Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

94. Электр монтажшы-сызбашы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым электр сызбасын чертеждер мен үлгілер бойынша монтаждау және байламдау. Өткізгіш топтарын байламдау және оқшаулау, оқшаулау лагымен сіңірмелеу. Күштік тізбедегі қарапайым шиналарды чертеж немесе шаблон бойынша жасау және оны бұйымға орнату. Монтажды сызба бойынша салу. Сымдар мен топтық қосындыларды эскиз бойынша салу.

Білуге тиіс: қарапайым сызба монтажы ережесін; түрлі маркадағы және қимадағы қарапайым сызбалардың жұмсақ монтажын жасау тәсілдерін; монтаж кезінде қолданылатын құрал мен айлабұйымның нысаны мен қолдану ережесін; сызбаның негізгі тораптарының шартты белгілерін; сымның маркасы мен қимасын; чертеждер мен сызбаларды орындалатын жұмыс көлемінде оқуды; электротехника негіздерін.

Жұмыс үлгілері

1. Бензоэлектрлі агрегаттар - вольтметрді, амперметр мен жиілік өлшегіш орнату және қосу.

2. Бензоэлектрлі агрегат аппаратурасына арналған монтаждау жгуттары - жасау.

3. Монтаж сымдарының ұштары – ұштарды дәнекерлеу және бандаждау.

4. Жарық беру желісі – проводка бойынша белгілеу.

5. Турбогенераторлар - статор орамының өткізгіштерін транспозициялау.

6. Жоғары вольтті конденсатор қондырғылары – толық электр монтаждау.

7. Шағын габаритті қосу және жарық беру қалқантері - монтаждау және өткізгіштерді салу.

95. Электр монтажшы-сызбашы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр сызбасын чертеждер мен үлгілер бойынша монтаждау және байламдау. Монтаждалған сызбаларды қаусырмамен бекіту. Дәнекерлеуге арналған қосу шиналарын құрастыру және оларды дәнекерлеу. Есіктер мен шкаф қақпақтарына арналған өткізгіштер топтарының шарнирлі өтпелерін жасау. Таратып бөлу секцияларындағы күштік тізбені орнату жеріне еркін жетерліктей етіп монтаждау. Магнитті стансаларды, басқару қалқантерін, аппараттар мен аспаптарды коммутациялау.

Білуге тиіс: қосуды реттеу аппаратурасының атауы мен нысанын; монтаждауда қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларының нысанын және қолдану ережесін; дәнекерлеуге, күйдіруге, бұрғылауға және басқа да жұмыстарға арналған монтаждау құралын, айлабұйымдар мен басқа да жабдықтарды; электр техника мен электр механика негіздерін, орындалатын жұмыс көлемінде.

Жұмыс үлгілері

1. Бензоэлектрлі агрегат құрылғыларының разрядтау блоктары - электр монтаждау.

2. Генераторлар - аппаратура блогімен электр монтаждау.

3. Ауыспалы ток контакторы - орнату.

4. Ингитронды контакторлар - электромонтаждау және барлық элементтері бойынша қосу.

5. Кір жуу машиналары – толық электр монтаждау.

6 Контакті панельдері - орнату, қосу және сынау.

7. Пісіру машиналарының басқару пульттері - монтаждау, орнату және сызбаны қоңыраулату.

8. Диаметрі екі дюймге дейінгі трубалар – сызба бойынша тарту.

9. Бірінші габаритті төмен вольтті конденсатор қондырғылары - толық электр монтаждау.

10. Жгут байламына арналған шаблондар – жасау.

96. Электр монтажшы-сызбашы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр сызбасын чертеждер мен үлгілер бойынша немесе орны бойынша монтаждау және байламдау. Шиналарды кесу және қыздыру қондырғылары мен айлабұйымдарда майыстырған орындарын күйдіре отырып, бірнеше тегістікте қырынан майыстыру. Күрделі сызбаның эталонды шаблондарын жасау. Тұрақты және ауыспалы ток электровоздарындағы электр және пневматикалық жабдықты, пневматикалық тізбені монтаждау. Оқшаулау қарсылығын мегометрмен немесе басқа да аспаптармен тексеру. Икемді монтаж сымдарын электр сызбасы бойынша іріктеу. Монтаж ақауларын табу және жою.

Білуге тиіс: монтаждау үшін қолданылатын қосуды реттеу аппаратурасының, бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларының құрылымы мен жұмыс принципін; қимасына қарай мыс шиналарды қабырғасына майыстыру шекті радиустарын; дайындалатын бұйымдардың нысаны мен принципті монтаж сызбаларын; монтаж технологиялық кезектілігін; икемді монтаж сымдары сыныптамасын; оқшаулау материалдарының нысанын және түрлері мен қасиеттерін; электр машиналарды, аппараттар мен аспаптарды құрастыру және монтаждау кезінде туындайтын ақауларды және оларды жою тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

1. Бензоэлектрлі агрегаттары - кернеу блогын электр монтаждау және реттеу.

2. Күшейткіш блоктар – құрастыру және электр монтаждау.

3. Калориферлі және камералы пештерге арналған трубалы қысымдауыштар – жасау және монтаждау.

4. Генераторлардың кварцты өзгерткіштері - толық монтаждау.

5. Бірінші габариттен жоғары төмен вольтті конденсатор қондырғылары - толық электр монтаждау.

6. Экскаваторлардың күштік тізбе шиналары – жасау және контакторлар мен шықпа шпилькаларға бекіту.

7. Магистральдің электровоздар - бас трансформатор мен тіктеуішке шиналарды толық дайындау және монтаждау.