіздерін; саңылау көлемін және оқшаулау материалдарының енін есептеу әдістері; желі құрылымы мен мөлшерінің тәуелділігі.