Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

6. Күйдіру және графитациялау пештеріне тиеуші-түсіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр көмір және электр графиттелген бұйымдар мен жартылай шикізаттарын үздіксіз жұмыс істейтін электрлі пештеріне және жалынды пештерге тиеу және түсіру. Жалынды күйдіру және электр графиттеу пештерін бұйым орналастыру алдында дайындау. Пеш табаны мен кессондарды тазалау. Бұйымдар мен жартылай шикізаттарын тигельдерге, кессондар мен керндерге орналастыру. Кессондар мен пештерді толтырмамен толтыру. Пештің кірпі қабырғасын қалау және бөлшектеу. Бұйымдарды кессондар мен тигельдерден алу. Электр графиттеу пештерінен толтырманы алу. Бұйымдар мен жартылай шикізаттарды тараға орналастыру және тасымалдау.

Білуге тиіс: күйдіру және электр графиттеу пештерінің құрылымын және жұмыс принципін; пештерді суыту тәсілдерін; бұйымдар мен жартылай шикізаттарын тигельдерге, кессондар мен керндерге орналастыру ережесін; күйдірілген және графиттелген бұйымдарға, электр физикалық сипаттамалары бойынша қойылатын талаптарды; бұйым ақауларын және олардың алдын алу тәсілдерін; тасымалдау тәсілдерін.

7. Пілтелерді престеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қатты пілтені көмір қабығына қолмен престеу. Қабықша арнасын шомполмен тазалау. Қабықша арнасын шаю. Пілтені цементтеуші массаға малу және көмір қабықшасына енгізіп қою. Көмір бетінен цементтеуші масса қалдығын кетіру. Көмірді тазалау, кептіру және үю.

Білуге тиіс: құралды, айлабұйымды және көмекші материалдардың нысанын және пайдалану ережесін; пілтені көмір қабықшасына енгізіп қою және тегістеу тәсілдерін; қабықша арнасын тазалау және шаю ережесін, көмірді кептіру процесін; көмірдің сыртқы түріне және механикалық беріктігіне қойылатын талаптарды.

8. Пілтелерді престеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сіңірме пілтені көмір қабығына пресстер мен жартылай автоматтарда престеу. Мундштуктерді іріктеу. Пресс цилиндрлерін пілте массасымен толтырып отыру. Престеудің температуралық режимін реттеу. Престелген қабықшаларды түсіріп алу, оларды сүрту және электр пештерінде кептіру. Кептіру пештерінің жұмыс режимін реттеу. Көмірдің типі мен мөлшеріне қарай құралды іріктеу. Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Жабдық пен айлабұйымдарды баптау.

Білуге тиіс: пресстер мен жартылай автоматтардың, кептіру пештерінің құрылымы мен жұмыс принципін; қызмет көрсететін жабдықты баптау ережесін; пілтені престеу және кептірудің технологиялық процестерін; бақылау-өлшеу аспаптары мен күрделі айлабұйымдарды пайдалану ережесін; пілте массасына қосылатын материалдардың қасиеттерін және олардың бұйым сапасына әсерін; брактың туындау себептерін және оларды жою тәсілдерін.

9. Микрофондық ұнтақтарды жасаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Антрациттен түрлі микрофонды ұнтақ маркаларын жасау. Антрацитті ұсақтау, сұрыптау және шарлы диірмендерде тарту. Ұнтақты виброелектерде фракциясы бойынша елеу және магнитті сепаратордан өткізу. Ұнтақты жуу, кептіру және термоөңдеу. Физикалық-химиялық талдауға сынама алу. Ұнтақты виброелектерде соңғы елеу. Микрофондық ұнтақтарды өлшеу. буып-түю және таңбалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және жұмыс принципін; ұнтақ түрлері мен қасиеттерін, дайындау тәсілдерін; ұнтақтау дайындау үшін алынатын бастапқы материалдарды; дайын өнімге қойылатын талаптарды; өлшеу. буып-түю және таңбалау ережесін; брактың туындау себептерін және оларды жою тәсілдерін.