Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

1. Көмір шайбаларын жеткеруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көмір шайбаларын шайбалардың қалыңдығы параллельдігі бойынша шойын тақтада арнаулы айлабұйымдарды қолдана отырып екі жақты жеткеру. Жылтыратып тегістелген өзектерді іріктеу. Өзектің қарама-қарсы тараптарының диаметрі бойынша параллельдігі мен тереңдігін тексеру. Шайбалардың сыртқы түрін және өңделу дәлдігін бақылау-өлшеу аспабының көмегімен бақылау. Айлабұйымдар мен құралдарды баптау.

Білуге тиіс: арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспабының құрылымын, баптау және пайдалану ережесін; тегістеп жылтырату тақтасының нысанын және оны таңдау ережесін; шайбаларды жеткеру тәсілдерін; дайын өнімге арналған техникалық талаптарды; бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.

2. Электр көмір өндірісіндегі ұсатушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті материалдар мен көмір массаларын ұсақтауыштар мен түрлі үлгідегі диірмендерде біліктілігі анағұрлым жоғары ұсақтаушының басшылығымен ұсақтау. Көміртекті материалдарды бөгде заттардан, қоспалар мен лас кесектерден сұрыптау. Шикізат материалдары мен жартылау шикізатты қарапайым қол құралдары мен айлабұйымдарды қолдана отырып алдын ала ұсақтау. Материалдар мен массаларды ұсақтаушы бункеріне салу. Ұсақталған материалдар мен массаларды түсіріп алу және таралау. Жабдықты тазалау және майлау.

Білуге тиіс: ұсақтауыштар мен диірмендердің атауы мен нысанын; арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспабын пайдалану ережесін; материалдардың түрлерін және ұсақталған материалдарға қойылатын талаптарды.

3. Электр көмір өндірісіндегі ұсатушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көміртекті материалдар мен көмір массаларын ұсақтауыштар мен түрлі үлгідегі диірмендерде ұсақтау. Материалдар мен массаларды дайындау және белгіленген деңгейге дейін салу. Материалдар мен массаларды гранулометриялық құрамға дейін ұсақтау. Ұсақталған материалдар мен массаларды түсіріп алу, көтеру-түсіру механизмдерінің көмегіңмен тасымалдау және буып-түю, таңбалау. Електерді іріктеу және орнату. Қызмет көрсететін жабдықты баптау.

Білуге тиіс: ұсақтауыштар мен диірмендердің, көтеру-түсіру механизмдерінің атауы мен нысанын, пайдалану ережесін; тарту тонинасын реттеу әдістерін; өңделетін көміртекті материалдардың нысаны мен қасиеттерін және талап етілетін ұсақтау дәрежесін; тасымалдау, буып-түю және таңбалау тәсілдерін.

4. Күйдіру және графитациялау пештеріне тиеуші-түсіруші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металл керамикалық, металл графитті және электр көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын электрлі муфельді күйдіру пештеріне біліктілігі анағұрлым жоғары тиеуші-түсірушінің басшылығымен тиеу және түсіру. Тигельдер мен толтырманы дайындау. Тигельдерді камералардан түсіріп алу. Тигельдерден бұйымдарды іріктеу және толтырмадан айыру.

Білуге тиіс: электрлі муфельді пештердің нысаны мен пайдалану ережесін, тигельдер мен толтырманы іріктеу және сапасын айыру тәртібін; бұйым түрлерінің атауларын және нысанын; күйдірілген бұйымдары мен жартылай шикізаттарға сыртқы түріне қарай қойылатын талаптарды.

5. Күйдіру және графитациялау пештеріне тиеуші-түсіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Металл керамикалық, металл графитті және электр көмір бұйымдары мен жартылай шикізаттарын электрлі муфельді күйдіру пештеріне тиеу және түсіру. Бұйымдар мен жартылай шикізаттарын тигельдерге толтырманы тығыздай отырып салу. Тигельдерді пеш астына орналастыру және шығарып алу. Бұйымдардың бумасын ашу және іріктеу.

Білуге тиіс: электрлі муфельді пештердің құрылымы мен жұмыс принципін; бұйымдарды орналастыру мен толтырмалау ережесін; бұйымдардың күйдіргенге дейінгі және одан кейінгі қасиеттерін; күйдірілген бұйымдарға, мөлшері мен отыруына қарай қойылатын талаптарды; бұйымдар дұрыс орналастырған кезде болатын ақауларды.