Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

24. Электр көмір бұйымдарын күйдіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті және электр көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын муфельді электр пештерінде біліктілігі анағұрлым жоғары күйдірушінің басшылығымен күйдіру және жентектеу. Пештерді дайындау және қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексеру. Күйдіру температурасын технологиялық кестеге сәйкес реттеу.

Білуге тиіс: бұйымдары мен жартылай шикізат түрлерін күйдіру және жентектеу процестерін; муфельді электр пештерінің құрылымы мен жұмыс принципін; температураны басқару және реттеу принципін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын.

25. Электр көмір бұйымдарын күйдіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Метал керамикалық, метал графитті және электр көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын, электролит мыс ұнтағы муфельді электр пештерінде күйдіру және жентектеу. Құм жаппаларының толуын және герметикалығын тексеру. Гидравликалық, механикалық және пневматикалық итергіштер жүйесін дайындау және пневматикалық қондырғының жарамдылығын тексеру. Пештерді жүктемемен қосу. Пешті қуатты қисық сызық бойынша арттыру отырып қыздыру. Тигельдерді пневматикалық итергіштің көмегімен пеш арнасы бойынша жылжыту. Күйдіру режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бақылау. Күйдіру және жентектеу процесінің аяқталғанын анықтау. Пештердің температура режимін жазуға арналған журналды жүргізу.

Білуге тиіс: бұйымдар мен жартылай шикізат түрлерін күйдіру және жентектеудің технологиялық процесін; муфельді электр пештерінің құрылымын; түрлі типтегі итергіштердің құрылымы мен жұмыс принципін; пештердегі температураны көтеру кестесін және температура режимін ұстап тұру тәсілдерін; күйдіру режимінен ауытқулардың бұйым сапасына әсерін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану ережесін.

26. Электр көмір бұйымдарын күйдіруші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр көмір және электр графиттелген бұйымдарды, жартылай шикізаттар мен көмір текті талшықты материалдарды үздіксіз жұмыс істейтін электр пештерінде және жалынды пештерде күйдіру және электр графиттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының, газ вентильдері мен қарау шыныларының болуын және жарамдылығын тексеру. Газдың камераға берілуін реттеу, газды бір камерадан екіншісіне ауыстыру. Газдың жану процесін және газ ағынының камераларға тарауын қадағалау.Температураның сағат сайын көтерілуін және газдың ауысуын есептеу. Берілген күйдіру режимін ұстап тұру. Пезтегі разрядтауды және ауаның берілуін реттеу.Жүйенің герметикалығын тексеру. Пештерді толтырудың, қосудың суытудың кезектілігін анықтау.

Білуге тиіс: электр графиттелген бұйымдарды, жартылай шикізаттар мен материалдарды күйдіру және электр гарфиттеудің технологиялық процесі мен күйдіру режимін; бұйымдардың сыртқы түріне және электр физикалық сипаттамалары бойынша қойылатын талаптарды; пештердің электр сызбасын; түрлі типтегі пештердің құрылымын және қызмет көрсету ережесін; пештерді толтыру есебі әдістемесін және түрлі типтегі және мөлшердегі бұйымдарға арналған электроэнергия шығысын анықтауды; күйдіру және электр графиттеу режимінен ауытқулардың бұйымның сапасы мен электр физикалық көрсеткіштеріне әсерін; пештерді суыту тәсілдерін.