Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

83. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі электр машиналары мен аппараттарын жеткере отырып түпкілікті құрастыру. Электр машиналарын, қуатты турбо және гидрогенераторларды, жоғары вольтті аппаратуралар мен қондырғыларды механикалық және электрлік реттеу. Электр машиналарын теңгермелеу. Қуаты 150 кВт электр машиналары мен турбо және гидрогенераторлардың статорларын диаметрлері мен ходтары бойынша сыналарын айыру. Алты және одан көп өңделетін беті бар және дәл өлшеу құралын қолдануды талап ететін бөлшектерді өңдеу. Басқару пульттерін құрастыру, реттеу және баптау. Басқару қалқантері мен пульттері панельдеріне түрлі аппараттар мен аспаптарды орнын белгілеп орнату.

Білуге тиіс: күрделі электр машиналары мен жоғары вольтті жауапты аппараттарының, басқару пульттерінің құрылымы мен конструктивтік ерекшеліктерін; нысаны мен жұмыс принципін; жиналатын және сыналатын бұйымдарға қойылатын техникалық және пайдалану талаптарын; күрделі сынақ стенділерінің құрылымын, жұмыс принципі мен баптау және пайдалану ережесін; жеткерумен және реттеумен байланысты негізгі есептерді; турбо және гидрогенераторлар жасаудың және құрастыру ерекшеліктерін; құрастыру нәтижелері бойынша техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін.

Жұмыс үлгілері

А. Электр машинажасау

1. 16-дан 18 габаритке дейінгі қозғағышты электр машиналарының агрегаттары – іргетас тақтасын белгілеу, сынаудан кейін тасымалдау үшін бөлшектеу.

2. Сфера диаметрі 500 мм дейінгі подшипник салмалары - май сынасын шабрлау.

3. Магистральді электровоздарға арналған қозғағыштар – жалпы шабақтау және реттеу.

4. Асинхронды турбомоторларға арналған жылдам жүретін электр машиналары – аспаларын құрастыру, сынауға құрастыру және бөлшектеу.

5. Көп шықпалы, жеке орындаудағы электр машиналары – құрастыру және реттеу.

6. Тұрақты токпен істейтін электр машиналары - құрастыру және реттеу.

7. Гидрогенератор табандықтары – сегменттерімен және табандық дискісімен бақылау құрастыру.

8. Жоғары жиіліктегі генератор роторлары – ротор пакетін ыстық күйінде валға орналастыру.

9. Қуатты турбогенераторлар роторлары – вал линиясын орталандыра отырып сынауға дайындау.

10. Қуатты турбогенератор статорлары – шитті бекіту қылының саңылауын белгілеу.

11. Өзекше жолағы 1000 мм жоғары ірі тұрақты ток машиналарының магнитті жүйелері – жолақтармен шабақтау, диаметрі мен адамын тексеру.

12. 13 габариттен жоғары асинхронды электр қозғағыштары - жалпы құрастыру.

Б. Электр аппараттарын жасау

1. Цилиндр жетекті селективті автоматтар - құрастыру, реттеу және кинематикасын реттемелеу.

2. Магистральді электровоздарға арналған жоғары вольтті ажыратқыштар – құрастыру және реттеу.

3. Топтық пневматикалық контролерлер - құрастыру және реттеу.

4. Топтық орындаудағы магнитті контролерлер – құрастыру, сынау және реттеу.

5. Электронды-тиристорлы қашықтықтан басқарылатын магнитті контролерлер – құрастыру, ақауларын жоя отырып сынау және реттеу.

6. Тиристорлық өзгерткіштер – жалпы құрастыру.

7. Трансформатор шағын стансалары – түпкілікті құрастыру және коммутациялау.

8. Арнаулы нысандағы басқару қалқантері мен таратып бөлу қалқантері - жалпы құрастыру және реттеу.

9. Вакуумді, сутегілі электр пештері – кейіннен реттеп және ақауларын түзей отырып үлгілік сынау.