Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

10. Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым электр машиналарын, аппараттар мен аспаптарды техникалық шарттарға сәйкес, режим өзгертуді қажет етпейтін электрлі, механикалық және термиялық сынаулар. Жүктемелі электрмен қыздыру аспаптарын, тұрмыстық электр машиналары мен аспаптарын электрлі бақылап сынау. Күрделі емес сынау сызбаларын құрастыру және оларға сыналатын бұйымдарды қосу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау және қадағалау журналын жүргізу. Ваттметрлерді салыстыру әдісімен тексеруге арналған сызбаны құрастыру, тексерілетін аспаптардың қателіктерін бағалау. Қарапайым электр тораптарын юстирлеу және баптау. Аспаптарды статикалық режиммен сынау кезінде бірнеше параметрлерін бір мезгілде есептей отырып сынау режимін реттеу, динамикалық режиммен сынау, жоғары вольтті сынаулар. Сыналатын бұйымдардың ақауларын анықтау және жою. Жабдықтың және өлшеу аспаптарының дұрыстығын қадағалау. Реле қорғанысы, автоматика, дабылдату аспаптарын реттеу және ұсақ ақауларын жою. Бұйымдарды аспалы конвейерге орнату.

Білуге тиіс: сыналатын бұйымдары дайындау технологиясы негіздерін;бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларының нысаны мен қолдану ережесін; электр өлшеу аспаптарын сынау кезінде шығу қуатының, жарықтану, абсолюттік, салыстырмалы және келтірілген қателіктер мен вариациялар есебін; сыналатын бұйымдардың жұмыс принципі мен оларды пайдалану ережесін; эталондармен сынауға арналған қондырғыларды тексеру ережесін; қайта есептеу таблицаларын, графиктерін, формулаларын пайдалану ережесін; сынаулардың электр сызбаларын және бақылау-өлшеу аспаптарын сызбаға қосу ережесін; сынақ журналын жүргізу ережесін; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника негіздерін.

Жұмыс үлгілері

1. Игнитрондар – сынау режимін реттеу.

2. Машиналарды, аппараттар мен аспаптарды оқшаулау - диэлектрлік беріктігін сынау.

3. Трансформаторлардың, электр қозғағыштардың, аспаптар мен аппараттардың катушкалары – оқшаулау қарсылығын өлшеу.

4. Күштік конденсаторлар – астараралық және корпусын қысқа уақыттық сынау, жиынтықтарды сынау.

5. Электр машиналары-түрлі жылдамдықтағы айналымдарды стропоскопиялық әдіспен анықтау.

6. Тұрақты токтағы электр машиналары мен қуаты 100 кВт дейінгі және кернеуі 500 В дейінгі асинхронды электр қозғағыштар – бақылау сынағы.

7. 2-4-6-8 полюсті екі-үш жылдамдықты электр машиналары - үшбұрыштан жұлдызшаға омдық қарсылықты өлшеумен және қайта есептеумен сынау.

8. Қалқан аспаптары - механикалық, климаттық және электрлік әсер етулерге сынау.

9. Тұрақты ток машиналары өзара жүктемесінің электр сызбалары - құрастыру.

10. Бірінші және екінші габаритті күштік трансформаторлар – орама оқшаулауының қарсылығын өлшеу.

11.Тұрақты ток жинақты құрылғысы – электр сызбасын құрастыру және қызуын сынау.

12. Электр фонарьлары – шықпа қуатын, жарық беруін өлшеу және беріктігі мен ұзақтығын сынау.

13. Ішкі және екі шектеулі шунтылар – электрлік сынаулар.

14. Электрмен қыздыру элементтері - электрлік беріктігін және орама қарсылығын сынау.

15. Қуаты 100 кВт дейінгі жылжымалы электр стансалары - аппаратурасы мен қозғағышты реттеу.

16. Электр шамдары – дірілін сынау, жарық беруін әне жылу температурасын өлшеу.