Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

91. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі сынап тіктеуіштерді қалыптау. Сынап тіктеуіштерді қалыптау кезінде пайдаланылатын жабдықты, сынау стенділерін жұмысқа дайындау. Дәнекерленген сынап тіктеуіштер корпусындағы ағынды ағын іздеуішпен анықтау. Дәнекерленген сынап тіктеуіштер мен сынап тіктеуіштердің жауапты тораптарын анықталған барлық ақауларын жоя отырып түпкілікті вакуумді сынаулар. Қалыптау және сынау хаттамаларын ресімдеу.

Білуге тиіс: күрделі сынап тіктеуіштердің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, сынақ стенділерінің құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін; қалыптау және сынау хаттамаларын ресімдеу ережесін: вакуумді сынау кезіндегі ағын нормаларын; жиналған сынап тіктеуіштерге қойылатын техникалық талаптарды, сынақ түрлерін.

Жұмыс үлгілері

1. Вакуумметрлер – сынау және соларға шәкілдерді түсіру.

2. Сынап тіктеуіштер – стендіде қалыптау, қалыптаудан кейін вакуумді сынаулар және соңғы статикалық сынаулар.

92. Сынап тіктеуіштерін қалыптаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі және тәжірибелік үлгілік сынап тіктеуіштерді қалыптау және вакуумді сынау. Вентильдерді жоғары вольтті сынау. Күштік сызбаны қалыптаудан жоғары кернеуге ауыстыру. Вентильдерді жұмыс режиміне қосу. Күрделі қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарына, сынақ стенділеріне өздігінен баптай отырып қызмет көрсету. Қалыптау және сынау нәтижелері бойынша қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: ерекше күрделі сынап тіктеуіштердің құрылымын, нысанын, жұмыс принципі мен конструктивтік ерекшеліктерін, олардың электр сипаттамаларын; газдардың кинетикалық теориясы туралы негізгі ұғымдарды; электротехника жөніндегі негізгі деректерді; түрлі сынау стенділері мен басқару пульттерінің құрылымы мен нысанын; қалыптау жұмыстары мен вакуумді сынау жүргізу кезінде қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін; сынау нәтижелері бойынша қисық сызықты құру ережесін және оның нысанын.

Жұмыс үлгілері

Күрделі тәжірибелік дәнекерленген тіктеуіш үлгілері - стендіде қалыптау, қалыптаудан кейін вакуумді сынаулар және соңғы статикалық сынаулар.

93. Электр монтажшы-сызбашы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тораптар мен бұйымдардың электр сызбасын монтаждаумен байланысты қосалқы жұмыстарды орындау. Қорғану және таңбалаушы трубкаларды пневматикалық, механикалық және қол қайшыларында жиегі бойынша немесе үлгі бойынша мөлшерлеп кесу. Сымдарды тазарту және кабель ұштарын орнату. Қаусырма, қамытшалар мен шағын көлемді кабель ұштарын жасау. Қарапайым шаблондарды қолдана отырып белгі қою. Өткізгіштерді белгіленген түрге бояу. Өткізгіштерді оқшаулау және кабельді таңбалау.

Білуге тиіс: қарапайым сызбаларды шаблон мен үлгі бойынша монтаждау ережесін; қарапайым слесарлік және электромонтаждау құралының және айлабұйымдарының атауын, нысаны мен қолдану тәсілдерін; қарапайым электр машиналарының нысанын; өткізгіштерді салу жолдарын; икемді монтажды дайындау тәсілдерін; электротехника жөніндегі негізгі деректерді.

Жұмыс үлгілері

1. Картон биркалар - жасау.

2. Бензоэлектрлі агрегаттар – магнитті күшейткіш пен дросселді дәнекерлеуге арналған өткізгіштерді өңдеу.

3. Қосуды реттеу аппаратурасының қарапайым бөлшектері - жасау.

4. Сақтандырғыш корпусы - балқыма сынаны орнату.

5. Реле шкафтары – втулка мен қаусырманы орнату.