Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

84. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі, жауапты және бірегей электр машиналары мен аппараттарын жеткере отырып түпкілікті құрастыру, реттеу. Сутегімен және аралас салқындатылатын турбогенераторларды құрастыру, реттеу. Құрастыру айлабұйымдарын, бақылау-өлшеу аспаптары мен қондырғыларын іріктеу. Құрастырудың оңтайлы техникалық кезектілігін айқындау. Бұйымдарды құрастыру кезінде қажетті есептер мен сызбаларды орындау.

Білуге тиіс: жиналатын электр техникалық бұйымдардың басқару пульттерінің құрылымы мен конструктивтік ерекшеліктерін; жұмыс режимі мен жүктемесін тексеру тәсілдерін; пайдалану сипаттамалары мен диаграммаларды түсіруді; электротехника негіздерін.

Орта кәсіптік арнаулы білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. 18-габариттен жоғары қозғағышты электр машиналарының агрегаттары - жалпы құрастыру.

2. Сфера диаметрі 500 мм жоғары подшипник салмалары – май сынасын шабровкалау.

3. Индуктор диаметрі 1400 мм синхрон электр машиналары - құрастыру.

4. 4 полюсті сумен салқындатылатын турбогенератор статорының өзекшелері - жолақтармен құрастыру, диаметрі мен адымын тексеру.

5. Арнаулы нысандағы қалқантер - құрастыру.

6. Ірі габаритті есу электр қозғағыштары – бөлшектерді жеткеру және сынау үшін құрастыру.

85. Конденсатор пакеттерін кептіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конденсатор пакеттерін термовакуумді қондырғыларды кептіру. Пакеттерді кептіру арбасына салу, қажетті қосуларды орындау. Температура мен қысымды берілген тапсырмаға сәйкес бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін журналға жазу. Термовакуумді қондырғы жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: конденсаторлардың құрылымы мен нысанын; конденсатор пакеттерін вакуумді кептіру нысанын, қызмет көрсететін термовакуумді қондырғылардың жұмыс принципі мен қызмет көрсету ережесін; ток күшін, кернеуді, сыйымдылықты, қарсылықты, қысым қалдығын және температураны өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарын; токпен кептірілетін пакеттерді қосу сызбасын; конденсатор пакеттері қаптамасының жол берілетін шекті қарсылығын; түрлі типтегі конденсатор пакеттерін кептіру режимін; кептіру интенсивтілігінің температураға және қысым қалдығына тәуелділігін; пакеттерді тиеу және түсіру ережесін; электр техника жөніндегі негізгі деректерді; қондырғыға тән ақауларды және оларды жою әдістерін.

86. Термостатшы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Термостаттардағы төмен сыныпты аспаптардың, қарапайым катушкалардың, рамкалардың, бөлшектер мен материалдарды термотұрақтандыру және жасанды тозу процесін жүргізу. Аспаптарды, катушкаларды, рамкалар мен бөлшектерді тиеу және түсіру. Термостаттарды қосу, қажетті режимді ұстау және ажырату. Тиеу және түсіру уақытын тіркеу жазбасын жүргізу.

Білуге тиіс: термостаттардың құрылымы мен жұмыс принципін; термостаттардың жұмыс режимі мен термотұрақтандыру және жасанды тозуға арналған өндірістік нұсқаулықтарды; тиеу және түсіру кезінде аспаптарды, катушкаларды, рамкалар мен бөлшектерді ұстау ережесін; термотұрақтандыру және жасанды тозу нысанын; қадағалау нәтижелері мен температураны жазу ережесін.