Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

23. Слюданы күйдіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Слюданың қалдықтарын конвейерлі электр пешінде күйдіру процесін жүргізу Слюданың берілуін, күйдірудің температуралық және жылдамдық режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Слюданың дайындық дәрежесі мен күйдірілу сапасын анықтау, процесті жүргізуді күйдіру нәтижесіне қарай түзеу.

Білуге тиіс: электр пешінің, конвейердің, күйдіру режимін автоматты реттеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын; пеш жұмысының температуралық режимдерін, конвейер жүрісінің жылдамдығы мен электр пешінің температурасын реттеу тәсілдерін; күйдірілген слюда сапасын анықтау әдістерін.

24. Электр оқшаулау материалдарын қайта ораушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр оқшаулау материалдарын қайта орау станоктарында қайта орау. Станокты жұмысқа дайындау. Полотноны вал жүйелері арқылы орналастыру, оны гильзаның ені бойынша реттеу, ұшын тігу және желімдеу Қайта оралатын материалдың ұзындығын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен айқындау. Полотноның тартылуын фрикционды құрылғының көмегімен реттеу. Ақаулы жерлерін бракқа шығару. Қайта оралған материалды орамаға буып-түю және таңбалау.

Білуге тиіс: қайта орау станоктарының құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; тігу және желімдеу әдістерін; электр оқшаулау материалдарының түрлері мен сұрыптарын; қайта оралған материалды орамаға буып-түю және таңбалау әдістерін; брак түрлерін.

25. Оқшаулау материалдарын престеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Парақты қабатталған оқшаулау материалдарын біліктілігі анағұрлым жоғары престеушінің басшылығымен престеу. Ілмелерді өлшеу, материалды дайындау және престеуге арналған пакеттерді іріктеу. Пресс қалыптар мен пресс тақталарын тазалау.

Білуге тиіс: материалдар мен жартылай шикізаттардың түрлері мен нысанын; прессқалыптарды іріктеу; өлшеу ережесін.

26. Оқшаулау материалдарын престеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Парақты қабатталған қалыңдығы 4 мм жоғары оқшаулау, қалыңдығы 0, 3 мм жоғары слюдопластикті материалдарды, қалыңдығы 0,8 жоғары миканиттерді гидравликалық пресстерде престеу. Белгілі бір қалыңдықтағы ілмелерді жасау және оны пакеттерге құрастыру. Пакеттерді пресс секцияларына және дайындамаларды пресқалыптарға қолмен орналастыру. Температура мен қысымды бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Пакеттерді пресс секцияларынан түсіріп алу. Престелген материалдарды қалыңдығы бойынша сұрыптау және оларды стеллаждар мен топтарға қою.

Білуге тиіс: пресстердің жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережесін; престеу режимдерін; пакеттер мен ілмелерді құрастыру ережесін; пакеттер орналастыру және түсіріп алу әдістерін; брактың себептері мен оны жоб тәсілдерін.

27. Оқшаулау материалдарын престеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Парақты қабатталған қалыңдығы 4 мм дейінгі оқшаулау, қалыңдығы 0, 3 мм дейінгі слюдопластикті материалдарды, қалыңдығы 0,8 дейінгі миканиттерді, қалыңдығы 0,5 жоғары фольгаланған материалдарды, гидравликалық пресстерде және жартылай автоматты желілерде престеу. Ілме қалыңдығына қарай материалды қайта қабаттау. Пакеттер мен ілмелерді құрастыру. Берілген мөлшерге қарай прессқалыпты іріктеу және оны преске орнату. Материалдың түріне қарай престеудің технологиялық режимдерін реттеу. Салма парақтарды тазалау және жұмысқа дайындау. Престерді дайындау.

Білуге тиіс: пресстердің, бу құбыры мен су құбыры коммуникациялары жүйесінің құрылымы мен пайдалану ережесін; пайдаланылатын материалдарға қойылатын негізгі техникалық талаптарды; салма парақтарды сақтау және дайындау ережесін; тұғырлар мен прессқалыптарды; оқшаулау материалдарын престеу технологиясын; престелетін материалдардыі мөлшері мен маркасына қарай престеудің температуралық режимдері мен ұзақтығын; жасалатын өнімге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы.