Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / бтба 19 сайт үшін.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.43 Mб
Скачать

82. Электр машиналары мен аппаратын құрастырушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр машиналары мен аппараттарын құрастыру және реттеу. Тораптар мен бөлшектердің жымдасатын беттерін өңдеу. Гидрогенератор статорларының белсенді болат бөлігін престемелеу. Турбо және гидрогенераторлары, биіктігі 600 мм. асатын жоғары жиіліктегі электр машиналары статоры сегменттерінен өзекшені шикіқұрамдау.

Білуге тиіс: жиналатын электр машиналары мен аппараттарының нысаны мен жұмыс принципін; қондырғылар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі мен баптау тәсілдерін; жоғары вольтті аппаратураны құрастыру және реттеу ерекшеліктерін; жоғары вольтті аппаратураны оқшаулауға қойылатын жалпы техникалық талаптарды; жоғары вольтті сынақтардың нысаны мен сыныптамасын, сынау кернеуі шамасын; жиналатын және сыналатын бұйымдарға арналған техникалық шарттарды; шабақтау және сынау кезінде туындайтын ақауларды және оны жою тәсілдерін.

Жұмыс үлгілері

А. Электр машинажасау

1. 16 габаритке дейінгі қозғағышты электр машиналарының агрегаттары -сынаудан кейін тасымалдау үшін бөлшектеу.

2. Подшипник салмалары - қосу беттерін шабрлау.

3. Турбо және гидрогенератор статорларының сыналары – қырлап өңдеу.

4. Мәжбүрлі салқындатылатын ірі электр машиналары – ауа жолдары мен ауа салқындатқыштарды құрастыру және орнату.

5. Индуктор диаметрі 1400 мм дейінгі синхронды электр машиналары – құрастыру.

6. Подшипниктар, тығыздауыш корпустары - қосу беттерін шабрлау.

7. Ірі электр машиналарының қысқа тұйықталған роторлары – паздарын бұрғылау және тігу..

8. Синхронды машина роторлары – алдын ала сыналай отырып полюстерімен жинақтау.

9. Салқындатылатын турбогенератор роторлары – пазды сыналарын жеткеру.

10. Полюс өзекшесінің ұзындығы 1000 мм дейінгі ауыспалы ток магнитті ірі электр машиналары жүйесі - жолақтармен құрастыру, диаметрі мен адымын тексеру.

11. 13 габаритке дейінгі асинхронды электр қозғағыштары – жалпы құрастыру.

Б. Электр аппараттарын жасау

1. Жылдам қосылатын автоматтар – түпкілікті құрастыру және қосу механизмін реттеу.

2. Штурвалмен басқарылатын селективті автоматтар - құрастыру және механизмін реттеу.

3. Тиристорлық өзгерткіш блоктары - құрастыру.

4. Басқару әне таратып бөлу қалқантерінің блоктары мен тораптары - құрастыру.

5. Автоматты ажыратқыштар – түпкілікті құрастыру және реттеу, стендіде сынап калибрлеу.

6. Жетекті жылдам әсер ететін автоматты ажыратқыштар – түпкілікті құрастыру және реттеу.

7. Селенді және кремний диодты тіктеуіштер – құрастыру және блоктарды дәнекерлей отырып монтаждау.

8. Жылдамдату контакторлары - құрастыру және реттеу.

9. Автоматика, басқару және дабылдату панелі – құрастыру, толық монтаждау және реттеу.

10. Автоматтарға арналған босатқыштар - түпкілікті құрастыру және реттеу.

11. Ортадан тепкіш жарылыс қауіпсіз реле - бөлшектерін жеткере отырып құрастыру, сынау және реттеу.

12. Өздігінен қозу жүйесі – құрастыру және монтаждау.

13. Магнитті стансалар, магнитті кендік қосқыштар – шабақтау және реттеу.

14. Селективті автомат тораптары - құрастыру.

15. Вакуумді, сутегілі электр пештері – жалпы құрастыру және реттеу.