Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

6. Электр оқшаулау лактарын, шайырлар мен мастикаларды пісіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Майлы мастикалар мен лактарды, тунгы майлы жартылай шикізаттарды, алкидті, модифицирлендірілмеген және модифицирлендірілген, фенольді және крезольді-формальдегидті спиртті, фенольді және крезольді-формальдегидті, эпоксидті-фенольді және термореактивті компаундовтарды пісіру процесін жүргізу. Диэлектрлік ферромагнитті массаны эпоксидті шайыр негізінде жасау. Жабдықтың жұмысы мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Пісіру барысында қажетті компоненттерді қосу. Шайырды, лактарды, сиккативтер мен жартылай шикізаттарды дайындау кезінде конденсация немесе полимеризация процесінің аяқталғанын көзбен немесе бақылау-өлшеу аспаптары бойынша анықтау. Техникалық және есеп құжаттамасын жүргізу.

Білуге тиіс: негізгі және қосалқы жабдықтың, арматура мен коммуникациялардың құрылымын, жұмыс принципі мен пайдалану ережесін; шикізаттың, көмекші материалдардың, өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттерін, оларға қойылатын талаптарды; мастикалардың, шайырдың, лактар мен жартылай шикізаттардың барлық түрлері мен маркаларының рецептурасы мен технологиялық процесі; шайырдың, лактар мен жартылай шикізаттардың дайындық деңгейін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша анықтау әдістерін; сынама алу және талдау жүргізу әдістерін; брактың түрлері мен себептерін, оларды алдын алу және жою тәсілдерін.

7. Сынапты тазартушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеке және вакуумді гигиена ережелерін сақтай отырып сынапты жуу, кептіру және тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау. Жууға арналған ерітіндіні дайындау. Сынапты тазартуға және кептіруге арналған қарапайым қондырғыларды пайдалану.

Білуге тиіс: тазартушы қондырғыларға қызмет көрсету ережесін; төгілген сынапты жинау әдістерін; сынап маркалары мен оны тазарту әдістерін; өлшеу ыдысын пайдалану ережесін; сынаппен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен гигиена ережесін.

8. Сынапты тазартушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сынапты сүзу, жуу, электрхимиялық, химиялық және вакуумді тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау. Жууға арналған ерітіндіні технологиялық нұсқаулыққа сәйкес дайындау. Сүзгі сызбасы жөніндегі жұмыстарды орындау. Вакуумді тазарту сызбасын реттеу. Тазарту қондырғылары жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: тазарту қондырғылары мен сүзгі насостарының құрылымы мен жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен қолдану ережесін; электролиз, дистилляция, сүзу процестері негіздерін; сынаптың маркалары мен қасиеттерін; тазартылған сынапқа қойылатын талаптарды; концентрацияланған қышқылдармен жұмыс істеу ережесін.

9. Электр машиналарын, аппараттары мен аспаптарын сынаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі сынақтарға көмекші жұмыстарды орындау. Бұйымдарды сынау орындарына тасымалдау. Қарапайым электр, су және пневматикалық сызбаларды құрастыру. Тексеруді қажет етпейтін бұйымдарды сынау стендіне орнату. Дайын сызба бойынша қарапайым өлшеулерді жүргізу. Үлгілердің өтпе кернеулерін анықтау. Қарапайым сынау жабдығын жөндеу. Құжаттама дайындау және бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің жазбасын жүргізу.

Білуге тиіс: сыналатын бұйымдардың нысанын, пайдалану ережесі мен жұмыс принципін; сынауға қажетті өлшеу құралы мен аспаптарын; көрсеткіштерді өлшеуге арналған қарапайым сызбаларды; сыналатын бұйымдарды қарапайым сызбаға қосу ережесі мен тәсілдерін; электротехника жөніндегі негізгі деректерді; сынақтарды жүргізу режимдерін; сынақ стансасы мен учаскелерінің қондырғыларына қызмет көрсету ережесін; бұйымдарды тасымалдау және орнату ережесін.

Жұмыс үлгілері

1. Синхронды генераторлар – синхрондау әдісімен желіге қосу.

2. Тұрақты және ауыспалы токпен істейтін электр машиналары – орамаларды сынау.

3. Қуаты шағын тұрақты және ауыспалы токпен істейтін электр машиналары - сызбаны құрастыру, машинаны қосу және жүктемелеу.

4. Орамалардың тұрақты токпен қарсылығын вольтметр және амперметр әдісімен өлшеуге арналған электр сызбалары – құрастыру.

5. Бос жүріс пен қысқа тұйықталу сипаттарын жоюға арналған электр сызбалары – құрастыру.

6. Электр плиталар мен электр үтіктер - сынау.

7.Трубкалы электрмен қыздыру элементтері – тізбені тексеру.

8. Электр машиналарының зәкірі – орамаралық тұйықталуды сынау.