Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

10. Электр көмір бұйымдарын сынаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдарын сынауға дайындау. Қарапайым электр сызбаларды құрастыру. Ықтимал сынақтарға дайындық жұмыстары. Бұйымдарды стенд қысқышына орнату. Тендтің қоректену кернеуін бақылау және ұстап тұру. Күрделі емес сынақ жабдығын жөндеу.

Білуге тиіс: сынақ стенділері мен қондырғыларының нысаны мен пайдалану ережесін; сынақтың негізгі түрлерін; қарапайым электр сызбаларды; бұйым типтері мен олардың нысандарын.

11. Электр көмір бұйымдарын сынаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдарын суық және ыстық күйінде электрофизикалық сынауды қарапайым стенділер мен қондырғыларда жүргізу. Жалын разрядтаушысы саңылауы шамасын реттеу. Ең төмен және ең жоғары жүктеме кезіндегі электр қарсылығын бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Бұйымдарды тұрақтандыру және суыту. Сынақтарды тіркеуді белгіленген нысан бойынша жүргізу.

Білуге тиіс: стенділер мен қондырғылардың құрылымы мен жұмыс принципін; қондырғының электр сызбасы мен құрастыру ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; тұрақтандыру және суыту процестерін; разрядтаушысы саңылауы түзеу ережесін; көмір бұйымдарына қойылатын техникалық талаптарды.

12. Электр көмір бұйымдарын сынаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдары үлгілерін электр сынауды күрделілігі орташа стенділер мен қысқа тұйықталған коллекторлық қондырғыларда жүргізу. Сынақ сызбасын өздігінен құрастыру және оңтайлы режимді таңдау. Электр щеткасы үлгілерін коллектор немесе контакті сақиналарының радиусына келтіріп тегістеп жылтырату. Кернеудің ауыспалы түсуін, сәуле беру дәрежесі мен бұйым үлгілерінің үйкелу және тозу коэффициенттерін анықтау және реттеу. Сынау режимі жазбасын технологиялық журналда жүргізу.

Білуге тиіс: стенділер мен коллекторлық қондырғылардың құрылымы мен жұмыс принципін және оларды басқару ережесін; сызбасын дайындау және құрастыру ережесін; сынақтардың жүргізілу кезектілігін; сыналатын бұйымдардың құрылымы мен жұмыс принципін және оларды пайдалану ережесін; сынақ нәтижелерін ресімдеу ережесін.

13. Электр көмір бұйымдарын сынаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көмір және электр щетка бұйымдары үлгілерін электр сынауды күрделі стенділер мен электр машиналарда жер бетіндегі жағдайда жүргізу. Арнаулы стенділерге арналған электр сызбаларды шабақтау. Бұйым үлгілерін машиналарға орналастыру және машиналарды бұйымдармен вакуумді қондырғыларды барокамераларына монтаждау. Сынақ жабдығы кешенін баптау және басқару. Сынақ жүргізумен байланысты есептерді орындау. Қуаттың, қыздыру температурасының төмендеуін, бұйым үлгілерінің тозу және коммутациялық сипаттамаларын анықтау. Бұйым үлгілерінің габариттік мөлшерлерін бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кезеңді өлшеп тұру. Сыналатын бұйымдардағы ақаулары анықтау.

Білуге тиіс: стенділер мен электр машиналарының құрылымы мен пайдалану және баптау ережесін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; есептерді орындау, бұйым үлгілерінің тозу және коммутациялық сипаттамаларын анықтау әдістемесін; электротехника негіздерін; ақау түрлерін.