Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

27. Электр көмір бұйымдарын престеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті, көмір және электр щетка бұйымдары мен жартылай шикізаттарын қуаты 15 тоннаға дейінгі механикалық және гидравликалық пресстерде біліктілігі анағұрлым жоғары престеушінің басшылығымен престеу. Престеу ұнтақтарын дайындау және елеу. Берілген мөлшерді қамтамасыз етуге қажетті пресс ұнтақтары ілмесін іріктеу. Ұнтақты пресс қалыбы матрицаларына ілу және себу. Құралдар мен айлабұйымдары дайындау және баптау.

Білуге тиіс: конструкциясы қарапайым престердің құрылымы туралы негізгі деректерді; бұйымдар мен жартылай шикізаттарды престеу жолдарын; пресс ұнтақты пресс қалыбына себу тәсілдерін; таразылау ережесін; бұйымдардың түрлері мен маркаларын; престелетін бұйымдарға қойылатын талаптарды; жол берілетін шектеулер мен бұдырлық квалитеттері мен параметрлері туралы негізгі деректерді.

28. Электр көмір бұйымдарын престеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті, көмір және электр щетка бұйымдары мен жартылай шикізаттарын қуаты 15 тоннаға дейінгі механикалық және гидравликалық пресстерде престеу. Престеу ұнтақтарын елеу, дозалау және пресс бункеріне салу. Түрлі конструкциядағы қыздырылмайтын прес қалыптарда престеу. Престелетін бұйымдардың сапасын сыртқы түрі, мөлшері мен тығыздығына қарай анықтау. Көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын ұнтақты араластыра отырып салу және тасымалдау. Престі баптау және майлау.

Білуге тиіс: престердің құрылымы мен жұмыс принципін және оларды баптау тәсілдерін; әртүрлі бұйым түрлері мен маркалары престеу процесі мен режимін; престелетін ұнтақтардың құрамы мен қасиеттерін; арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану ережесін; жол берілетін шектеулерді, бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

29. Электр көмір бұйымдарын престеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті, көмір және электр щетка бұйымдары мен жартылай шикізаттарын қуаты 15 тоннадан жоғары механикалық және гидравликалық пресстерде престеу. Престеу құралдары мен айлабұйымдарын іріктеу, дайындау және ауыстыру. Престеу ұнтақтарын дайындау және олардың престеуге жарамдылығын анықтау. Блоктарды берілген тығыздық мөлшеріне престеу. Престің жұмыс қысымын белгілеу және реттеу. Ұстауды және қысымды бақылау. Престелген бұйымдарды таңбалау, Тараға салу және тасымалдау.

Білуге тиіс: престердің құрылымы мен жұмыс принципін және оларды баптау тәсілдерін; қысымды және ұстау уақытын белгілеу мен реттеудің ережесі мен тәсілдерін; арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану ережесін; жол берілетін шектеулерді, бұдырлық квалитеттері мен параметрлері жүйесін.

30. Электр көмір бұйымдарын престеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті, көмір және электр щетка бұйымдары мен жартылай шикізаттарын қуаты 100 тоннадан жоғары механикалық және гидравликалық пресстерде, автоматтар мен жартылай автоматтарда престеу. Ток жеткізуші сымдарды. Салмаларды, пресс ұнтақтары мен дайындамаларды қыздырылатын және бөлшектенетін пресс қалыптарға салу. Престі бұйымның талап етілетін мөлшеріне баптау Температураны, қысыммен ұстау және толық қысым уақытын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Престеме санын және олардың мөлшерін анықтау. Сымды щеткаға сіңіріп престеу. Престерді, пресс қалыптарды, құралдар мен арнаулы айлабұйымдарды жұмыс процесінде баптау.

Білуге тиіс: престердің кинематикалық және электр сызбаларын; қуаты үлкен престердің басқару және реттеу жүйесін; конструкциясы күрделі пресс қалыптардың құрылымын және оларды орнату ережесін; пресс қалыптардың тозу және сыну себептерін және олардың алдын алу шараларын; жоғары қысымды жабдықта жұмыс істеу ережесін; тіркеуші аспаптардың құрылымын және жұмыс принципін; престелетін ұнтақтар мен компоненттер рецептурасын; пресс ұнтақтары мен массаларына қойылатын техникалық тараптарды.